+1 дауыс
4.7k көрілді
Қазақтар қайда барса бір-бірінін жүзін руын сұрап жатады. Жалпы сіз үшін ол дұрыс па. Біреулердің ойларынша жүзге бөлінген дұрыс, өз ата-бабаң жайында біліп отырасың дейді. Ал біреулері руға бөліну арқылы қазақтар бірліктен айырылады, ынтымақ жоғалады деп жатады. Сіздердің ойларыңыз қандай? (Өз руларыңызды жаза кетіңіздер) Алдын ала алғысымды білдіремін)))

15 жауап

+2 дауыс
- Бұрыңғы кезде ата-бабаларымыз қан тазалығын сақтап қалу үшін, руға...жүзге бөліп кеткен. 7 атадан асып барып, балаларын үйлендірген.
Менің ойымша, тек сол үшін және қай тектен екеніңді білу үшін, өз РУЫҢДЫ, 7 АТАҢДЫ білу керек!
Ал руға, жүзге бөлініп, дау-дамай тудырып, ұрысып-керісу дұрыс ЕМЕС!!! Бәріміз -ҚАЗАҚПЫЗ!!! Ең бастысы - осы!
Жауабыңызға рахмет. Еліңіз не?
Ұлы жүз - Жалайырмын! Ең бастысы - ҚАЗАҚПЫН!!!
+1 дауыс
Өзім тура қараймын, басқаша айтқандарды ірткі салушылар деп ойлаймын.
Жауабыңызға рахмет. Еліңіз не?
Ұлы жүз, Үйсін, Ошақты, Аталық.  Тараз қаласынан.
Тараздық болғандықтан жерлес екенбіз. Қазақ хандығын үйсіндер әулеті мен қыпшақтар әулеті бірігіп құрған ғой.
+2 дауыс
Негізгі тарихта ынтымақты кетіру үшін қазақты руға бөлген ол қазақтардың өзіне-өзін айдап салу үшін шағыстыру үшін бөлген дейді.   негеізі руға бөлінген дұрыс қой біліп отырасын ата-бабаларыңды,дегенімен 1 бума шыбықтан1 тал шыбықты сындыру оңай ғой сондықтан руды білу керек бірақ ол рудың бәрі ҚАЗАҚ аталарынан шыққанын ұмытпау керек менің РУЫМ СИҚЫМ
+3 дауыс
" Ата-Бабалар өтседе,
Қазағым қалған қазақ болып.
Тамырын жұла алмаған тарихтағы сан-мың жорық
Пайғамбардың жолын ұстап, жай жетеміз құдайға анық
Тектілерден бастау алған казак атты халық
Бөлінсекте сан руға жатамыз әлбетте танып
Атам қазақ руға бөлінген,
 Кетпес үшін лайланып
Қанымыз бен тәніміз" -
Осы өлең жолдарында айтылғандай  қан мен жан тазалығы үшін руға бөлінген дұрыс та шығар. Менің руым Найман.
+2 дауыс
Менің өзіме руға бөлінген ұнайды. Қайда барсам туыстарымды іздеп жүрем, және осы жақтан да соны білу үшін жазып отырмын. Орта жүздің беделді руларының бірі: ҚЫПШАҚтар бар ма екен???!!!!(rock)
БейТанЫс ҚыЗ МенДе ҚЫПШАҚПЫН!!!Тараздың қай жеріненсіз?
мен де қыпшақпын
0 дауыс
Қанымыз лайланып кетпеуі үшін әрине руға,жүзге бөлінеміз.Бірақ сенің руың Адай мақтаншақ болдыңғо,,Сенікі Себеп бозай болдыңғо,әйтеуір сүйтіп ұрысып-керісудің қажеті жоқ.Тек өз руыңды біліп жүрсең болды.Менің руым АДАЙ
0 дауыс
Қазақта "Руға бөлінгеннің рухы сынсын,жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" деген.Дегенмен әркім өзінің щыққан тегін білуі міндетті.Менің руым-Кіші жүз.Он екі ата-Бай ұлы-Қызылқұрт
0 дауыс
Әрине дұрыс қой, айтпесе қан бұзылып кетеді, балалары кеміс болып туылады. Өзге ұлт өкілдерінде руға бөліну көп жоқ, мүлдем жоқ деп айтсақ да болады. Сондықтан жүзге, руға бөлінгенге мен келісемін. Менің руым Кіші жүз-->Байұлы-->Беріш-->Есенғұл-->Кейкі
+1 дауыс
Сырт шетел адамның көзімен қарасаң, олар үшін дұрыс болуы мүмкін.
Қазақтың қан тазалығы , патриоттылығы тұрғысынан қарасаң, дұрыс болуы мүмкін.
Қазақтың ауызбіршілігі тұрғысынан қарасаң, дұрыс емес деп ойлаймын.
0 дауыс
Бұл жерде сіздер айтып отырған мәселенің екі ұшы бар Біріншісі дұрыс екіншіс бұрыс. Дұрыс жағы ҚАЗАҚТАРДЫҢ жүзге, руға бөлінгенін материалдық жағынан қарасақ ол қанның(ГЕННІҢ) тазалығын сақтау үшін құрылған ҚАЗАҚ ұлтының өзіне ғана тән жүйесі. Ал екінші бұрыс жағы қазіргі біздің ұрпақтарымыздың өзара руға, жүзге бөлініп кей жерлерде қырқысып қалуы. Бұл қазақтың тәрбие жүйесінің дұрыс қалыптастыра алмаған отбасынан шығатын ұрпақтың ісі деп деп ойлаймын. Сондықтан айтарым қазіргі уақытта барлық телерналар,БАҚтар таласа қазақ тілі деген мәселеніде көтеріп жатыр одан шығып жатқан нәтиже шамалы. Менің ойым Атам Қазақ айтқандай \"Отан отбасынан басталады\" сондықтан әрбір отбасы қазақ тілінде сөйлеп, қазақша тәрбиені дұрыс берсе ондай мәселенің алдын алар едік. ҚАЗАҚТАР осы айтқанымдай ҰРПАҒЫМЫЗДЫ қазақша тәрбилейік!!! Сонда ғана руға, жүзге бөліну деген мәселе туындамайды.Бірлігі берік ұрпақ ЖАҚСЫ тәрбиенің жемісі!
0 дауыс
Мен жалпы руға, жүзге бөлінгенді дұрыс емес деп ойлаймын.
ертең осы күнгі бөлінудің арқасында айрандай ұйып отырған еліміздің тұрғындарының арасна іріткі түспесіне кім кепіл бере алады?

