0 дауыс
35.9k көрілді
Қоблданы батыр жырының композициялық құрылымы керек еді!

1 жауап

0 дауыс
Қарақыпшақ Қобыланды-

Атасы мұның Тоқтарбай,

Халықтан асқан болды бай.

Байлығында есеп жоқ,

Айдалып бағып жайылды

Төрт түлік малдың бәрі сай.

Жаз жайлауы Көздікөл,

Көздікөлді жайлаған

Қалың қыпшақ жағалай.

Тоқтарбайдың дәулеті –

Ішкені мас, жегені тоқ,

Бай –кедейдің көңілі жай.

Қыс қыстауы – Қараспан,

Қараспан көкке таласқан,

Ат үйірінен адасқан.

Қалың қыпшақ тізіліп,

Қонса, қоныс жарасқан.

Әліп таңба қыпшақтың

Атағы озған алаштан.

Сексенге жасы келгенше

Бір бала көрмей Тоқтарбай,

Қайғыменен қан жұтып,

Ақылынан адасқан.

«Шөл иесі сұңқар қияқсыз,

Еш нәрсе көрмей дүниеден

Өткенім,-деген,-тұяқсыз».

Тоқтарбайдың зарына

Қалың қыпшақ қайысқан.

Әулие қоймай қыдырып,

Етегін шеңгел сыдырып,

Жеті пірге танысқан.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Қабыл болған тілегі,

Жарылғандай жүрегі,

Аналықтай бәйбіше

Қабырғасы майысқан.

Елуге жасы келгенде,

Көзім ашпай дүниеден

Өтемін бе дегенде

Сонда көрген арыстан.

Бір ұл, бір қыз атадан:

Қыздың аты Қарлығаш,

Қобыландыға қарындас.

Алты жасқа келгенде

Арыстан туған Қобылан

Қазынадан қамқа киеді.

Өзімнің еншім болсын деп,

Тобылғы меңді торы атты

Енші қылып мінеді.

Қобыландының тілегін

Бүкіл қыпшақ тіледі.

Өзі алты жасында

Кәмшат бөркі басында,

Тобылғы торы ат астында,

Қаршығасы қолында,

Тазысын ерткен соңында,

Жеті пірге сиынып,

Баратұғын жолында,

Тоқтарбайдың жылқыда

Тоқсан құлы бар еді.

Тоқсанының бастығы

Естеміс деген ер еді.

Естемісті көруге

Жылқыға бала жөнелді.

Жылқыға бала барғасын,

Баурап малын алғасын.

Тоқсан құл мен Естеміс,

Риза тауып қалғасын,

Қолғанат пен құйрыққа

Енді тоқсан кенелді.

Қобыландыны барғасын

Естеміс ерің баулиды.

Күнде киік аулайды,

Кездессе жауын жаулайды,

Жылқыда жатып Қобыланды

Екпіні оттай қаулайды.

Қаршығасы қолында,

Құмай тазы соңында.

Естеміс пен екеуі

Қонып жатса бір тауда,

Намазшамнан өткенде,

Құтпан мезгіл жеткенде,

Құлағына батырдың

Бір дауыс кеп шулайды

Арғы астында сол таудың

Бұрқыраған бу ш ы қ т ы

Шуылдаған шу ш ы қт ы

«Бұл не қалған дауыс?»деп,

Естемістен сұрайды,

Айтпасына қоймайды.

Сонда Естеміс сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

«Арғы астында бұл таудың

Қызылбастың елі бар,

Жасыл байтақ жері бар,

Айдынды шалқар көлі бар,

Көктім Аймақ ханы бар,

Неше мың сан жаны бар,

Қанша жиған халқына

Көретіп тұрған сәні бар.

Құртқа деген қызы бар,

Жұртына жиған назы бар.

Ай астында аспанға

Құрды бақан қақтырып

Алтын теңге аттырып,

Теңгені атып түсірген

Құртқаны сұлу сол алар.

Соның дауысы бұл дауыс,

Көптен шыққан бұл хабар.

Көңілің ауып шырағым

Бұған болма ынтызар

Шарға салып басыңда

Бола көрме сен құмар».

Қанша айтса да Естеміс,

Барғысы келді баланың,

Түсірем деп атып дәл,

Кәміл пірлер болса жар.

Естеміс тағы сөйлейді:

«Қой, ш ы р а ғ ы м, жассың ғой,

Қабырғаң сенің қатқан жоқ,

Омыртқаң өсіп жеткен жоқ,

Жіберуге қорқамын,

Тілімді алсаң рұқсат жоқ.

Барғанмен к е з е к келмес-ті,

Баланы көзге ілмес-ті,

Бағып жатқан Құртқаны

Қырық бес ке з Қызыл ер

Шырағы м , теңдік бермес-ті».

Отырып бұлар кеңесті.

Мінген аты ала еді,

Қылшық жүнді қара еді.

Тоқтау салды Естеміс,

Жібергісі келмей баланы.

«батаңды бер, көке»деп

Алдын-артын орады.

«Жад қыламын, Естеке,

Жеті кәміл бабаны».

Барғысы келіп батырдың

Тоқтамайды табаны.

Естемістей еріңнің

Таусылғасын амалы,

Батасын беріп қол жайып,

Жад қылады құданы.

