+2 дауыс
18.8k көрілді
Ауыздан жағымсыз иіс шығатын болса не амал бар? Пайдалы да тиімді әдісі барма өзі? Жарнамадағы түрлі амал-шаралар қаншалықты рас болмақ?

6 жауап

0 дауыс
тістеріңізді дантистке көсетіңізжәне асқазаныңызды тазартыңыз, мята(жалбыз)жайнап жүруге болады
+1 дауыс
1.Стомотологқа көріну қажет, мүмкін құрттаған тістер бар шығар;
2.Бір құрылыс мүшеңіздің дұрыс жұмыс істемеуінен де шығады. Көп кездесетіні асқазан жолдарының дұрыс болмауы. Солай болған жағдайда дəрігерге көрінген абзал;
3.Иіс тісті дұрыс жумағаннан да шығады. Тіс жуған кезде тістің бүкіл қуыстарын, сондай-ақ тілдің астыңғы-үстіңгі жағын да жуу керек;
4.Кейде тіс қуыстарына тамақ қалдықтары тұрып қалады. Ондай жағдайда жағымсыз иіс шығуы ықтимал. Мұндай жағдайда ащы орбит шайнаған дұрыс;
 5.Жеміс-жидектің пайдасы зор болмақ. Соның ішінде алманың пайдасы орасан зор.
   Тісті əрдайым жуып тұрсаңыз, егер құрттаған тістер жоқ болса жағымсыз иіс шығады деп ойламаймын.
0 дауыс
Суды барынша көбірек ішіңіз, тісіңізге күтім жасаңыз, болмаса

Ассони айтқандай асқазанда кінәрат бар
0 дауыс
Тісті таңертең және кешке жуу керек уақытымен.
0 дауыс
Ауыздан шығатын жағымсыз иіс кез келгеннің ізіне түсуі мүмкін. Ал егер мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болмаған болсаңыз, жолым болған екен дей беріңіз. Өйткені, мұндай ұсақ-түйектердің өзі жеке өміріңізге, араласатын ортаңызға, қызмет бабыңызға кері әсерін тигізеді. Тіс дәрігерінің көмегіне жүгіну – барлық уақытта галитоз атты жаудан құтылуға көмектесе бермейтіні тағы бар. Не істейсіз? Жауыңызбен қалай күреспексіз?

Осы орайда, кәдеңізге жарап қалар деген мақсатта өз кеңестерімізді ұсынуды жөн көрдік.

Ең алдымен, жағымсыз иістің себептерін іздеп көрелік. Оның бірі – ауыз қуысына дұрыс күтім жасамау. Тісіңізді күн сайын әрі уақытылы тазалайтыныңызды айтып, ашулана бастаған боларсыз. Білесіз бе, мұнымыз жеткіліксіз екен. Микробтар мен бактериялар тілдің астында, тіс арасында, қызыл иекте қалып қояды. Сол жерде қалып қойған бактериялар біз ауызға салған тағамдармен қоректенеді де, күкіртті сутек секілді жағымсыз қалдықтарын шығарады. Осыдан кейін шыққан иісті өзіңіз елестете беріңіз...

Мұндай сасық иістің екінші бір себебі – асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуінен. Айдақ-сайдақ шайналған тағамдар (котлеттер, нан, торттар) көп уақыт өтпей-ақ өзін танытады. Арамызда ауыз бен асқазанның не қатысы бар деушілер табылуы да мүмкін. Алайда, бұл екеуінің тығыз байланысы бар екендігі ғылымда анық дәлелденген.

Себебін анықтап алған болсаңыз, жауыңызға тойтарыс беруге тырысып көрелік.

Тісіңізді аса ұқыптылықпен тазалап болған соң, жақсылап шайыңыз. Тістің арасын тазалау үшін арнайыжіптерді пайдаланыңыз. Тіліңізді міндетті түрде тазалауыңыз керек, ол үшін арнайы щетканы немесе қасықты қолданыңыз. Дәке оралған таза саусақ та жарайды. Тіліңізден шыққан бактерияны көргенде өзіңіз де таң қалатын боласыз.

Ауызды шаю үшін өсімдік майын пайдалануға да болады. Май ауыздағы барлық лас нәрселерді шығарады екен. 15 миуттай шайған соң, жұтып қоймауға барынша тырысып, түкіріп тастаңыз. Мұндай әдісті күніне екі рет жасауға болады.

Тәжірибиеден өткен тағы бір әдіс: ауыз бен тамақты сутек асқын тотығымен шаю. Үш пайызды сутек ертіндісін аласыз да, қарапйым сумен бірдей мөлшерде араластырасыз. Содан кейін ,қалағаныңызша ауызды шаясыз. Көпіріктер шығып, ауыз қуысының біраз ашуы мүмкін, алайда, бірнеше апта өткен соң, ауыздағы иістен ештеңе қалмайтын болады.

