Жұмыс іздеу, ауыстыру | 330 қаралды
330 қаралды
Әлеуметтік қызметкер болу үшін қандай да бір оқу орнында оқу керек пе? Жалпы осы салада жұмыс жасау үшін қандай білім алу керек?

3 жауап

Арнаулы орта білімі болуы шарт (колледждер) педагогикалық немесе медициналық 

Әлеуметтік қызметкер — бұл халықтың қорғалмаған топтарына (зейнеткерлер, жетім балалар, босқындар және басқалар) моральдық және құқықтық қолдау көрсетуді қоса, тұрмыстық жағдайларда көмек көрсететін маман.

Мемлекеттік әлеуметтік қызметтерден және қамқорлық жасаушы органдардан жасалатын әртүрлі жәрдемге, көбінесе материалдық немесе құқықтық қолдау түрлеріне қол жеткізуге және оның бөлінуіне көмек көрсету әлеуметтік қызметкердің жұмысына жатады.

Негізінен әлеуметтік көмекке қартайған азаматтар, мүгедектер, көп балалы аналар, жетім балалар, жазылмайтын ауруға, маскүнемдікке, нашақорлыққа шалдыққан адамдар мұқтаж болады.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер объективті (соғыстар, экологиялық апаттар, халықаралық шиеленістер, діни алауыздықтар) және субъективті (отбасындағы қайғы, мүлкін жоғалту) факторлардың салдарынан туындаған психикалық тұрақсыз жағдайдағы тұлғаларға психологиялық көмек көрсетумен айналысады.

Осы кәсіп бойынша оқытылатын мамандықтар: 5В090500 Әлеуметтік жұмыс

Елімізде әлеуметтік қызмет тәжірибесі әлі де өз деңгейінде дамымай отыр. Бізде кәсіби дайындық та, оқулық та жоқ, бұған қоса, адамдардың өздері де бұл мамандыққа шындап көңіл қоймайды.

Анықтама бойынша, әлеуметтік қызметкер — жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман. Біздің елде мұндай мамандарға сұраныс бар. Еліміздегі жоғары оқу орындары жастарды осы мамандыққа оқытуға дайын болса да, бұл мамандық бойынша оқуға ниет білдіруші талапкерлер саусақпен санарлық екен.

118,324 сұрақ
305,127 жауап
153,293 пікір
67,477 қолданушы