Үстіне сауыт кигізді,

Жанына байлап болатты,

Беліне садақ ілгізді.

Тыпсырдым деп жалғызға,

Амандасып жүргізді,

Жүрегі таймай баланың

Ерлігін кәміл білгізді.

Тобылғы меңді торы атпен,

Дөңгелентіп жөнелді,

Атып жатқан жеріне

Іркілместен келеді.

Келгендігін баланың

Көктім Аймақ көреді.

Айбатынан сескеніп,

Баланы келген сынады.

Қобыландыдай төрені

«қазақтың ері келді»деп,

Көктім Аймақ патшасы

Кезекті бұған береді

Кәміл пірлер жебеді,

Қолына алып толғанып,

Қозы жауырын жебені

Ат үстінен шіреніп,

Сонда тұрып тартады,

Кәміл пірлер сенгені.

Құрулы бақан басында,

Екі бөліп ұшырды

Ай астында теңгені.

Құртқа көріп батырды,

Шашу шашып басына,

Бұралып келді қасына.

Нұрына тойып төнгені,

Көзі көрмей өңгені,

Іздеген теңім келді деп,

Патшаға салып жеңгені.

Айтқан серттен қайта алмай,

Отыз күн ұдай тойын қып,

Көктім Аймақ атасы,

Қыз Құртқаны бергені.

Аққа белін шешіпті,

Пайғамбар құда несіпті,

Жұртын жиып, той қылып,

Құртқа сынды сұлуды

Қобыландыдай батырға

Берейін деп жатқанын

Қырық бес к е з Қызыл ер

Хабарын мұның есітті.

«Меніменен күресіп,

Жықса, алар» десіпті.

«Аты-тонын олжалап,

Аман қайтса, жарар»деп,

Өзінше желдей есіпті.

Бетіне жан қаратпай

Көңілі әбден өсіпті.

Бұл сөзді естіп Қобылан:

«Артымда жау қалдырман,

Берсе құдай несіпті», —

Деп мініп ап атына,

Қызыл ер г е келеді,

Келіп те сөйлей береді:

«Қобыланды келді, ш ы қсын» деп

Дауыстан хабар береді,

Ш ықпағасын Қызыл ер

Жүгіріп үйге енеді.

Төсекте жатып Қызыл ер

Қобыландыны көреді.

«Аяғыммен күрес»деп,

Бір аяғын береді.

Алпыс құлаш ала арқан,

Қызыл е рдің ілулі

Босағада тұр еді.

Іліп алып аяққа,

Мініп алып торы атқа,

Дүрілдетіп жөнелді.

Қызыл е рді сүйретті,

Сүйреткі қылып күйретті.

Ішінде шеңгел, тікенге

Өкпе, бауырын түйретті.

Тақымға салып сүйретіп,

Қабырғасын күйретті.

Менсінбеген дұшпанды

Ақылын тауып үйретті.

Көкбөрі қылып дұшпанын,

Тау мен тасты күңірентті

Қорлықпенен өлсін деп,

Тасқа салып болшалап,

Қызыл ерді еңіретті.

Домаланды жерге бас,

Кеудесінен жан кетті.

Құртқаға келіп сөйледі,

Көңілі ердің желпініп.

«Сұлтаным не қылды екен?»деп,

Құртқа сұлу жүгіріп,

Алдынан шыққан ентігіп,

Көктімге хабар береді,

Дұшпанынан құтылып,

Көңілдері жайланды.

Жөнелтуге Құртқаны,

Көктім Аймақ ойланды,

Алтынмен ішін безеген,

Сырты күміс ақ отау

Келістіріп түзеген,

Арттыруға сайланды.

Қырық түйе қазына,

Қырық құл мен қырық күң,

Қосып берді қызына…

…Бірнеше күн жол жүріп,

Аз ғана емес, мол жүріп,

Өткен күнді санады.

Бір күндері болғанда,

Қара жолдың үстінен

Қалың жылқы жарылып

Екі жақта қалады.

Құртқа сынды cұлуың

Күймеден басын ш ы ғарып,

Жылқыға көзін салады.

Ортасында жылқының

Көкала бие жусап тұр –

Құртқаның көзі шалады.

Тоқтатып күймесін,

Ағытып тастап түймесін,

Шақырып алып сұлтан деп,

Қобыландыдай баланы,

Биені көріп сынады.

«Мынау жатқан көп жылқы

Кімдікі?»деп сұрады.

«Сонау тұрған биені

Мені берсең де алғын»деп,

Батырға әмір қылады…

…Құртқа сұлу күймеден

Қарғып түсіп биені

Маңдайынан сүйеді.

Көшіне тіркеп жөнелді.

Көкала бие дөңбекшіп,

Домалана сұлады,

Тұншығып тұлпар қылар деп,

Құртқаның жаны ш ы ғады.

Тонын жарып тұлпардың

Құлынға тыныс қылады.

Сонда жатып құлындап,

Бурыл тұлпар туады.

Тұяғын жерге тигізбей,

Құртқа сынды cұ л у ы ң

Алтын тонға орады…

Буырылға қыз Құртқа

Түндікпенен күн көрді,

Түтікпенен су берді…

Әлқисса, сол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып, Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын тартып алды. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға жендеттерін жатқызып, жатып алды дейді.

