+2 дауыс
16.1k көрілді
Ақылды құмырсқалар туралы шығарма керек?

7 жауап

+1 дауыс

Сұрағыңыз қызық екен, мазмұндама деген бір шығарманың (мәтіннің) қысқаша мазмұны емес пе, яғни содан түсінгеніңіз. Ал, біз ол мәтінді қайдан аламыз екен.

0 дауыс

Ақылды құмырсқалар (мазмұндама)

Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы хикаяны естігенде ақжүрек адамдар: «Несі бар Алла сөйлетем десе құмырсқаны да сөйлете береді» деп күмәнсіз құлшылығын жасап жүре береді. «Құмырсқа сөйлеуші ме еді?» деп әрі-сәрі күйге түсіп, күмәннің кесірінен кеудесі тарылатын пенделер – дінге жеңіл қарайтын немесе дүние ғылы-мына есі кете ғашық болған жаңа қазақтар.

Ақыл деген – денеге егілулі дән,
Суғарылса, кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы
Көрген-білген нәрседен ғибрат алған.

ШӘКӘРІМ

«Орыс оқудың» әсері өтіп кеткендер Құран хикаяларын күліп отырып тыңдайды. Сондықтан да көңілі соқыр адамдар құмырсқаның тілін түсініп, онымен сөйлеспек тұрмақ, оның саналы тіршілігін де түсіне алмай жынды болады. Шындығында Ұлық Алладан тікелей хабар алып, Тәңірінің нұсқауымен жүріп тұратын жәндіктерге «орыс оқудың» қажеті шамалы. Сенбесеңіз, қазіргі заманның ғалымдары жылдар бойы зерттеп, ерінбей тапқан аз-маз шындықты әңгімелеп көрелік.

Ғалымдар құмырсқалардың ұйымдасып жұмыс жасау құпиясын түсіне алмай діңкелейді. Өте күрделі жұмыс атқаратын жәндіктер бойына туа біткен инстинкті реакциямен тіршілік кешеді дегенге бұл күні біз түгілі олардың өздері де сенгісі келмейді. Ғалымдар олардың жұмылып жұмыс жасау барысында аса қажетті ақпаратты қайдан алып, қалай оны бір-біріне тілсіз таратып отыратынын таба алмайды. Ашылмай тұрған ең үлкен құпия – ғылыммен жасалатын жұмыстарды іске асырғанда ақыл-ой, интеллектіні қайдан алады? Ақпарат қоймасы құмырсқаның қай жерінде сақталады? Cебебі оның жүйке талшықтары тым жіңішке һәм өте нәзік.

Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар. Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл-күйді сезініп, жұмыс барысында аянбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жай ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Гәп сонда – бұл жәндік алдына мақсат қойып, жоспармен жұмыс жасағанда алдына жан салмайды. Мысалы, құмырсқаның адам секілді қолға үйретілген «жуас үй жануарлары» болады. Оларды «құмырсқа сиыры» деп атайды. Орыстар «тлей» дейді. Асыранды «мини сиырлардың» денесінен тәп-тәтті шырын бөлінеді. Сол шырынды құмырсқалар негізгі ас-сусын ретінде ішіп, рақаттанып, мас болып жүреді. Сиырларды асырау үшін адам секілді олар да бақташы жасақтайды. Олар сиырды уақытымен тойдырып, сауып, бөпелерін тап-таза ас-ауқатпен асырайды. Сиырлардың емін-еркін жайылуына, өсіп-өнуіне кепілдік беретін құмырсқалар ішінен күзетшілер, қорғаушылар тобы іріктеледі. Жайылып жүрген тлейлерге тентек жәндік тиісетін болса, қарауыл құмырсқалар қырғын төбелесті бастап кеп жіберуге әмәнда дайын. Бақташылар міндеті тлейлерге құнарлы «жайылым жер» тауып беріп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонуын қамтамасыз етеді. Шаңқай түс болып, күн ысығанда оларға шөп-шаламнан қалқа құрастырып, көлеңке жасайды. Қар түсіп, күн суытса, ұрғашы сиырларды жып-жылы, құп-құрғақ мекен-жайға жайғастырады. Құмырсқалардың дені сау болып, ұрпағы жақсы дамуы үшін сиырдың баппен күтілімі ауадай қажет. «Сиыры» семіз болса, құмырсқа да күйлі. Сондықтан өз бетінше өсіп-өнетін «сиырға» қарағанда құмырсқалардың қарауында өскен тлей өте тез, әрі аман-сау көбейеді. Сондықтан тлей құмырсқадан қожайын тапса, бала-шағасына дейін шаттанысып, қуанады.