Ауызды ащы жалбызбен, тминмен, жусанмен шаюға да болады. Ол үшін 1-2 қасық шөпке бір стақан қайнаған су құйып, аз уақыт бұқтырып қоясыз. Дайын болған соң, күніне 4-6 реттен қолдануға болады. Сондай-ақ көпті көрген апаларымыз алманы көп жеуге кеңес береді. Алма ауызды ғана емес, асқазанды да тазартатын көрінеді.
Тіс тазалау

Тісті күнделікті тазалау – ауыз гигиенасының бірінші әрі ең маңызды бөлігі. Тісті күніне кем дегенде екі рет, мүмкіндігінше тамақтанғаннан кейін бірден тазалау керек. Сондай-ақ, тісті тазалағаннан кейін бір сағат ішінде тамақ жемеуге тырысыңыз. Тіс тазалағанда қоқыммен бірге тістің табиғи қорғаныс қабатын да шайып тастаймыз. Осы кезде тістің сезгіштігі жоғарылап, тамақ не сусын әсерінен зақымдануы мүмкін.

Зиян тамақтар жемеңіз

Тамақтану рационы мен адамның жалпы денсаулығы тығыз байланысқанын білеміз. Ауыздан шығатын жағымсыз иіс те зиян тағамның әсері болуы мүмкін. 2-3-ақ күн зиян, тым майлы аспен тамақтанып жүрсеңіз, ауыңыздан шыққан жағымсыз иісті сезе бастайсыз.

Рационыңызға мына заттарды қосыңыз

Ақжелек. Ауыздан шыққан жағымсыз иісті бейтараптандырып, кетіреді. Қол астында ақжелек шөбі болмаса, жалбыз, розмарин, кардамон не кориандр шөптерін шайнап көріңіз. Бұл шөптердің барлығы аспаздықта қолданатындықтан, біреуі болмаса екіншісі ас үйден табылып қалар. Ауыздың жағымсыз иісі сіз үшін күнделікті мәселеге айналса осы шөптерден демделген шайларды ішуге болады.

Клетчаткаға бай жеміс пен көкөністер. Оларға алма, сәбіз, балдыркөк (сельдерей) жатады. Мұндай тағамдар ауызда сөлдің бөлінуін тездетеді, нәтижесінде сөл өзі-ақ ауызды шайып, жағымсыз иісті кетіреді.

Құрамында С дәрумені бар тағамдар. Олардың арасында цитрусты жемістер мен жидектер бар. Лимон, апельсин, құлпынай, таңқурай, бүлдірген ауыз қуысын дезинфекциялап, бактерияларды жояды, солармен бірге жағымсыз иіс те кетеді.

Тіс дәрігерінің көмегіне жүгініңіз

Тіс дәрігеріне тісіңіз шаншып ауырғанда ғана барасыз ба? Ал тіс дәрігері ауыз қуысындағы қиындықтарға байланысты көмегін бере алатындығын білесіз бе? Егер сіз үшін ауыздың жағымсыз иісі нағыз қиындыққа айналса, дәрігерге барып, кариес, пародонтит пен ауыз қуысының бактериозы ауруларына тексерілген жөн. Дәл осы аурулар жағымсыз иістің себебі болуы мүмкін.

Бастысы қиындықты ертенге қалдырмай, мәселені шешуге тырысыңыз. Себебі ауыздың жағымсыз иісі сіз жайлы пікірді бұзып, жұмыста, сабақта, жалпы адамдармен қарым-қатынаста кедергі бола алады.


Ауыздан шыққан жағымсыз иіс ағзамызда бір кінәрат бар екенін білдіреді. Бір емес, бірнеше ауру түрін әшкерелейді. Ол қандай аурулар екенін бірге анықтайық. Алдымен ең көп таралған түрлеріне тоқталайық.

♦ Шірігін жұмыртқа иісі. Әдетте күкіртті сутектен осындай иіс шығады. Яғни жұмыртқаның ақуызы да осы тектес иіс бөліп шығарады. Етке қарағанда шамасы құрамында ақуызы болатын заттарды көп тұтынасыз. Оның мөлшерін азайту арқылы ауыздағы жағымсыз иістен арылуға болады.

♦ Ауыздан бұрқырап шығатын алкоголь иісі. Бұл жағдайды түсіндіріп жатудың қажеті болмас. Кейбір жас мерекелік отырыстарда ішімдік ішуге құмар келеді. Бұл тек алкоголь мөлшерімен ғана емес, тамақты көп мөлшерде тұтынуға да байланысты.

♦ Қышқыл дәмнің иісі. Асқазан жарасының алғашқы сатысы немесе асқазан қышқылдығының артуы болуы мүмкін. Ауру асқынып кетпес үшін уақытында емделу керек.

♦ Қи иісі. Ағзадан токсиндердің шығуы бәсеңдеп қалған кезде бөлінеді. Осы кезде ағза өз қалдықтарымен уланады. Мұндайда ішектерді клизманың көмегімен тазарту керек. Оны қаншалықты жиі жасау керектігі туралы дәрігерлермен ақылдасыңыз.

♦ Ащы дәмнің иісі. Өтінде кінәраты бар адамдар осы дәмді сезеді. Таңертең тұрғанда айнаға қарасақ, тілімізде сары жабынды пайда болғанын байқаймыз.

♦ Ацетон иісі. Ұйқы безі ауыратындығының белгісі. Нан, тәтті тағамдардан ойланбастан бас тарту керек.
0 дауыс
Сәлеметсіз бе! Ауыздан жағымсыз иіс, ағзаңызда ішекқұрт бар болса шығады. Ішекқұрттан тазарту жасау керек. @ochisheniye.organizma парақшасын көріңіз
...