…Қазанның бұл хабарын төменгі қырық мың үйлі қиятта Сейілдің ұлы Қараман батыр есітіп, аттың жалын тартып, атадан ер болып туғасын, «Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе?» деп елінен аттанып шықты .

Әлқисса, Қараман батыр Қазанды алуға бара жатқандығын айтқан жері:

«Мен, Сейілдің ұлы Қараман,

Қазанға кетіп барамын.

Жүрмейсің бе, құрдасым,

Осы қылған сапарға

Кетемін ертіп сені деп,

Әдейі келдім, жолбарысым».

Сонда Қобылан сөйледі:

«Мінетін атым қолында,

Барар-бармас жолымды,

Хабар салып алайын,

Үйдегі Құртқам біледі.

Жан серік атым қолында,

Алты жыл болды баққалы,

Түндікпенен күн беріп,

Түтікпенен су беріп,

Бағымды бастан алмасын,

Алды-артымды шалмасын,

Қияметтік жолдасым,

Үйдегі Құртқам біледі

Менің де барар-бармасым».

…Таң сарғайып атқанда,

Шолпан жұлдыз батқанда,

Ақ отаудың ішінде

Құртқажан ұйықтап жатқанда,

Естеміс келіп сөз қатты…

Сонда сұлу қыз Құртқа,

Көтеріп басын сөйледі.

«Жұмсады ма сіздерді

Үйдегі Буырыл тұлпарға?

Дұғай сәлем дегейсің,

Тұлпарына жұмсаған,

Жұрт иесі сұңқарға,

Және де сәлем дегейсің,

Заманы бірге сырласқа,

Жылы бірге жылдасқа,

Жасы бірге құрдасқа.

Атының күні толмай тұр,

Жол салмасын жолбарысқа,

Тілімді алса, сұлтаным,

Бұл сапарға бармасын,

Бұл олжадан алмасын.

Көп жылады дегейсің

Үйдегі нашар жолдасың!

Асқар тауда белдік бар,

Азда қанша теңдік бар,

Құрдаста қанша елдік бар?

Сұлтаныма сәлем де,

Тілімді алса, бармасын!

Біз байлаған Буырылда,

Қырық үш күндік кемдік бар».

Мынау сөзді есітіп,

Келді енді құрдасқа,

Жүремін деген жолдасқа,

Қобылан сонда сөйледі:

«Бұл сапарға бармаймын,

Бұл олжадан алмаймын,

Саған да сәлем көп айтқан,

Құрдасым көңілі қалмасын,

Өтініш қылып зарлаймын.

Асқар төбе бел деген,

Ақ бармақпен жемдеген,

Ауырса, желмен емдеген,

Өзінен басқа көрмеген,

Өзінен басқа білмеген,

Бағып тұрған анасы,

Күтіп тұрған анасы,

Өзі әйелдің данасы,

Тұлпар туған Буырылдың

Қырық үш күні кем деген».

Қараман сонда сөйледі:

«Бұл барғаннан барсақ біз,

Біз Қазанды өлтіріп,

Қаласын бұзып алсақ біз,

Еркек болып не етеміз?

Әр талапқа шығарда,

Қатынға ақыл салсақ біз,

Қатынның тілін алсақ біз?

Әр талапқа шығарда,

Қатынға ақыл салған соң,

Қатынның тілін алған соң,

Неше батыр болса да,

Басында билік жоқ адам,

Арыстан туған құрдасжан,

Ол – қатын емей немене?!»

…Сонда Қобылан батырдың

Тері тамып и ек тен,

Түгі шығып білектен,

Жаны бір тулап жүректен,

Неше бір құрдас айтса да,

Қараманның бұл сөзі,

Өтіп бір кетті сүйектен.

Сөз сүйектен өткен соң

Тобыршық атқа ер салды,

Ақ алмасқа қол салды.

Қамшы салды сауырға,

Екпіні ұқсап дауылға,

Тобылғы меңді торы атпен

Қобыланды шапты ауылға

Бұлаңдаған Құртқаның

Сөзге сынық қылдың деп,

Егер шықса алдынан

Басын кесіп алмаққа.

Дарбазалы есікті,

Пайғамбар құда несіпті,

Үйде отырған Қыз Құртқа

Дүбірін аттың есітті.

Ағыны қатты кім болсын,

Сұлтаным-дағы десіпті,

Түре келіп бұлаңдап,

Аш ы п көрді есікті,

Тастай беріп есікті

Көргеннен соң қамықты…

Енді Құртқа сасады,

Бетінен қаны қашады,

Оң етегін басады,

Сасқан емей немене,

Аш күзендей бүгілді,

Құртқа жаннан түңілді.

Сасып жүріп жол тауып,

Ақылменен ой тауып,

Түтікпенен су берген,

Түндікпенен күн көрген,

Ақырда тұрған Буырылды

Шығарып ептеп алады.

Мойнына арқан салады,

Шылбырынан жетелеп

Қобыландыдай бөрінің

Бұлаңдаған қыз Құртқа

Алдынан кетіп барады.

…Туғалы күнді көрмеген,

Түнектен шыққан Тайбурыл

Айдалаға шыққан соң

Түлкідей көзі жайнайды,

Қаруы сыймай қайнайды,

Көлденең жатқан көк тасты

Сулығым деп шайнайды.