Құмырсқалар шашылып қалған шөп-шалам мен дәнді дақылдың бәрін ұқыппен жинап, ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтайды. Қоймадағы қызметшілер даладан жиылған әр алуан дәнек, шопақты тазалап, сұрыптайды. Жиналған астықты жемес бұрын қауызынан аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды. Біздіңше айтқанда диірменге тарттырады. Дастарханға жауапты аспазшы құмырсқалар ұнтақ ұнды сілекей суларына араластырып, қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады. Сондықтан тіршілік кепілі болған дәнді ұзақ мерзімге дұрыс сақтау үшін жанкешті еңбек етеді. Нөсер жауыннан соң «ас-ауқаттары» дымқыл тартып қалса дереу оларды далаға шығарып, кептіріп, құрғатып, ішке қайта тасиды.

Амазонкадағы құмырсқалар жемтік іздеп, «аңға» шыққанда алғашқы қауымдағы жабайы адам-дардың дәу мамонтты жарға жығып, жабылып жәукемдегенін еске салады. Бұл жәндіктер дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша жүздеген «мини жыртқыш» дөңкиіп жатқан «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап, осып, қидалап, боршалап, әп-сәтте түгін қалдырмай тасып әкетеді. Жоғарыда баяндалған жәндікке арналған әдіс сізге бір кездері Троя шаһарының түбіне жететін Пасейдонға арналған үлкен ағаш ат секілді елестеуі мүмкін. Бірақ құмырсқаның адамнан ақыл сұрамайтыны анық. Олай болса құмырсқаға бұл тәсілді үйреткен бір Құдіреттің барына таңғалмасқа шараң жоқ.

Тағы бір таңғаларлық жайт, амазон-калық құмырсқалардың басқа бір түрі. Амазонка ормандарында әр жерде жеке дара сойдиып тұрған биік бәйтерек кездеседі. Бірақ амазонканың жабайы тайпалары бұндай ағаштарды «шайтанның бау-бақшасы» деп атаған. Себебі бұл ағаштың маңайында орманның жын-перілері мекендейді деп ойлайды. Зайырлы елдің биолог, ботаниктері амазонка ормандарын зерттеп жүріп, әншейінде ит тұмсығы батпайтын ну орманда жеке-дара жайқалып тұрған дарақты көріп, таң қалады. Зерттеп көрсе, мұның құпиясы құмырсқада екен. Жалғыз ағаштың діңінде өмір сүретін құмырсқалар империясы айналасында қылтиып шығып келе жатқан басқа ағаштың көшеттерін у шашып, жөргегінде «буындырып өлтіреді». Ғалымдар бұл кереметті зерттемек үшін «шайтан ағашының» жанына әртүрлі талдың дәнін шашып, егіп шығады. Бар-жоғы бір тәуліктің ішінде құмырсқалар әскері тиген жерін күйдіріп, ойып түсетін өткір қышқылдарымен төбесі қылтиып, көгере бастаған балғын көшеттерді тып-тыйпыл жойып жіберді. Басқа алқапқа егілген көшеттер еш кедергісіз өсіп-өніп, жайқалып кете берді. Мұның себебін ғалымдар былай түсіндіреді. «Құмырсқалар өздері мекен етіп отырған ағашқа өзге дарақтар бақта-лас болмас үшін бөтен көшеттерді әлсіз кезінде аяусыз құртып отырады». Жунглидегі ең ежелгі, ең кәрі «шайтан ағашының» жасы сегіз жүз жылдан асып кеткен. Жыл сайын жаңарып отыратын құмырсқалар қауымы мың жыл бұрын ата қоныстарына айналған берекелі бәйтеректі жекеменшігіне айналдырып алған десе де болады.

