0 дауыс
3.0k көрілді
Әлеуметтік жұмыс қызметкері болу үшін қандай пән таңдау керек, айтып жібересіздерме?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құрметті талапкер! Сіздің өміріңізде маңызды кезең басталды. Алдарыңызда кәсіби мамандық таңдап алу мақсаты тұр. Біз сіздерді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне 5B090500 Әлеуметтік жұмыс мамандық бойынша жоғары білім алуға шақырамыз.

Маманданудың тізімі:

-әр түрлі категория тұрғындарға әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету;

-әлеуметтік жұмыстағы басқару мен менеджмент.

Кәсіби қызметінің пәні – басқалардың көмегінсіз өз мәселелерін шешуде қиналатын кейбір жағдайларда өмір сүре алмайтын әлеуметтік көмекті талап ететін адамдарға көмек көрсету, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету, халыққа медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету , психоәлеуметтік жұмыстар.

5B090500 Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-диагностикалық, консультациялық;

-әлеуметтік-реабилитацялық, әлеуметтік-профилактикалық, медициналық- әлеуметтік;

-ұйымдастырушылық-басқару, оқу-зерттеу;

-ұйымдастырушылық-координациялық, әлеуметтік қызмет көрсету;

-әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-терапевтік;

 Бұл мамандықтар бойынша жоғары білім алған түлектердің жұмыс атқара алатын салалары:

- органдар мен ұйымдар және ұйымдастыру-құқықтық формаларындағы ұйымдары, мекемелер, жалпы білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау, мәдениет;

- әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық арнайы мекемелер;

- пенитенциарлы жүйелер, арнайы ұйымдарының әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер;

- балалармен, жеткіншектермен жұмыс жасау саласы, ойын алаңдары, жастар ұйымдары және бірлестіктері;

- медициналық және профилактикалық ұйымдар, халықтың әр түрлі категориясына арналған реабилитациялық орталықтар;

- әлеуметтік-кәсіби саладағы әлеуметтік қызметтер, коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйымдар.

Бізге түсе алады:

- ҰБТ немесе комплекстік тестілеудің нәтижелер бойынша орта жалпы білім беру мектептерінің түлектері,оқу мерзімі – 4 жыл (күндізгі);

- әлеуметтік жұмыс саласындағы білімі бар орта кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледждердің) түлектері, оқу мерзімі – күндізгі, сырттай 3 жылдан кем емес.

Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.Талапкер төрт пән бойынша тестілеу сынағынан өтеді: Қазақстан тарихы, математика, қазақ (орыс) тілі, география.

Психология және педагогика кафедрасында магистратура ашылды. 6М090500- әлеуметтік жұмыс магистрі мамандығы бойынша оқу мерзімі – 2 жыл, оқу түрі – күндізгі. Академиялық дәреже-магистрі.

Кадрлар құрамы

Психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бурдина Елена Ивановна.

Кафедрада педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Пфейфер Н.Э., Кертаева Қ.М., Жуматаева Е., психология ғылымының докторы, профессор Шадрин Н.С., медицина ғылымының кандидаты, профессор Булекбаева С.Е., п.ғ.к., доценттер Жұманкулова Е.Н., Ғалиева Б.Х., Семёнова М.В., Старжинская Е.С., Мастобаев Ю.А., Кудышева А.А., Ксембаева С.К., Исинова К.С., Коровайко И.В., психология ғылымының кандидаты Колюх О.А., аға оқытушылар Тулекова Г.М., Жунусова А.Р., Жунисова А.Г., Пиговаева Н.Ю., Шаймерденова А.К., Попандопуло А.С., Казангапова Л.К., психология магистрі Кодекова Г.Б., педагогика және психология магистрі Дюсенова А.Ж, оқытушылар Черва С.Г., Мустафина С.С. жұмыс істейді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттердің білім алып, жоғары дәрежедегі маман болып шығуына, ғылыми ізденістеріне барлық мүмкіндіктер жасалған, яғни кітапхана, интернет-кафе, спорт залдар, «Students club» кафесі, студенттер үйі, жастардың баспасөз-орталығы т.б. орталықтар бар.

Жыл сайын «Сәтбаев оқулары», «Марғұлан оқулары», «Қазақстан және әлемдік тілдер», «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» атты ғылыми-практикалық конференциялар өтеді. Бұл конференциялар келешек жас ғалымдар үшін ғылым әлемінің бірінші баспалдағы болып табылады.

0 дауыс
биология и география
0 дауыс
биология мен  география пәнін тандайсын.

Ұқсас сұрақтар

...