0 дауыс
15.0k көрілді
Бұрынғы сақтар үшке бөлінген олар:парадайа,тиграхауда,хаомаварга. Жəнеде Қазақтарда үш жүзге бөлінді. Неліктен? Айырмашылығы неде?

1 жауап

0 дауыс
Қазақ хандығының үш территориялық-әкімшілік аймаққа, яғни үш жүзге: Ұлы жүз - Ақарыс, Орта жүз - Жанарыс, Кіші жүз - Бекарыс болып  бөлінуі сан ғасырлардан бері жалғасып келеді:
1. «Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

         Ұлы жүз тайпалары: 1. Сарыүйсін, 2. Шапырашты, 3. Ошақты, 4 Ысты, 5 Албан, 6 Суан, 7. Дулат, 8. Сіргелі, 9. Қаңлы, 10. Жалайыр, 11 Шанышқылы.

         Орта жүз тайпалары: 1. Арғын, 2. Найман, 3. Қыпшақ, 4. Қоңырат, 5. Керей, 6. Уақ.

         Кіші жүз тайпалары: 1. Байұлы, 2. Әлімұлы, 3. Жетіру.

         Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).


2.  Осы үшке бөліну ежелгі тарихшы Геродоттың еңбегінде де бар. Оның айтуынша скифтердің (қыпшақ-қазақтардың М.Қ.) атасы Тарғытай 3 баласына өз иелігіндегі жерлерді бөліп берген.

        3.  «Б.ж.с. дейінгі 2 ғасырда һұндердің жасаған жорығынан кейін, сақ (қазақ) тайпалары мекендеген өңірде үш ірі тайпалық одақ, үйсіндердің, қаңлылардың және аландардың (алаш) тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңірлерде қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, солардың атымен аталатын болды» («Қазақтың көне тарихы». 58 бет).        
4.  2 ғасырдың екінші жартысында Сәнби тәңірқұты Таңшықай өз мемлекетінің құрылымын Мөденің үлгісімен жасап, өз жерін үшке бөлді: шығыс, орта және батыс аймаққа. Оның әрқайсысына ел ағаларын тағайындады. Сәнбилердің кім екенін Л. Гумиловтың сөзімен жалғастырсақ «Сәнбилер дегеніміз моңғолдар (Мұңалдар М.Қ.) еді, олар жеке тек ретінде хұндармен бірге жаралды да, бір толғақтан пайда болды.... 155-181 жылдардың арасында талантты ел көсемі Таңшықайдың тұсында қазіргі Монғолияның жерін өзіне қаратты және 177-жылы Ұлы даланы басып алуға ұмтылған қытайдың үш армиясының тас-талқанын шығарды». (Тұрсын Жұртбаев. Дулыға 2. 23-24 беттер).

        5.  «Жорықта жүріп шыныққан Руғила (Еділ-Аттиланың әкесі) патша үш ағайынды еді. Ақтар мен Мыңзық қос қанаттағы, өзі ортадағы әскерді басқарды». ...«Алман (герман) тайпалары да гот, шығыс гот, оңтүстік гот болып үшке бөлінген». ...«Түрік қағанатының дәстүрі бойынша әскер үшке бөлінетін. Қос қанатқа тек хан тұқымынан тараған ханзадалар әскербасылық ететін де, ортадағы жасақ тікелей қағанның өзіне бағынатын». (Т.Жұртбаев «Дулыға-2» 50. 151 беттер).

        6.  «...Шыңғыс, император, оңтүстікке бет бұрған билеуші», әскер мен ел басқаруды үш бөлікке бөлді: екі «қанат» - оң қанаты, Бауыршының басшылығындағы Алтайға жанасқан барыңғар және сол жақ қанаты, «го-ван» - «мемлекет князы» деген атақты иелденген Мұқалының басшылығындағы шығысында Цзинь империясымен жанасқан жоңғар. Орталық қараның – үшінші әскер тобының басшысы болып, Наяа тағайындалды» (І.Есенберлин. «Шыңғысхан әлем сілкіндірушісі» 56 бет). «149. Шыңғыс хан әмір етеді. «Қай жақтан нендей бір жау келуі мүмкін. Менің тоғыз сайытым үшке бөлініп жүріңдер!» («Моңғолдың құпия шежіресі» 80 бет).

        7.  «Кейінірек Шыңғысханның тақ мұрагері Жошы ұлысы да, оның екінші ұлы Берке ханның кезінде үш ордаға бөлініп, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталып, Алтын орданың ұлы ханы Берке ханға бағынып тұрған. Ол жайлы Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деп жазды: «Шыңғыстың үлкен баласы Жошыхан өлген соң оның орнына Бату Жошы баласы хан болды. Оны орыстар Батый дейді. Ал лақап аты Сайын хан еді. Оның орыс жұртын қаратып алғаны 1241 жылы. Батудан соң інісі Бүрге хан болды. Жошыдан бұрын Еділ-Жайықта қыпшақ атанып тұрған түріктер бар еді. Бүрге хан үш ордаға бөлініп, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда – бәрінің үстінен Алтын ордадағы Бүрге хан билеп тұратын. Ақ ордаға Жошының Шибан деген баласы, бер жақтағы тамам көшпелі ел Көк орда атанып, оған Жошының Тоқай Темір деген баласы хан болды. Біздің Әбілмансұр – Абылай хан осы Тоқай Темір нәсілі.
...