Енді егінші құмырсқалар қауы-мының қызығына қанығалық. «Агро-ном» құмырсқалар құрамында калориясы өте жоғары белогы бар саңырауқұлақтың тұтас бір план-тациясын ұстайды. Бұл егінді өсіру үшін құмырсақалар ең бірінші талдың жапырағын турап, кесіп, бөлшектеп үйлеріне тасып алады. Бірақ жапырақты жемейді. Олардың асқазаны саңырауқұлақ жегенде ғана жұбанады. Сондықтан жер асты мекендерінде саңырауқұлақ плантациялары міндетті түрде жайқалып тұруы керек. Құдай сақтасын, алда-жалда жер астында жұт болып, егін шықпай қалса, барлық қауым үрім-бұтақ, зәузәт-жұрағатымен аштан қатады. Саңырауқұлақ өсетін құнарлы топырақты қолға түсіру оңай емес. Оның құнары мен құрамын реттеу үшін талдың төбесіне шығып, бұтақ, сабақтың арасында жүгіріп жүріп, жасыл жапырақты қырқып, төменге тасып алады. Жұмысшылар жағы талғанша жапырақ қидалап, турап, шайнап, майдалаған соң оларды өздерінің қи-нәжісіне араластырып илейді. Тыңайтқыштың иі қанған соң оған егін еге беруге болады. Әдетте бір жерге бидай, күріш, қауын, қарбыз қайта-қайта егіле берсе, топырақ эрозияға ұшырап, құнары құриды. Мұнда да дәл солай. Сол үшін жасыл плантацияны үнемі жаңартып отыруға тура келеді. Жаңа мекендегі плантацияның топырағы әбден дайын болғанда күллі қауымды басқарып отырған аналық құмырсқа саңырауқұлақтың тұқымын ұртына салып алып, шалқар көшті бастап, жер үстіне шығады. Көш көлікті болып, діттеген жерге келген соң, жаңа үйдегі жас плантацияға жас тұқым себіледі. Осылайша егіннің жаңа маусымы басталады. Бірақ мұнымен шаруа бітпейді. Еккен егінді зиянкестерден сақтап, қорғау керек. Әдетте кезкелген қолда өсетін егіннің өнімі оның даладағы жабайы түрінің өніміне қарағанда әлдеқайда көп болады. Есесіне жабайы егіннің жаулары аз болады да, керісінше қолда өсетін егінге құрт-құмырсқа, зиянкес, бактерия үйір болады. Адамдар өздерін бес мың жылдық өркениет тарихында егінін зиянкестен сақтау үшін неше түрлі айла-тәсіл ойлап тапты. Қазір де егінге арнайы дәрі шашып, күтіп отырмасаң күз келгенде банкрот болып, топырақтан картошка емес, қоңыз теріп кетуің демде. Ендеше арнайы егін егіп қана күн көретін құмырсқа зиянкестен қалай сақтанады? Таң қалатын түгі де жоқ. Олар егінін адамнан артық қориды. Әдетте саңырауқұлақтың қас жауы – аскомицетті паразиттер. Бұлар жайқалып тұрған плантацияға түсетін болса, аз ғана уақыт ішінде ас-ауқатты көгертіп, шірітіп, бұзып, айнытып жібереді. Бірақ құмырсқа да қарап жатпайды. Олар егіс алқабын ары-бері кезіп, жалқауланбай жіті бақылап, жүгіріп жүреді. Жылт еткен паразит тұқымын байқай қалса, сол арада шапшаң шара қолданып, «оңбағанның» тұқымын тұздай құртады. Американдық ғалымдар ерен еңбекпен осы құмырсқалардың зиянды паразитке қарсы қолданатын дәрісін зерттеп тапты. Жер астындағы супер агрономдар асқан ұқыптылықпен жасалған өте күшті антибиотикті пайдаланады. Ең қызығы, бұл дәрі зиянды паразитті ғана өлтіреді, ал саңырауқұлақ көшетіне еш залалы жоқ. Аналық құмырсқа плантация ауыстырып көшкен кезде дәрінің бактерияларын ауызға салып, тастамай алып жүретін болды. Әлбетте көптеген паразит улы дәріге үйреніп алған соң оған екінші мәрте уланып өлмейтін өнер ойлап табады. Бірақ құмырсқа да дәрісін жаңалап, жетілдіріп, құрамын ауыстырып, ата жауына сайланып дайын отырады. Әрбір қауым пайдалы бактерияның бірнеше түрін дайындап, қорда ұстайды. Зиянды паразит бірінші дәріге өлмей қалып, ары қарай егінді қиратып бара жатса, екінші түрін дереу қарсы қолдана қояды.

