Әлеуметтік қызметкер — бұл халықтың қорғалмаған топтарына (зейнеткерлер, жетім балалар, босқындар және басқалар) моральдық және құқықтық қолдау көрсетуді қоса, тұрмыстық жағдайларда көмек көрсететін маман.
Мемлекеттік әлеуметтік қызметтерден және қамқорлық жасаушы органдардан жасалатын әртүрлі жәрдемге, көбінесе материалдық немесе құқықтық қолдау түрлеріне қол жеткізуге және оның бөлінуіне көмек көрсету әлеуметтік қызметкердің жұмысына жатады.Негізінен әлеуметтік көмекке қартайған азаматтар, мүгедектер, көп балалы аналар, жетім балалар, жазылмайтын ауруға, маскүнемдікке, нашақорлыққа шалдыққан адамдар мұқтаж болады.
Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер объективті (соғыстар, экологиялық апаттар, халықаралық шиеленістер, діни алауыздықтар) және субъективті (отбасындағы қайғы, мүлкін жоғалту) факторлардың салдарынан туындаған психикалық тұрақсыз жағдайдағы тұлғаларға психологиялық көмек көрсетумен айналысады.
Осы кәсіп бойынша оқытылатын мамандықтар: 5В090500 Әлеуметтік жұмыс