Он екі құлаш кезеңнен

Атылып Буырыл ойнайды.

Қыз Құртқаны көтеріп,

Буырыл көкке екі ұшты.

Салмағымен Қыз Құртқа

Алып жерге бұл түсті.

Жазығы әйел демесең,

Құртқа қыз да тым күшті.

Сол уақыттар болғанда,

Батыр жанына келгенде,

Қамығып Құртқа сөйлейді:

«Асқар төбе белдігі,

Аздың бар ма теңдігі?

Құрдастың жоқ-ты елдігі?

Жалғыздарға жар болған

Алланың көп дүр кеңдігі.

Үш ұшар ең аспанға

Бір ұшуың кем болды.

Мен қайтейін, Тайбурыл,

Қырық үш күннің кемдігі».

…Жиылған жұртпен қоштасып,

Қобыланды сынды батырың

Тайбурыл атқа мінеді,

Беліне семсер іледі.

Ақ сауытын бөктеріп,

Дүйсенбі күні сәскеде

Қараспан тауын бөктерлеп,

Кешегі кеткен қияттың

Қобыландыдай батырдың

Соңынан желіп жөнелді.

…Қобыланды сынды батырдың

Көңілі бітіп Буырылға

«Шырағым, Буырыл,шу» деді,

Құбылып, Буырыл гуледі…

Кеткен қолдың соңынан

Жетемін деп Қобыланның

Жоқ еді тіпті есінде.

Бұлаңдаған Буырылмен

Артық туған Қобыланды

Аңқытып жетті бесінде.

…Қобыланды гулеп жөнелді

Көп қиятқа қарамай.

Қалың қият – көп қосын,

Барі қалды артында

Бірі еруге жарамай.

Сонда Буырыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі…

…Арандай аузын ашады,

Аяғын топ-топ басады,

Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады.

Кешке таман Тайбуырыл

Жын қаққанға ұқсады,

Құлан менен құлжаның

Ұзатпай алдын тосады.

Көл жағалай отырған

Көкқұтан мен қарабай

Көтеріліп ұшқанша,

Белінен басып асады,

Дуадақ пен жек қалды,

Әлде өтірік,әлде шын

Ақ қарабас, лашын ,

Өлген құсты жеп қалды.

Ебелек ұшты елсізден,

Көбелек ұшпас көлсізден,

Адам жүрмес жерлерден,

Батпақ, лай көлдерден,

Асқар – асқар белдерден,

Жалғыз шауып жол шекті.

…Намаздыгер өткенде,

Намаз ақшам жеткенде,

Қазанның сырлы қаласын

Қобыланды батыр көреді.

Бес ағаштың түбінде,

Қазанның алған жылқыға

Ағыны қатты Буырылмен,

Аңқытып келіп жолықты.

…Көкалалы көп жылқы,

Бөрі құлақ ен жылқы

Бір уыс болып қалады.

Жылқыны қырға шығарып,

Қазанның Сырлы қаласын

Қайта айналып шабады.

Бетіне қалқан далдалап,

Қақпадан атын қарғытты,

Қандектен оғын ы р ғытты.

Туырлығын тоқым ғып,

Керегесін отын ғып,

Мал шығармай салаға,

Ел шығармай далаға,

Өтірік емес, жан аға,

Қазанның Сырлы қаласын

Бұзып, жарып Қобылекең,

Он екі күн дегенде

Жалғыз жанды құтқармай

Айдап шықты далаға.

Сырлы қаланы алады,

Адамын жөнге салады.

Қаланың қиғаш қасында,

Қасқарлық таудың басына,

Бұлаңдаған Буырылмен

Батыр Қобылан шығады.

Құртқаның сөзін сынады,

Жан-жаққа көзін салады,

Батырдың көзін шалады,

Қалың қият – көп қосын

Он екі күн дегенде

Олар да келіп қалады

Өзі жатқан Қазанның

Қырлы дейтін қаласын

Қырық мың қоды әскермен

Алты қабат орының

Сыртынан орап алады.

Қараман атты батырың

Аламын деп ала алмай,

Алты қабат орнынан

Қарғытып ішке ене алмай,

Қайраты жетіп таса алмай,

Үш күн тұрып сыртында

Болдыра алмастай болған соң,

Енді атына мінеді.

Мініп алып атына,

Тауда жатқан батырға

Қараман өзі келеді.

…Қараман Қобылан қосылып,

Қосынға келіп енеді.

Ордың шығып басына

Қаланың келіп қасына,

Қобыландыдай батырың…

Буырыл атқа «шу»деді,

Бүктеле беріп жазылып,

Буырылы бұлқып гуледі,

Алты қабат орнынан

Жетінші қабат қалаға

Қояндай ы рғып жөнеді.

Ортасына шаһарының

Буырылы барып топ етті,

Жердің шаңы бұрқ етті

Төрт аяғы тиген жер

Тесіле барып солқ етті.

Қалаға Қобылан кіргесін,

Іркілмей кіріп кеткесін,

Бала да болса келбетті

Ене алмай қалды Қобылан

Ордың сыртын айналып…

Арыстан туған Қобыланды

Ақ білегін сыбанып,

Көңілі тасып келеді

Жауды көріп қуанып.