0 дауыс

Патша мен құмырсқа

Баяғы заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде патша өзінің әскерін ертіп аң аулауға шығады. Және шабармандарын жан-жақтағы құмырсқаларға, кішкентай жәндіктерге хабар айттыру үшін тездетіп жолға шығарады. Патша: “Барлық құмырсқаларға, құрттарға және басқа да кішкентай ақымақ мақлұқтарға «Он күн бойы індеріңнен шықпаңдар» деп ескертіңдер. Егер айтқанды тыңдамаса, онда менің атты әскерім оларды таптап өтеді” деген бұйрығын айтады. Барлық жәндіктер мен құрттар қатты қорқып індеріне тығылып, шықпай қалады. Тек құмырсқалар ғана патшаны өздерінің ауылдарында қарсы алмақ болып, індерінде тығылып отырмайды.
Уақыты келіп, патша өзінің әскерімен келе жатса, жолдарында жыбырлап жүрген құмырсқаларды көреді.
— “Мен бұлардың барлығына ескертпеп пе едім?! Менің айтқанымды тыңдамай сыртта жүргендері қалай?” деп сұрайды.
    Патшаның жанындағы қызметшілері абдырап, абыржып қалады. Біраз жер барып, патша өзінің нөкерлеріне “Құмырсқалардың патшасын алдыма алып келіңдер!” деп бұйырады. Құмырсқаның патшасы патшаның алдына келгенде патша:
— “Неге менің айтқаныма құлақ аспай, жолда қырсығып тұрып алдыңдар?” деп сұрайды.
— “О, тақсыр! Біз сізді ауылымызға шақырып, қонақ етпекші едік”- деп құмырсқаның патшасы жауап береді.
    Патша бұл жауапты естігенде мысқылдап күледі де:
— Әй, ақымақтар-ай! Ойлаңдаршы. Біз сендердің ауылдарыңа қонақ болдық делік. Сонда сендер бізді қалай тамақтандырмақсыңдар, қалай шөлімізді қандырмақсыңдар? Біздің әскеріміз бен аттарымыз көп. Ол жайлы ойландыңдар ма?
— “Ол жағына алаңдамаңыздар. Біз бәріміз жұмыла еңбек етсек, тауды да қопарып жіберуімізге болады”- дейді құмырсқаның патшасы.
— “Егер сендер ақылға қонымды сөз айтсаңдар, мен сенер едім. Бірақ сен бос сөзді айтып тұрсың” дейді киіздің үстінде жайғасқан патша.
— О, тақсыр! Сарбаздарыңызға аттан түсуді бұйырыңыз. Мен сіздерді өз үйімде қонақ қылып күтпесем, несіне құмырсқалардың патшасы болып жүрмін?!
    Бұл сөзге таңданған патша күліп жібереді.
— “Жарайды. Біз барамыз сендерге” - деп, аттағы сарбаздарына тездетуді бұйырады.
   Сонымен патша мен оның әскері құмырсқалардың арнайы тігілген шатырына келеді. Аттарды ат байлайтын орынға байлайды. Құмырсқалардың патшасы өзінің маңындағы құмырсқаларға нанның қиқымын, бір шөптің қиқымын және судың тамшысын әкелуді бұйырады. Бұйрықты тыңдаған құмырсқалар жан-жаққа кетіп, біраз уақыттан соң тапсырылған нан ұнтағын, судың тамшысын және аттарға арналған шөптің қиқымын алып келе бастайды. Содан біраз уақыт өткенде шатырдың алдында наннан тау жасалады, шөптен мая жасалады ал шұңқырға су толтырылып, патша мен оның әскері және аттары тойғандарынша тамақтанып, шөлдері қанғанша судан ішеді.
    Құмырсқалардың әрекетіне таң қалған патша өзін олардың алдында төмен сезінеді де, құмырсқаның патшасына сөзбен тиісуге тырысады. Патша:
— Әй, құмырсқалардың патшасы, сенің басың неге қазандай үлкен?
— Тақсыр, мүмкін ақылымның көп болғандығынан болар.
— Ал белің неге үзілейін деп тұр? деген патшаның сұрағына құмырсқалардың патшасы ақылдылығымен:
— “Әрбір қиын еңбектің алдында белімізді буып алып, содан соң кірісеміз, тақсыр. Міне, бүгін сіздерге қалай еңбек ететіндігімізді көрсеттік” - деп жауап қатады.
Құмырсқаның жауабына аузы ашылып қалған патша енді не сұрарын білмей абыржып тұрғанда уәзірі құлағына келіп сыбырлайды:
— Патша ием, сіздің ақылыңыз дариядай кең. Қалайша сөз таппай қысылып қалдыңыз? деп әдейі сұрайды. Сонда патша көзін төмен қаратып:
— “Даналық сөз тек қана ақымақтарды ғана масқаралайды. Мен доғардым.” деп, атына міне жөнеледі. Бара жатқан аңшылығы іске аспай қалады. Өйткені масқара халге түскен патша әскерін ертіп еліне қарай шаба жөнеледі.
    Міне, осылайша өзін ең ақылды санаған ақымақтың беті ашылып, ұятсыздығы мен ақымақтығы әшкере болады. “Ақыл жаста емес, баста”, – деп тегін айтылмаған. - See more at: http://balalaralemi.kz/article/915/Patsha-men-qumyrsqa#.VpPzsPmLTDc