Руға бөлінгендер - өлуге асыққандары,
жүзге бөлінгендердің жүзі қара - демеп пе еді, атам қазақ.

мен ҚАЗАҚПЫН! ЖӘНЕ ДЕ МЕН РУҒА, ЖҮЗГЕ БӨЛІНБЕЙМІН, ТҮБІ БІР ТУЫСҚАНДАР ЕМЕСПІЗ БЕ?!
+1 дауыс
Ақын Мұхаммеджан Тазабеков бір өлеңінде,
                                                   Шоу қарға, құзғын қарға, қара қарға,
                                                   Үш жүзге бөлінеді қарғаларда.
                                                    Бір-бірінің көзін бірақ шұқымайды,
                                                    Қатарласып қонсада жардан-жарға,
                                                     Қарға екеш қарғалардың ынтымағын,
                                                     Қазаққа нәсіп етсе арман барма? - деген екен. Үш жүзге бөлініп қажет емес. Үш жүзге бөлінгенше бәріміз қазақ екенімізді, Көк Түріктің ұрпағы екенімізді мақтан етейік.
0 дауыс
Негізі руға, жүзге бөліну бір жағынан қан тазалығы үшін болса, екінші жағынан әскери стратегия үшінде болды депте ойлаймын. Өйткені қазақтың бұл кезде жан-жағынан анталаған жау көбейді. Шығыстан қытай мен жоңғар, батыстан татарлар мен орыс казактары, оған қалмақтарды тағы қосыңыз. Солтүстіктен Ресей саясатын күшейте бастады. Оңтүстікте Бұхар, Хиуа, Қоқан хандықтары күшейіп, қазақтың жерлеріне көз тікті. Жүзге бөлу осы әскерді бақарудан, сыртқы жаудан қорғанудан болды деп ойлаймын. Әр жүздің өз ханы болған. Ол хандар Ұлы ханға бағынған. Бірақ келе-келе бұл өз ішіндегі бытыраңқылыққа алып келді. Оған себеп ұлы ханның қайтыс болуы, жүздердің хандарының жеке дара билікке ұмтылуы... Ендігі жерде тек өз шыққан тегімізді, руымызды ұмытпасақ болғаны. Ең бастысы алаштың ұрпағы қазақ емеспізбе.... Ал мен Орта жүз Найманмын.  
Ринго тобы айтатын мына Толғау өлеңі есіме түсіп кетті.
Арманда арман арман жок,
Алланың нұры тамған жұрт.
Сабира сағым көшкен жұрт,
Қырықтың бірі қонған жұрт.
Отырар болып қорғанып,
Түркістан болып қонданып,
Алтын-ай қымбат аймаққа,
Алтын Орда болып орнады.
*Ұлы жүз* болып қауғалып,
Ұлы бір өрттей қаулағып,
*Орта жүз* болып қаланып,
Ел намысын дауланып,
*Кіші жүз* болып күрестік.
Табансызбен тірестік,
Киелі байрақ қағалып,
Ел бірлігін сонда анық.

Көп түр болып жұмылып,
Көк пар болып ұлытып,
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйды жылылық.
Күлтегін болып көз жұмып,
Түкті болып қайта тіріліп,
Көк алмас қылы жүзіндей,
Жарқырай беріп ұлылық.

Қабанбай болып ақырып,
Абылайлап аруақ шақырып,
Бөгенбай болып шүйлікті,
Жанардан жаныл атылып,
Райымбек болып айбатқып,
Қарасай болып қайратқып,
Махамбет бей жүрменен,
Сенімен жаудың жайратып.
Таптатып жерге ізгәрді,
Жүрегіміз сызданды,
Жалынды жапқан қазақпыз,
Желтоқсандағы ызғарды.
Бүгінгі жайды тыңдасаң,
Бақыттың елін зор қандай,
Ғұмырың мәңгі жалғасар,
Жолыңды алла оңғарар.

Көп түр болып жұмылып
Көк пар болып ұлытып
Көк жүзі нұрлы сәуле боп
Көк тасқа құйды жылылық
Күлтегін болып көз жұмып
Түкті болып қайта тіріліп
Көк алмас қылы жүзіндей
Жарқырай беріп ұлылық.........
0 дауыс
Медицинада генетика деген ғылымбар сол генетика дамымай тұрғанда біздің қазекеңдер қан тазалығын сақтауды білген. қазіргі таңда заңды және заңсыз түрде біздін елімізден шетелдіктер коптеп бала асырап алуда және де қазақтан қыз алысу көбейіп бара жатыр бұлда сонын бір себебі болса керек
0 дауыс
Бөлінгенді бөрі жейді деп айтамыз ғой.Бірақ біздің қазақтар ешкашанда бөлінбеген. Жүздер рулар тек қана ауызбен айтылатын дүние.Ол тек қанымызды білдіреді.
...