Сол уақытта алдынан

Қара қасқа ат мінген,

Алдынан шықты ер Қазан.

…Жайықтың бойы қамыс-ты,

Батырлар қылды намысты.

Ырғай сапты сүңгімен,

Ырғай- ырғай салысты,

Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті,

Бүге-бүге тұрысты.

Тебінгіге тер қатып,

Қақырғаны қан татып,

Түкіргені жын татып,

Қанжарменен қармасты,

Семсерменен серместі.

Қанжар қалды қайысып,

Семсер қалды майысып,

Қан қабақтан төгілді,

Ерлер жаннан түңілді

Аш күзендей бүгілді.

Екеуінің ақ сауыт

Шығыршықтан сөгілді.

Сол уақыттар болғанда,

Артық туған Қобыланды

Найзасын ырғап ендірді.

Қазанды аттан төндірді,

Ат көтіне міндірді.

Ту жығылар айшықты,

Ақ денеден қан шықты,

Суырып алды, жан шықты

Ұлы сәске болғанда,

Ортасында қаланың

Ер Қазанның аузына

Қобыланды құйды балшықты.

Қазан аттан құлады,

Көріп елі шулады.

…Топтанып тұрған көпірге,

Қобыланды жалғыз тиеді,

Бөлек-бөлек қылады,

Бөлінген қойдай қырады.

Жалғыз өзі батырың

Жойып кетіп барады.

Қойға тиген қасқырдай,

Сойып кетіп барады.

Жолбарыс шапқан құландай,

Жойып кетіп барады,

Үш мың атты бір сайға,

Төрт мың атты бір сайға,

Қойып кетіп барады,

Қайтарында алмаққа,

Тізгінінен қосақтап,

Түйіп кетіп барады.

Ақ білегі қан болып,

Жау үстіне жол салды,

Үкімін жауға мол салды,

Көмегі жоқ соңында,

Жаны құдай қолында,

Туырлықтай ту алып,

Туды қанға суарып,

Қырық мың атты қызылбас,

Әрі-бері қозғалды.

Қырылмағаны аз қалды.

Үкімін жауға мол салды

Жетінші күні сәскеде,

Жаудың бәрін тауысып,

Ақ найзаға сүйеніп,

Қобыланды жалғыз бұл қалды…

Өтірік емес, жан аға,

Қырық қақпалы Қазанды,

Он сегіз күн дегенде,

Бұзып-жарып батырың,

Малын, жанын ызғытып,

Қақпаның аузын аштырып

Айдап шықты далаға…

…Алтыншы күні қияттың

Қайтуға көңілі бұзылды.

Қосындар жүгін артқанда,

Көшейін деп жатқанда,

Бос қайтам ба жаудан деп,

Іздеп келіп бұл жерге

Қараман батыр кезеніп,

Қобыландыға келеді:

«Ай, Қобыланды, құрдасжан,

Қайратыңды мен көрдім,

Бәрекелді, ер,-деді,-

Найзам тимей дұшпанға,

Арманда барам мен,-деді,-

Осы бүгін естідім,

Жақын жерде бір шаһар,

Көбікті дейтін ханы бар.

Жүрсең, соған барайық,

Жылқысын айдап алайық,

Қазаннан алған бұл малды,

Баға тұрсын халайық

Көбікті келсе малына

Слайын жәбір жанына,

Көбіктіні өлтіріп,

Бір тояйын қанына.

Көбікті де ер,-дейді

Қайратымды көр,-дейді,-

Найзам тимей дұшпанға

Арманда барам мен» дейді.

Қобыландыдай батырың

Мақұл көріп бұл сөзін,

Асып-тасып екеуі

Алланы алмай аузына,

«Барайық десең, жүр»дейді.

Ер салды атқа батырлар,

Алтынды тұрман тағынып,

Екі батыр жөнелген,

Сиынбай пірге жаңылып.

…Көп қосыннан екеуі

Сапарланды ел жата.

Көбіктінің шаһарының

Қарасын көрді таң ата.

Бөлінбеген ұйқыға,

Жыртылмаған құлпыға,

Екі батыр кез келді

Құба көлде Көбікті

Отар салған жылқыға.

Көкалалы көп жылқы,

Бөрі құлақ ен жылқы,

Гулетіп жылқыны алады,

Айдап жонға салады.

Көбіктінің Тарлан ат,

Жылқы ішінде тұр екен,

Жамандатқыр Тарлан ат,

Құйрығын құстай тарады,

Бауырынан жарады,

Желкесінен қарады,

Әуеге қарап есінеп,

Ием бе деп кісінеп,

Жау екенін білген соң,

Сыртына құйрық салады,

Қайта айналып шаһарға

Тарлан ат қашып барады.

Жалғаса қуған екеуі

Қарасын көрмей қалады.

Қашы п барып Тарлан ат,

Шаһарға барып еніпті.

Жетпедім деп Тарланға

Астындағы Буырыл ат

Басын жерге салады,

Қырық үш күндік кемдігі

Буырыл атты қамады.

Құртқаның сөзі келді деп

Батыр Қобылан сынады.