0 дауыс

Ғалымдар құмырсқалардың ұйымдасып жұмыс жасау құпиясын түсіне алмай діңкелеуде. Өте күрделі жұмыстар атқаратын жәндіктерді бойларына туа біткен инстинктивті реакциямен тіршілік кешеді дегенге бұл күндері біз түгілі олардың өздері де сенгісі келмейді. Ғалымдар олардың қажетті ақпаратты қайдан алып, қалай оны бір-біріне тілсіз таратып отыратынын таба алмайды. Ашылмай тұрған ең үлкен құпия – ғылыммен жасалатын жұмыстарды іске асырғанда ақыл-ой, интелектіні қайдан алады? Ақпарат қоймасы құмырсқаның қай жерінде сақталады?Cебебі оның жүйке талшықтары тім жіңішке хәм өте нәзік. Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар.

Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл күйді сезініп, жұмыс барысында айанбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жәй ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Гәп сонда бұл жәндіктер алдарына мақсат қойып, жоспармен жұмыс жасағанда алдарына жан салмайды. Мысалы, құмырсқалардың адамдар секілді қолға үйретілген «жуас үй жануарлары» болады. Оларды «құмырсқа сыйыры» деп атайды. Орыстар тлей дейді. Асыранды «мини сиырлардың» денесінен тәп-тәтті шырын бөлінеді. Сол шырынды құмырсқалар негізгі ас-сусын іретінде ішіп, ырақаттанып, мас боп жүиді.

Сыиырларды асырау үшін адамдар секілді олар да бақташылар тобын жасақтайды. Олар сиырларды уақытымен тойдырып, сауып, бөпелерін тап-таза ас-ауқатпен асырайды. Сиырлардың емін-еркін жайылуына, өсіп-өнуіне кепілдік беретін құмырсқалар ішінен күзетшілер, қорғаушылар тобы іріктеледі. Жайылып жүрген тлейлерге тентек жәндіктер келіп тиісетін болса қарауыл құмырсқалар қырғын төбелесті бастап кеп жіберуге әманда дайын. Бақташылар міндеті тлейлерге құнарлы «жайылым жер» тауып беріп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонуын қамтамасыз етеді. Шаңқай түс болып, күн ысығанда оларға шөп-шаламнан шәйлә құрастырып, көлеңке жасайды. Қар түсіп, күн суытса ұрғашы тілейлерді жып-жыл, құп-құрғақ мекен-жайға жайғастырады. Құмырсқалардың дені сау болып, ұрпағы жақсы дамуы үшін сиырлардың баппен күтілімі ауадай қажет. Тлейлер семіз болса құмырсқалар да күйлі. Сондықтан да өз беттерінше өсіп-өнетін тлейлерге қарғанда құмырсқалар қарауына өткен тлейлер өте тез, әрі аман-сау көбейеді. Сондықтан тлейлер құмырсқалар қарауына өткен кезде бала-шағасына дейін шаттанысып, қуанады.

