0 дауыс
423 көрілді
Емханаға әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа кіре аламын ба?  мамандығым жалпы психолог.

1 жауап

0 дауыс

Жалпы әлеуметтік қызметкер қызметін талдасақ:

— Әлеуметтік қызметкерлер 5 санаттағы азаматтарға тағайындалады. Ол біріншіден психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға, тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқандар мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға және бірінші, екінші топтағы мүгедектерге тағайындалады. Әлеуметтік қызметкерлердің міндеттері мен жұмыс тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 165 бұйырығымен бекітілген. Облыста 55 әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі бар. Оның ішінде 2383 қарттарға қызмет көрсетіледі, 2216 мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі. Жылда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткенде жеке оңалту бағдарламасы тағайындалады. Сол құжатта үй жағдайында әлеуметтік қызметкерге мұқтаж деп көрсетіледі. Қаулы шығарылады. Соған орай жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметкер тағайындайды.

— Меруерт ханым, орталықтарыңызда қанша әлеуметтік қызметкер бар?
— Орталығымызда 94 әлеуметтік қызметкер бар. Олар жалпы өмірі қиын жағдайға түскен адамдарға қызмет көрсетеміз. Балалар бөлімшесі бар. 18 жасқа дейінгі тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға, психоневрологиялық ауытқуы балаларға қызмет көрсетеді.
— Әлеуметтік қызметкер қандай әлеуметтік қызметтер көрсетеді?
— Әлеуметтік қызметкер қызмет алушыларға 8 түрлі қызмет көрсетеді. Әлеуметтік- мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік — психологиялық сынды қызметтер көрсетеді. Мәселен, психологиялық — әлеуметтік қызмет бойынша біздегі балалар бөлімшесінде ауыр диагнозбен қызмет алады. Сол балалардың ата-анасымен мамандарымыз жұмыс істейді. Баласы ауру болғандықтан депрессияға түсетіндер бар. Соларды көтеру үшін күш салады. Балаларын шомылдыруға, киімін ауыстыруға көмектеседі. Бір қызмет алушыға екі сағаттан, аптасына екі рет қызмет көрсетеді.
— Әлеуметтік экономикалық қызмет дедіңіз. Оған не жатады?
— Баласы науқас болған соң аналары үйден шыға алмайды. Базарға, дүкенге баруға мүмкіндігі жоқ. Сондай ата — аналарға көмек көрсетеді. Тауар сатып алған чегін әкеп ата- анасының қолына тапсырады. Әлеуметтік дәптерге бәрі жазылады.
— Баласы ДЦП- мен ауыратын ата — аналар әлеуметтік қызметкердің қызметін алу үшін қайда хабарласуы қажет?
— Медициналық әлеуметтік сараптамадан өткенде онда жеке оңалту бағдарламасы тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның шешімі шыққаннан кейін әлеуметтік қызметкер бөлінеді. Үйіне барып жұмыс кестесі жасалынады. Жеке жұмыс жоспары жасалынады. Күнделікті қандай жүмыстар атқаратыны белгіленеді. Айына бір рет бөлім басшылары сараптама жасап отырады.

Яғни, ия сіз қызметке тұра аласыз, егер мекемеде сұраныс болса.

...