Таң шолпаны батқанда,

Қызарып күн шыққанда

Дем алам деп азырақ

Бауырында бір таудың

Қобыланды ұйықтап жатқанда

Қалаға көк ат еніпті,

Есіті дүбір Көбікті,

Ат барғасын желікті.

«Жау тиді ғой малға»деп,

Ашуланып демікті…

Тарлан атты Көбікті

Еріндіктеп алады

Беліне терлік салады,

Тас шоқпары тақымда,

Айдауда кеткен жылқының

Соңынан қуып барады.

Жебелі найза қолынан,

Жұлдызы туып оңынан,

Ерте шолпан батқанда,

Таң сарғайып атқанда

Тау суындай сарқырап,

Ақ сауыты жарқырап,

«Таста,-деп малды» барқырап,

Көбікті жетті соңынан…

Сол уақытта Қараман,

Көбіктіні шанышпаққа

Оңтайланды найзасын,

Қараманның найзасын

Денесіне тигізбей,

Көбіктідей батырың

Қолындағы шоқпармен

Допша қағып тастайды.

Ұмтылумен Көбікті

Қараманды ұстады,

Желкесінен қысады,

Күшіктейін шыңғыртып,

Қараманды Көбікті

Тақымына басады.

Қулық пенен cұ м дық ты

Көбікті тағы ойлады.

Оянып кетсе болмас деп

Қобыландыны Көбікті

Ұйықтап жатқан жерінде

Тоғыз қабат тор салып,

Бекітіп әбден байлады…

Кісен салып Көбікті

Қараман мен Қобыланның

Аяқ-қолын тұсады…

Дұшпанын батыр байлап ап

Қаласына келеді…

Байлауда жатқан батырды

Қарлыға сұлу көреді.

Қобыландыны көргесін

Нұры шарпып батырдың

Балқыды сұлу денесі…

Қобыландыдай батырға

Ғашық болып cұлуың

Жата алмады үйінде.

Үйінен ш ы ғып паналап,

Тар көшені сағалап,

Аяғын басып жүре алмай

Көрінгенді саялап,

Қобыландыға келді жағалап.

Ай тумас жақтан күн туды

Бұл несі деп қараса,

Қара тамды ағартқан

Қарлыға қыздың сәулесі

Қарлыға келіп сөйлейді:

«Есіктің алды ай татыр,

Ай татырда мал жатыр

Байлауда жатқан қос батыр.

Есермісің, сермісің?

Бекер жатқан ермісің?

Қолыңды шешіп қашырсам,

Еліңе барып мақтанып,

Қарлыға қыз қаштырмай,

Өзім қаштым дермісің?

Мейіз берсем, жермісің?

Далада жатқан жылқымды

Айдап қашқан ермісің?»

Қараман сонда сөйлейді:

«Менің өзім нашармын,

Кілттің аузын ашармын.

Бұл бейнетті көргенше,

Шеш қолымды, Қарлыға,

Рұқсат берсең, қашармын».

Қобыланды сонда сөйлейді:

«Өшті болған әкеңнен

Өшімді алмай кетпеймін.

Кекті болған әкеңнен,

Кегімді алмай кетпеймін…

Қош, Қараман, аман бол,

Қайтасың ба елдерге

Бізден сәлем дегейсің,

Азулы деген көлдерге,

Асқар-асқар белдерге,

Қараспан тауды жайлаған

Қалың Қыпшақ елдерге!»

Әлқисса, Қобыланды бұл сөзді Қараманға айтып болғасын:

Қарлығадай сұлуың

Шықпас ойын білгесін…

Қараман мен Қарлыға

Лабақтың келіп алдына

Қыл шылбырмен бұрау сап,

Буырыл аттың санына

Құлындай қылып шыңғыртты

Жәбір қылып жанына.

Буырылдың дауысын есітіп

Қобыландыдай батырың

Салды ойран тамына.

Тамды бұзып Қобыланды

Далаға шықты қабына.

Қобыланды батыр шыққан соң,

Өзінің енді хал-жайын

Батырға айтты Қарлыға:

«Дүниенің кеңдік, тарлығы

Басыма менің түсіп тұр

Ғашықтықтың зарлығы.

Сеніменен бірге өлсем,

Анамның айтқан өсиеті

Болады кәміл барлығы.

Сөзімді тыңда, батырым,

Буырылға мін,-дейді,

Қарыңа сүңгі іл,-дейді,

Кешегі жатқан жылқыға

Тағы да барып ти,-дейді,

Тарлан қашар жылқыдан,

Қумай-ақ қой сен,-дейді.

Тәңірі жазса Тарланды

Көбіктіге міндермей

Алармын қолға мен,-дейді.

…Уағда байлап, қол беріп

Тайбуырылға мінгізді

Қарлыға бұл сөзді айтқасын,

Енді атына мінеді,

Бодана көзді ақ сауыт,

Денесіне киеді.

Беліне байлап болатты,

Қарына найза іледі,

Қараман мен екеуі

Көбіктінің көп жылқы

Және сүзіп жөнелді.

Құба белден өткенде

Сары өзенге жеткенде

Көбіктінің Тарлан ат

Құйрығын құстай тарайды,

Шекесінен қарайды

Кіндігінен жарайды.