Құмырсқалар шашылып қалған шөп-шалам мен дәнді дақылдың бәрін ұқыппен жинап, теріп ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтайды. Қоймадағы қызметшілер даладан жиылған әралуан дәнек, шопақтарды тазалап, сұрыптайды. Жиналған астықты жеместен бұрын оларды қауызынан аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды. Біздіңше айтқанда диірменге тарттырады. Дастарқанға жауапты аспазшы құмырсқалар ұнтақ ұнды сілекей суларына араластырып, қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады. Сондықтан тіршілік кепілі болған дәндерді дұрыстап, ұзақ мерзімге сақтау үшін жанкешті еңбек етеді. Нөсер жауыннан соң «ас-ауқаттары» дымқыл тартып қалса дереу оларды далаға шығарып, кептіріп, құрағатып, ішке қайта тасыйды.

Амазонкадағы құйтақандай құмырсқалар жемтік іздеп, «аңға» шыққанда алғашқы қауымдағы жабайы адамдардың дәу мамонтты жарға жығып, жабылып жәукемдегенін еске салады. Бұл жәндіктер дене тұрқы өздерінен екі, үш есе үлкен жәндіктерді қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Үлкен-үлкен өсімдіктердің жапырақтарының талшықтарын қиып алып, олардан кішкене іші қуыс үйшік жасайды. Үйшікті өсімдіктің ыңғайлы жеріне құрастырып болған соң ішіне көптеген жауынгерлер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқалар бастарын ғана қылтитып, жемтігін шақырады.

Әлгі жердегі өсімдікті шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыздар ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлады. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде, қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіттер не болғанын түсінбей тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі пақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырысқа уына шыдас бермей ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып жұмғанша жүздеген «мини жыртқыштар» дөңкиіп жатқан «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап, осып, қидалап, боршалап, турап, әп-сәтте дымын қалдырмай тасып әкетеді. Жоғарыда баяндалған жәндікке арналған әдіс сізге бір кездері, Троя шаһарының түбіне жететін, Пасейдонға арналған үлкен ағаш ат секілді елестеуі мүмкін. Бірақ құмырсқаларды адамнан ақыл сұрамайтыны анық. Олай болса құмырсқаларға бұл тәсілді үйреткен бір құдіреттің бар екен анық.

Тағы бір таңғаларлық жайт, амазонкалық құмырсқалардың басқа бір түрі. Амазонка ормандарында әр жерде жеке дара сойдыйып тұрған биік бәйтеректер кездеседі. Бірақ амазонканың жабайы тайпалары бұндай ағаштарды«шайтанның бау-бақшасы» деп атаған. Себебі бұл ағаштың маңайында орманның жын-перілер мекендейді деп ойлайды. Зайырлы елдің биолог, ботаниктері амазонка ормандарын зерттеп жүріп, әншейінде ит тұмсығы батпайтын ну орманда жеке дара жайқалып тұрған дарақтарды көріп таң қалады. Зерттеп көрсе, құпиясы құмырсқада екен. Жалғыз ағаштың діңінде өмір сүретін құмырсқалар империясы айналасында қылтиып шығып келе жатқан басқа ағаштардың көшеттерін у шашып жөргегінде «буындырып өлтіреді». Ғалымдар бұл кереметті зерттемек үшін «шайтан ағашының» жанына әртүрлі талдың дәндерін шашып, егіп шығады. Бар жоғы бір тәуліктің ішінде құмырсқалар әскері тиген жерін күйдіріп, ойып түсетін өткір қышқылдарымен төбесі қылтиып, көгере бастаған балғын көшеттерді тып-типыл жойып жіберді. Басқа алқапқа егілген көшеттер еш кедергісіз өсіп-өніп, жайқалып кете берді. Мұның себебін ғалымдар былай түсіндіреді. «Құмырсқалар өздері мекен етіп отырған ағашқа өзге дарақтар бақталас болмас үшін бөтен көшеттерді әлсіз кезінде айаусыз құртып отырады». Жунглидегі ең ежелгі, ең кәрі «шайтан ағашының» жасы сегіз жүз жылдан асып кеткен. Жыл сайын жаңарып отыратын құмырсқалар қауымы мың жыл бұрын ата қоныстарына айналған берекелі бәйтеректі жекеменшіктеріне айналдырып алған десе де болады.

