Тарих, Заман | 2.2k қаралды
2.2k қаралды
Сунақ деген жүзге жатпайтын ру бар, сол жайлы толық ақпарат бере аласыздар ма?

2 жауап

[Сунақ!!!!!!!!!!!!!""][1]


  [1]: http://www.kozhalar.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=14:sunak&catid=1:akkorgandyk&Itemid=9

Сунақ руының шығу тегі Һысамиддиннен (Сұнақ-атадан) тарайды. Арғы тегі Абу Бакр Сыддықтан басталады. Сунақ-ата шамасы 1080-1160 жылдардың арасында өмір сүрген. Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болған, әулие, «Нихая» кітабының авторы. Сунақтардың ұраны қожалармен ортақ «Қожа Ахмет Иассауи». Қожалар мен Сунақтар бір топқа жатады. Сунаққорған аймағына алғаш келген ислам миссионарлері «Өздерінің – идеялық ұраны ретінде «Құдай бір, пайғамбар хақ, сунна – ақ» деп жариялап, көп құдайға табынушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізген». Осыған байланысты бұл қағиданы таратушы адамды Суннит демей «Сунна – ақ» деген арқылы «сунақ» дей жүріп, халық арасында олар осылай аталып кеткен».

Тарихта кеткен шатастырулар

Сунақ қаласында тұрған бір шейхтың атына 1598 жылы Абдолла ханнан берілген вакуфтік құжатта: «Мазар Абул-Хасан Зиаад-дина шейха Сыгнаки» деп көрсеткен. Осы адамның атына 1634 жылы «Обейдуллах-хан» - нан берілген құжатта «Абу-л-Хасан Зиа-а-дин Сахиби Нихая Сыгнаки» деп жазылған. Осы Шейх Зиааддинді молда, сопы сияқты кейбір діни атымен «Сыгнаки» деген жердің атының ұқсастығы бойынша зерттеушілер 1105-1166 жылдары өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болып істеп, өмірінің соңғы кездерінде Сунақ қаласында өмір сүріп сонда қайтыс болған Һысамиддинмен (Сұнақ-ата) шатастырып, хандар берген вакуфтердегі Зиааддинді осы атағы шыққан Сунақ-ата болуы мүмкін деп жорамалдаған. 1892 жылы құрылған Түркістан үйірмесінің археология әуесқойларының бұл қателігі 1977 жылы Қазақ кеңес энциклопедиясында да қайталанып кейбір тарихшылар осы ұғымды пайдаланып келеді. Осы Кеңес энциклопедиясында сунақтар туралы зерттеудің аздығын ескертсе де, ілгерідегі вакуфтік құжаттарға сәйкес Зиааддин шайхқа жер беруіне байланысты, әулие осы адам, Сунақ-ата осы кісі деп қате болжау жасау арқылы сунақтарды Зиааддиннен тараған деген теріс ұғым берген. Сунақ қаласында өмірінің жас шағы мен соңғы кездерінде өмір сүріп, кейбір мерзімді уақыттарда ғана осы қалада болып тұрған Һысамиддинмен (Сунақатамен), Сунақатадан біраз ғасырдан кейін осы қалада тұрақты өмір сүрген Зиааддинді бір адам болуы керек деп шатасқан. Тарихтағы толық аттары, біріншісінің: - Алла – Уммей Хисамутдин Сахиби – Нихая (Һысамиддин, Асамиддин, Талламан Сакнакия, Сунақ-ата), екіншісінің толық аты – Қожа Хазірет, Аллама Абу-л-Хасан Зиа-ад-дин шейх Сыгнаки (Абу-л-Хасан Зиа-ад-дин Сахиби Нихая Сыгнаки).

Тарихшылардың Сунақ-атамен басқа белгілі тұлғалармен шатастыруы Сунақ қаласынан шыққан тарихта аты белгілі ғалымдар да бар. Олар XIII ғасырда өмір сүргендер. Мысалы, осы қала мен Орта Азиядан шыққан алты ғалымның төртеуінің аты Һысамиддинге, яғни Сунақ атаға ұқсас. Әбсаттар Дербісәливтің айтуы бойынша (Жұлдыз, 1991, №11, 161-164-б.) олардың біріншісінің аты «Әл-Хусейн бин Әлибин Хаджджадж ас-Сыгнаки деп жазылса, А. Ю. Якубовский оның Әл-Хусейн атты есімінің алдына Хусам ад-дин деген тағы бір атты қоса көрсеткен»; екеншісінің аты-«Умар Әл-Ахсикати Кусам ад-дин», үшіншісінің – «Хусам ад-Дин әл-Хасан бин әл-Хусайын; төртіншісінің аты-«Хисамеддин Сыгнаки». Ә. Дербісәлиев бұлардың бірінші аттарын өз аттары, екіншісін-әкелерінің, үшіншісін-бабаларының аттары, Сыгнаки – осы қаланікі екендігін білдіреді деп жазған. Сунақ-атаның өз аты Һысамиддин, ал толық шежіресі мынадай:

Сунақтардың шығу тегін уақытқа байланысты Әбу Бәкірдің туған жылынан (572 жылдан) санау керек. Арабтардың есебі бойынша бір атаға 30 жыл берсе, кейбір ғалымдар бір ғасырға үш атадан санаған. Сондықтан 1993 жылы ұрпақ 43-47-ші ата болу керек.  Сунақ руы бес атадан тұрады: Қайғақ, Бессары, Аташ, Қалмырза, Тоқпан, Сиық аталар.

______________

Сунақтар және Сунақ қаласы. Алматы «Ғылым» 1996 ж. Ж.Е. Ержанов.

Сунақ

Әбу Бәкір Сыддық (572—634 жж.),

Әбділла Сұлтан Мұхаммат,

Әзрет Ақсұлтан,

Сұлтан Қасым,

Сұлтан Кәһап,

Сұлтан Мәуліт,

Мүлки-ша,

Шабур Мәлік,

Сүлеймен Мәлік,

Мәнсүр Мәлік

Піржан Мәлік,

Әбділ Мәлік,

Қайсар Мәлік,

Қаюм Мәлік,

Әбділлә Мәлік,

Ғисамиддин (Сунақ ата) 1132 – 1199 жылдар.

Бұл әулет Сиық ата балалары, Қайғақтық ата ұрпақтары, Қалмырза -Тоқпан ұрпақтары, Аташ ата балалары, Бессары балалары болып бес атаға бөлінеді.

Скендір Құдияров нұсқасы. Сунақтар шежіресі. Атамұра. Алматы, 1995.

Сығанақ қаласында ғұмыр кешкен, Ислам әлеміне белгілі болған Ғисамуддин ал-Сығнақи осы әулеттен. Сонымен қатар исламдық шариғат жолдарының білгірі, айтулы ғалым Әбу-Лайс Самарханди осы әулеттің көш басшысы.

_____________

118,551 сұрақ
305,740 жауап
153,303 пікір
68,176 қолданушы