Әуеге қарап есінеп

Ием бе деп кісінеп

Жау екенін білген соң

Сыртына құйрық салады,

Көк ат қ ашып барады…

Аңдып тұрған Қарлыға

Көбіктіге келіпті:

«Ұйқыңды бұзба, атажан,

Мал иесі жануар

Жем жеймін деп келіпті».

Көбіктіні жатқызып,

Ақмоншақ атқа мінеді,

Беліне семсер іледі.

Денеге сауыт киеді,

Төбеге шашты түйеді.

Ноғай бөркін киеді.

Қобыландының соңынан

Дөңгелетіп жөнелді…

Басын қосып үшеуі

Бір төбеге барады.

Көбіктінің үстінде

Тоғыз қабат ақ сауыт

Шапсаң қылыш кеспейді

Атсаң мылтық өтпейді.

Қобыландыдай батырға

Қарлыға сұлу сөйлейді:

«Оған қылар амалы

Кіндігінің тұсында

Кем соғылған төрт көзі –

Жел соғарлық самалы.

Мерген болсаң, батырым,

Кіндікті байлап атпасаң

Басыңа салар қараны».

Қарлыға менен Қараманды

Ілгері қарай жөнелтіп,

Жолын тосып Көбіктінің

Қобыланды тосып тұрады…

Ертең шолпан батқанда,

Таң қызарып атқанда,

Тау суындай сарқырап,

Ақ сауыты жарқырап,

Қобыландының тұсынан

Көбікті өтіп барады.

Көбіктіні көрген соң

Көтеріліп Қобыланда

Айғай салып ақырды,

«Кел, бері!»деп шақырды…

Қорамсаққа қол салды

Бір салғанда, мол салды.

Көп оғына жол салды,

Әр оғының басында

Жолым үйдей шоқ қалды.

Қалмақы ердің қасы деп,

Нақ кіндіктің басы деп,

Қыз айтқан жердің тұсы деп,

Өлер жерің осы деп

Салдыр-гүлдір еткізіп,

Оқ масаққа жеткізіп,

Қобыланды тартты бір оқты,

Бір де болса, ірі оқты.

Жанына азап берілді

Азап емей, немене?

Көбіктінің бөксесі

Кеудесінен бөлінді.

Атта қалып бөксесі

Оқпен ұшып кеудесі

Қобыландыдай батырдың

Қабыл болды тәубесі…

Тізе қосып үшеуі

Көбіктінің көп жылқы

Гулетіп айдап жөнелді…

…Атқа мініп желгендей,

Ер қадірін білгендей,

Қобыландының Тайбуырыл

Ұмтылып аяқ баспайды

Бір нәрсені сезгендей

Мезгілсіз жылап, қақсайды

Бекер жылап не қылсын,

Жан серігі Буырыл ат…

…Түн ортасы болғанда,

Тайбуырылын тұсады…

Тоқымын төсеп, ер жастап,

Етпетінен құлады,

Ұзынынан сұлады…

Ұйықтап Қобылан жатқанда,

Шылбырын шешіп белінен

Майқара мен бетеге

Жусан менен көдеге

Ақмоншақ мен Буырылды

Қарлыға бағып жүр екен.

Қос бүйрегі бүлкілдеп,

Көздің жасы мөлтілдеп

Қарлығадай сұлуға

Әрең жетті еңкілдеп.

Қобыланды келіп сөйлейді:

«Жау шауыпты елімді,

Жау басыпты белімді.

Меннен қалған байтақ ел,

Көрген сияқты көрімді.

Қалмақтың ханы Алшағыр

Алтынды таудың етегінде

Тастан соғып қорғанды,

Шауып кеткенге ұқсайды,

Қараспан таудағы елімді.

…Көмек берер демеймін

Сейілдің ұлы Қараман.

Әйел де болсаң, қатар ең,

Мұңымды саған саламын.

Қош, Қарлыға, аман бол.

Қалмақ алған халқыма

Көмегім жоқ артымда

Жалғыз кетіп барамын».

Қарлыға сонда сөйлейді:

«Ер де сасар болар ма,

Етегін басар болар ма?

Сіз сияқты батырдың

Елін жау алар болар ма?

Әуелі Алла анайым,

Хақ жаратқан құдайым,

Ертең түстен қалмайын

Қобыланды, мен де барайын!»

Қарлыға бұл сөзді айтқасын,

Тайбуырылға мінеді,

Қарына семсер іледі,

Беліне байлап болатты,

Ақ сұңқар құстай қанатты

Жануар асыл Буырылды

Қараспан тауға қаратты

Күн тимеген сауырға,

Жел тимеген бауырға

Қамшысын соғып қанатты

Буырылға «шу!»деді,

Құбылып Буырыл гуледі.

Ертемен шапқан Қобыланды

Кешке шейін шабады.

…Тайбуырылды тайдырмай,

Табан жолға салады.

Артық туған Қобыланды,

Таң атқанша шабады,

Таң салқыны жеткенде,

Ағыны қатты Буырылмен,

Алтынды таудың етегінде

Аңқытып жетіп келеді.

Алшағырдың шаһарын

Батырдың көзі шалады,

Шаһарға жетіп барады.

«Еменнен кесім найза,-деп,-

Пенделік артқан халқыма

Тигіземін пайда,-деп,

Күн шыққанша шаһарын

Екі айналды Қобыланды

Енуге есік қайда»деп.