Енді егінші құмырсқалар қауымының қызығына қанығалық. «Агроном» құмырсқалар құрамында калориясы өте жоғары белоктары бар саңырауқұлақтың тұтас бір плантациясын ұстайды. Бұл егінді өсіру үшін құмырсақалар ең бірінші талдың жапырағын турап, кесіп, бөлшектеп үйлеріне тасып алады. Бірақ жапырақты жемейді. Олардың құйтақандай асқазандары саңырауқұлақ жегенде ғана жұбанады.

Сондықтан жер асты мекендерінде саңырауқұлақ плантациялары міндетті түрде жайқалып тұруы керек. Құдай сақтасын алда-жалда жер астында жұт болып, егін шықпай қалса барлық қауым үрім-бұтақ, зәужәт-жұрағатымен аштан қатады. Саңырауқұлақ өсетін құнарлы топырақты қолға түсіру оңай емес. Оның құнары мен құрамын реттеу үшін талдың төбесіне шығып, бұтақ, сабақтың арасында жүгіріп жүріп, жасыл жапырақтарды қырқып, төменге тасып алады. Жұмысшылар жақтары талғанша жапырақтарды қидалап, турап, шайнап, майдалаған соң оларды өздерінің қи, нәжістеріне араластырып илейді. Тыңайтқыштың иі қанған соң оған егін еге беруге болады. Әдетте, бір жерге бидай, күріш, қауын, қарбыз қайта-қайта егіле берсе топырақ эрозияға ұшырап, құнары құриды. Мұнда да дәл солай. Сол үшін жасыл плантацияны үнемі жаңартып отыруға тура келеді. Жаңа мекендегі плантацианың топырағы әбден дайын болғанда күллі қауымды басқарып отырған аналық құмырсқа саңырауқұлақтың тұқымын ұртына салып алып, шалқар көшті бастап, жер үстіне шығады. Көш көлікті болып, діттеген жерге келген соң, жаңа үйдегі жас плантацияға жас тұқымдар себіледі. Осылайша егіннің жаңа маусымы басталады. Бірақ мұнымен шаруа бітпейді.

Еккен егінді зиянды паразиттерден сақтап, қорғау керек. Әдетте кез-келген қолда өсетін егіннің өнімі оның даладағы жабайы түрінің өніміне қарағанда әлдеқайда көп болады. Есесіне жабайы егіннің жаулары аз болады да керісінше қолда өсетін егінге құрт-құмырсқа, паразит, бактериялар үйір болады. Адамдар өздерін 5 мың жылдық өркениет тарихында егіндерін паразиттерден сақтау үшін неше түрлі айла-тәсіл ойлап тапты. Қазір де егінге арнайы дәрі шашып, күтіп отырмасаң күздің күні банкрот боп, топырақтан картошка емес, қоңыз теріп кетуің демде. Ендеше арнайы егін егіп қана күн көретін құмырсқалар зианды паразиттерден қалай сақтанады? Таң қалатын түгі де жоқ. Олар егіндерін адамдардан артық қориды. Әдетте саңырауқұлақтың хас жауы – аскомицетті паразиттер. Бұлар жайқалып тұрған плантацияға түсетін болса аз ғана уақыттың ішінде ас-ауқатты көгертіп, шірітіп, бұзып, айнытып жібереді. Бірақ құмырсқалар да қарап жатпайды…

0 дауыс
неге еш жерде акылды кумырска деген мазмундама жок
0 дауыс
Акылды кумырка кайда?
0 дауыс
неге акылды кумырскалар жок мыналар баскаша
...