+2 дауыс
26.7k көрілді
Менің руым Қырғыз Бірақ руыма байланысты  дұрыс мәліметтер  білмеймін  Қырғыз деген ру қай жүзге жатады? жәнеде ол жайлы не білесіздер?

14 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Кіші жүздің Алаша руында Қырғыз деген аталық бары рас. Ал жалпы алғанда қазақтың жүздер шежіресін алғанда жүзге кірмейтін рулардың (Төлеңгіт, Сунақ т.б.) қатарында да Қырғыз руы кездеседі. Кіші жүздің Қырғызы мен бұл Қырғыз екеуі екі бөлек. Бертінде ХVI-ХVII ғ. Енесей бойынан Қырғыздардың қалған бөлігі Ала-Тооға ауғанда кей тайпалары Қазақтардың жерінде қалып, сіңісіп кеткен. Менің ойымша Қырғыз руы деген солар.
+3 дауыс
*Кіші жүзге жататын сияқты.(нақты емес)*
–1 дауыс
Қырғыз руы жүзге жатпайды.
+1 дауыс

менің руым қырғыз.әкем айтты жүзге жатпайтын ру деп

+2 дауыс
"Орта жүз құрамына негізгі 6 тайпамен қатар төрелер, төлеңгіттер, қырғыздар, шалақазақтар болды" деп жазылған 10 сынып Қазақстан тарихы пәнінде. Кіші жүздің еш қатысы жоқ.
+1 дауыс
Осы сұрақ Мөніде мазалайды,Мұмкын ұлтымыз Қырғыз ба? деп.Қазақ-Қырғыз бауыр болып кеткен ғой... қалай болғандада біз! Мұсылман баласы Алланың! сүйікті пендесіміз , осыған қуанып шаттануымыз керек.
0 дауыс
СІЗ ҮШІН.

Қырғызруы    туралымәлімет

Кішіжүз,Әлімұлы ішіне ерте 16-17ғасырларда қоныстанған Қырғыздар Тата, Естек, Барақ тайпалары болып бөлінеді.

Атақты    Барақұлы  Ақкісі батыр қолбасшы   1734 жылдары   шамамен   94жаста қайтыс болған.Оның  балалары   Бәйімбетте,Қара да батыр тарихи тұлғалар.

Қырғыз   Едігеұлы  Қайдауыл батыр   1766-1889 ж.ж.Ақкісіұлы Бәйімбет шамамен 1690-1748 ж.ж.

Негізі  Ақтөбеоблысы,Шалқар ауданы    Байқадам елді мекенді  Қырғыз рулары  шоғырланған.

Шекті  Айтұлы Тілеу 1630-1684ж.ж.Барақұлы Ақкісінің   Сұлу  есімді қызын алған.

Сұлу   әжемізден  Тілеуұлы   Мөңке   би туған.

Тілеуұлы  Мөңке  1675-1756 ж.ж.Қырғыз   Барақұлы  Ақкісі ,Мөңкенің  туған нағашысы.

Қырғыз  Барақұлы  Ақкісі қызын ұзатқанда ,қырық қыз,қырық жігіт қосып берген.

Ақкісі қызыСұлу ұзатылардың алдында ,Айтұлы Тілеугеекі-үш шартқойған.

1 Еліне жеткенше араларында қарым-қатынастыңболмауын өтінген.

2 Қырық  жігітке өзалдына жер, алдына мал жәнеде қазақ елінің қызына үйлендірүін талапеткен.

3 Қырық қызды жасауымен қазақ жігіттеріне ұзатуды айтқан.

4Жәнеде алдағы болашақты болжап атына заты сай ұл туып беретінін айтқан.

Яғни шамамен төрт ғасырдан бері Кіші жүз Әлімұлы оныңішінде Қабақ-Тілеу рулары мен іргелес қоныстанып ,өзалдына Қырғыз ру болып қалыптасуы ,татулық,бірліктің арқасы деп түсіну қажет.

Тарихи деректерге сүйінетін болсақ ақын,жырау,шежірешілердің айтылған сөздерінде бір-біріне ұқсастық көпкездеседі.

Айтұлы Тілеу тарихта белгілі Сайрам соғысына аттанарда Сұлу әжеміз осы сапарға бармауын өтінген .

Жүз жылдығын болжайтын Мөңкені (1675-1756ж.ж) туып бердім ,мыңжылдығын болжайтын бала белінде деген екен.

Айтұлы Тілеудің Сайрам бойындағы қанды тарихи соғыс ең соңғысапары болып есептеледі.

Айтұлы Тілеужәнедебаласы Тілеуұлы Жолдаяқ батыр (1665-1684 ж.ж) осы соғыста мерт болған.1684ж,ж,

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әкелі-балалы екеуіде солжерге жерленген,1684ж.ж

Бұл тарихи нақты дерек.

Екінші нақты деректер Қырғыз руының белгілі қариялары ҚыдырбайұлыДошан ,Рахманбердіұлы Иса,Бижанұлы Ақбай,Наурызбайұлы Қазанғап осы аталған қариялар тірі кезінде ауызша айтумен 1970-1973 жылдары Тасбағамбетов Нұрғалыжазыпалған.

Осы деректерге сүйіне отырып Қырғыз руы қазақ жерінде ру болып қалыптасуына Айтұлы Тілеу жәнеде Ақкісіқызы Сұлуға тікелей байланысты.