Кіруге тесік таба алмай,

Айналып жүрді сыртында.

Қуыстау жерге жеткенде,

Мүйістеу жерге жеткенде,

Жылқыда құмай аланы,

Атадан тек дараны,

Жалғызым деп Тоқтар шал,

Жоқтаушы еді баланы.

«Уа, қозым!»деп зарлаған,

Жас қозыдай маңыраған,

Саулы інгендей аңыраған,

Сыртта жүрген Қобыланның

Құлағын жарып барады…

Ұлы бесін болғанды

Қобыландыдай батырың

Бір төбеге барады,

Алды-артына қарады,

Қарлыға қыз келер деп.

Сол уақытта қараса,

Өкше ізінен шаң шықты.

Не қылған шаң деп қараса,

Саулы інгендей ыңқылдап,

Күшігендей сыңқылдап,

Буыны түсіп былқылдап,

Алтын қалпақ дулыға

Шекесінде жарқылдап,

Қалың шаңның астынан

Ақмоншақ атпен Қарлыға

Шыға келді жарқылдап.

Қарлығаның соңынан

Мінген аты көк бесті

Сейілдің ұлы Қараман,

Ол да келді былқылдап.

Қараманның соңынан

Қосымның қалған елінде

Орақ дейтін бір батыр,

Шешесі Қамқа түс көріп,

Бірге шапты бұрқырап…

Таң атқасын төрт көкжал

Қару-жарақ киініп,

Енді атына мінеді.

Денеге сауыт киеді,

Беліне байлап болатты

Қарына найза іледі.

Алшағырдың шаһарына

Туын ұстап батырлар,

Қала аузына кіреді.

Шаһарға жақын келгенде

Батыр Қобылан ақырды,

Нар түйедей бақырды.

«Алшағыр!»деп шақырды.

«Ау,Алшағыр,Алшағыр!

Сөзіме құлақ сал,Шағыр!

Менің атым Қобыланды

Әуелі өзің алмай ш ық,

Алды-артыңды қармай шық

Қалдырмастай жалмай шық,

Арманда қапы қалмай шық!

Қара қасқа атың міне шық

Оқ өтпес тоның кие шық

Қарыңа сүңгі іле шық»

Белес-белес бел еді,

Хан болғалы Алшағыр

Асып жүрген айласы

Мұсылманнан қанша ердің

Басын жойған ер еді,

Қызылбастың пілі еді.

Қобыландының дауысы

Құлағына келеді…

Шыдай алмай Алшағыр,

Үстіне сауыт киеді,

Беліне байлап болатын

Қарына найза іледі

Ертеден шапса кешке озған

Томағалы қасқа азбан,

Ылдидан шапса, төске озға

Алтын тұрман ер салып

Енді атына мінеді.

Қара қасқа тұлпардың

Құйрығын шорт түйеді,

Шақырып тұрған батырға

«Қорықты дер,-деп бармасам»

Алдынан жүре береді.

Сол уақыттар болғанда,

Түлкідей көзін жайнатып,

Қаруы сыймай қайнатып

Тасқа шаншып найзасын,

Қарыс сүйем бойлатып,

Қобылекең келді бұл жақтан

Тайбуырыл атты ойнатып.

Жайықтың бойы қамыс-ты,

Бермейміз деп намысты

Екі батыр екпінмен

Жақындасып қалысты.

Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті,

Бүгісе-бүгісе тұрысты,

Бір-біріне ұмтылып,

Тақымдары құрысты,

Он саусағы қарысты

Бірін-бірі ала алмай…

От шығады ұртынан,

Үмітін үзді Алшағыр

Шаһары, байтақ жұртынан.

Қобыландыдай батырың

Найзасын ырғап ендірді.

Алшағырдай дұшпанын

Ат саурына міндірді.

Қатуланып Қобыланды

Түгі шығып білектен,

Етке тоқтар қайрат па,

Өтіп кетті сүйектен.

Қайта тартса шықпайды

Қобыланды ердің найзасы.

Осылайша батырлар

Келгендерін қалмақтың

Баудай шаншып тұрады…

Тоқтар бас боп көп қыпшақ

Шуылдап шықты қаладан

Қалмай қатын-баладан.

Есіктің алды Есіл-ді,

Есілдің талы кесілді,

Үлкен қақпа алдында

Қаладан шығып көп Қыпшақ

Қойдай маңырап шуылдап,

Қозыдай маңырап дуылдап,

Қобыландыға қосылды,

Ертеңгі күн бесінде.

Қабыл болды бұл сапар

Қобыланды ердің мұраты.

Құтылып жаудан ел-жұрты,

Есендік-саулық сұрады…

Үш ай, үш күн дегенде,

Қараспан тауын жағалап,

Азулы деген көліне

Тоқтар басы көп Қыпшақ

Келіп қонды баяғы

Алшағыр шауып зарлатып,

Бөлініп көшкен жеріне…

Артық туған Қобыланның

Ісі келді жөніне,

Келмеді дұшпан шеніне,

Қалмақтан алған көп олжа,

Әділдік пен батырың

Жиып алып көп халқын,

Бөліп берді еліне,

Пақыр, кедей, кеміне.

Кедейі байға теңеліп,

Риза болды бәрі де

Қобыланды сынды еріне…
...