0 дауыс
1.6k көрілді
Ауыздан шығатын жағымсыз иіске гайморит ауруының әсері барма ?

1 жауап

0 дауыс

Кей адамдар күнделікті екі мезгіл тістерін шайып тұратын болса да, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып тұрады. Онда тіс пастасының ешқандай кінәсі жоқ. Бұл жерде адамның ішкі ағзасының бұзылуы себеп бола алады. Ол қандай себептер?

1. Өзіндік қорытынды жасағаннан гөрі, дәрігерге көрінген абзал. Өйткені сіздің асқазаныңыз, немесе бауырыңыздың зақымдануы мүмкін. Бауыр тәулік бойы өт сөлін бөлумен болады. Бауырдың жұмысы асқазандағы, ішек-қарындағы астың бұзылуынан қорғайды. Кейде адам мөлшерінен көп тамақтанып қояды.

Осы кезде өт сөлі бөлінбей, тоқтап қалады. Осының салдарынан ауыздан жағымсыз иіс шыға бастайды. Оған қоса тас шеміршек асты ауыруы мүмкін. Тас шеміршек зақымданғанда, ең алдымен, бүйрекке салмақ түседі. Осы белгілерді байқайтын болсаңыз, тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

2. Кейде асқазан ауыр боп есептелетін ет тағамдарын қорыта алмайды. Асқазандағы ас ұзаққа дейін тұрып қалғандықтан жағымсыз иіс бөліне бастайды. Сондықтан ет өнімдерін денсаулығыңызға қарай шамалап жеген абзал.

3. Әйел адамдардың аузынан жағымсыз иістің шығуы айлық белгінің дұрыс келмеуінен де болуы мүмкін. Мұндайда ауыз қуысын ментол суымен шайса жақсы.

4. Мерез, соз ауруымен ауыратын адамдарда жағымсыз иіс қашықтан да сезіліп тұрады. Мұндай иіс әсіресе сифилис ауруларында көп кездеседі.

5. Алкогольдік ішімдікті пайдаланған адамның ауыз қуысынан үнемі жағымсыз иіс шығып тұрады. Сонымен қатар денсаулыққа өте зиянды деп көрсетілген шылымдардың да кесірінен ауыз қуысы зардап шегеді.

6. Тұмауға, тамақ ауруларына шалдыққан адамдардың басым көпшілігінің аузынан жағымсыз иіс шыға бастайды. Мұндай иістің пайда болуына немқұрайлы қарамаған жөн. Себебі оның ақыры операцияға дейін баруы мүмкін.

Жағымсыз иістен қарапайым жолмен де құтылуға болады. Ол үшін салол шөбінен 5 грамм, глицериннен 30 грамм алып, оған 200 грамм спирт, 2-3 тамшы  жалбыз майын қосыңыз. Мұның бәрін бір стакан суға араластырасыз. Арада 1 сағаттай уақыт өткенде оған 1 шәй қасық тұз араластырып, тамақтан үш сағаттан кейін 1 шай қасықтан ішіп көріңіз. Бұл тәсіл соз және бауыр ауруымен ауыратындарға да жақсы көмектеседі.

Ауыздан жағымсыз иіс шыққан кезде алманы көптеу жеген де пайдалы. Ақжелектің шөбін шайнап немесе сөлін жұтқан да көмектеседі. Тек мұның бәрі уақытша ғана көмек екенін ұмытпаңыз. Ал дұрысы, қай жағдайда да дәрігермен ақылдасып, ішкі ағзадағы ақауды қалпына келтірген жөн ғой.

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс кез келгеннің ізіне түсуі мүмкін. Ал егер мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болмаған болсаңыз, жолым болған екен дей беріңіз. Өйткені, мұндай ұсақ-түйектердің өзі жеке өміріңізге, араласатын ортаңызға, қызмет бабыңызға кері әсерін тигізеді. Тіс дәрігерінің көмегіне жүгіну – барлық уақытта галитоз атты жаудан құтылуға көмектесе бермейтіні тағы бар. Не істейсіз? Жауыңызбен қалай күреспексіз?

Осы орайда, кәдеңізге жарап қалар деген мақсатта өз кеңестерімізді ұсынуды жөн көрдік.

Ең алдымен, жағымсыз иістің себептерін іздеп көрелік. Оның бірі – ауыз қуысына дұрыс күтім жасамау. Тісіңізді күн сайын әрі уақытылы тазалайтыныңызды айтып, ашулана бастаған боларсыз. Білесіз бе, мұнымыз жеткіліксіз екен. Микробтар мен бактериялар тілдің астында, тіс арасында, қызыл иекте қалып қояды. Сол жерде қалып қойған бактериялар біз ауызға салған тағамдармен қоректенеді де, күкіртті сутек секілді жағымсыз қалдықтарын шығарады. Осыдан кейін шыққан иісті өзіңіз елестете беріңіз...

Мұндай сасық иістің екінші бір себебі – асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуінен. Айдақ-сайдақ шайналған тағамдар (котлеттер, нан, торттар) көп уақыт өтпей-ақ өзін танытады. Арамызда ауыз бен асқазанның не қатысы бар деушілер табылуы да мүмкін. Алайда, бұл екеуінің тығыз байланысы бар екендігі ғылымда анық дәлелденген.

Себебін анықтап алған болсаңыз, жауыңызға тойтарыс беруге тырысып көрелік.

Тісіңізді аса ұқыптылықпен тазалап болған соң, жақсылап шайыңыз. Тістің арасын тазалау үшін арнайы жіптерді пайдаланыңыз. Тіліңізді міндетті түрде тазалауыңыз керек, ол үшін арнайы щетканы немесе қасықты қолданыңыз. Дәке оралған таза саусақ та жарайды. Тіліңізден шыққан бактерияны көргенде өзіңіз де таң қалатын боласыз.

Ауызды шаю үшін өсімдік майын пайдалануға да болады. Май ауыздағы барлық лас нәрселерді шығарады екен. 15 миуттай шайған соң, жұтып қоймауға барынша тырысып, түкіріп тастаңыз. Мұндай әдісті күніне екі рет жасауға болады.

Тәжірибиеден өткен тағы бір әдіс: ауыз бен тамақты сутек асқын тотығымен шаю. Үш пайызды сутек ертіндісін аласыз да, қарапйым сумен бірдей мөлшерде араластырасыз. Содан кейін ,қалағаныңызша ауызды шаясыз. Көпіріктер шығып, ауыз қуысының біраз ашуы мүмкін, алайда, бірнеше апта өткен соң, ауыздағы иістен ештеңе қалмайтын болады.

Ауызды ащы жалбызбен, тминмен, жусанмен шаюға да болады. Ол үшін 1-2 қасық шөпке бір стақан қайнаған су құйып, аз уақыт бұқтырып қоясыз. Дайын болған соң, күніне 4-6 реттен қолдануға болады. Сондай-ақ көпті көрген апаларымыз алманы көп жеуге кеңес береді. Алма ауызды ғана емес, асқазанды да тазартатын көрінеді.

...