Ақтөбе облысы ,Шалқар ауданы өңірінде 1858-1929жылы өмірсүрген Боранбайұлы Сарышолақшайыр ,ақынҚырғыз Едігеұлы Қайдауылбатырға 1766-1889ж,ж дастан ,хисаарнаған

.Жоғарыдағы келтірілген деректер нақтырақ болсындеп дастаннан үзінді беріліп отыр.

 

Қайдауыл батыр;

 

Барақтантуған Ақкісі,

Тілеуде атам барары,

Ер Тілеуді кімдесең ,

Нақты да сөздің жоралы.

Ескіден қалған ұзын жол,

Кеңарналы сорабы,

Сұлуын алып Ақкісі,

Ел болдығой қоралы,

Тілеуден туған Мөңкенің,

Талайдан да асты оралы,

Атам Тілеу күйеуі Қырғыздың,

Талайы тоқтап барары,

Қырғыз қайдан жүрдесең,

Жырауың сөзді табады.

Ен сайдан келген себеппен,

Бес жүз шаңырақ шамалы.

Талай су ақты жылөтті,

Кеңейтті арна саланы.

Сіңісіп кеткен Әлімге,

Соншама жанның қарамы,

Өтірік айтсам шежіре,

Пейілінен табады.

Бөлмелеген ешкім жоқ,

Тал бесікті баланы.

Маңдайға жазған солболса,

Жарылқаралдан талабы.

Бір руы Әлімнің,

Із түспеген сонары .

Бір аяқтан ас ішіп ,

Ортақта болды торабы.

Тасбағамбетов Нұрғалидің жеке қолжаз бажинақтарына налынған деректер.1972ж.

Боранбайұлы Сарышолақ шайырдың Қырғыздың байы Досыбекұлы Талтаққа айтқан толғауынан үзінді,бұлда тарихи нақты дерек.

Сыр  менен Қаратауды белден басып,

Барғанда көп жылқымен Қырғыз асып.

Ауылына Ақкісінің маңдай тіреп,

Тілеуге болған екен апаңғашық.

Апаңыз қарулы екен топты жарған,

Адамды ұнатқаннан қылған арман

Бір айғыр шыңырауға түсіпкетіп,

Апаңыз сол айғырды жалғыз алған.

Қыласың әрнәрсені Талтақ мақтан,

Қырғызбен бірг еедік Әлімсақтан.

Біздің жер өзжеріңдей болыпкетті,

Құр емессің дарығанбайлық,бақтан.

О,Қырғыз  Енсайыңды қиыпкеттің,

Келдің де біздің елге сыйыпкеттің.

Тілеуден тарапшықты талай ұрпақ,

Апаңның мәртебесін биіктеттің.

ТасбағамбетовНұрғали 1950-2000ж,ж жекеқолжазбажинақтарынаналынғандеректер 1971ж,Ақтөбе облысы ,Шалқарауданы,Сарыбұлақсавхозы.Қарақуысжайла

 

‎создан.14 ‎ақпан ‎2013 ‎ж., ‏‎15:12:57
0 дауыс
қырғыз қазақ қалай бир туған?
+1 дауыс
Менің руым да қырғыз, Қызылорда облысында 2 ағайыны бар, Қопекі және Шырдай деген, мен Қопекісімін , қырғыз руы кіші жүз алім ұлына жатады
+1 дауыс
Қырғыздар
ТАТА =>

ЕСТЕК =>

БАРАҚ =>

Əрі қарай кім толықтырып берер екен?
0 дауыс
Орта жүздің арғын руына қосылған қырғыз руы 3 атадан тараған, Мәнжі,Дәнжі,Дасы, бұл ру Қарқаралы,Семей аумақтарында кеңінен қоныстанып, жоңған шапқыншылығында осы жерлерді қорғап,қорғандар салған,қазіргі уақытта Қарағанды облысы аумағында,оның ішінде Қарқаралы ауданы аумағында кеңінен қоныстанған ру,сонымен қатар Қырғыз деген ауылдық округ бар
0 дауыс
Ассалам уалейкум, қырғыз ру туралы біздің ағайларымыз Оспанов Қ. мен Құсаинов А. Жемісті еңбекті жүргізіп «Тегімді менің сұрасаң» кітапты жазған еді, кітап бойынша қазақ қырғыздарын тарих пен шежіресін білуге болады. Толықтырай осы номерге хабарласыңыз 87774745533
0 дауыс
Казактагы Кыргыз уруусунун Барак, Аккишиден тараган урпактары Кыргызстанда жашайт. Алар 120 жыл мурун Казакстандан конуш оодарып келишкен. Кыргыз ичинде аларды (100 тутун) чала казактар деп коюшат. Менин атам омур бою чала казактарды изилдеди жана алар Кыргыздын Адигене уруусунан келип чыккан деп айтат. Мындан 100 жыл мурун баары казакча суйлошчу экен. Азыр ассимиляция болуп, кыргызча суйлоп калдык. Бирок, казакча создор бар. Демек, Казак ичиндеги кыргыз уруусунун окулдорунун улуту кыргыз.
0 дауыс
Ол жүзден тыс ешқандай жүзге кірмейді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
8 жауап
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 6.12.2021 Тарих сұрақтары сұрақ қойды
...