0 дауыс
1.8k көрілді
Елінің еркесі еді Ақан сері деген тақырыпта шығарма бар ма?

1 жауап

0 дауыс
Серегелдеңге салғандай азапты, ләз­зат­­ты, шытырман оқиғаға толы осы бір дерек­ті хикаятты оқып отырып Ақан сері­мен бірге тозақтың отына түскендей, бірге жұмақтың бағын кешкендей, бірге ғажайып ертегінің ішінде жүргендей боласың. Бастан-аяқ сиқыршыдай арбай­ды да отырады. Бүгінде елде кітап аз шығып жатқан жоқ, бірақ оның бәрі оқыла бермейді. Қазақ мәдениеті тарихының айрықша саласын құрайтын сал-серілер, олардың ешкімге ұқсамайтын өмір салты, өнері, салтанаты – біздің таңдай қағып тамсана беретін кені­шіміз, ұлттық байлық қазынамыз. Өкініші – қазақ топырағындағы осы бір асыл өнердің табиғаты толық ашылмай келеді. Кейбір кісілердің тиіп-қашып жазғаны болмаса, сал-серілер өмірін академик Әлкей Марғұланға дейін арнайы зерттеген ғалым кездеспейді. «Күйді ерттеп, әнді мінген кемең­герлер» дейтін еңбегінде Әлекең қазақ­тың сал-серілік өнерінің тарихына, таби­ғатына, ерекшелігіне кең талдау жасайды: «Сал мен сері – екеуі екі алуан, екі дәстүр өрнектері, өте ескі дәуірден сақ­та­лып, халықтың тіршілігіне көп жаңалық кір­гізіп, әдебиетке, ой-санаға игі әсер еткен қазақ мәдениетінің бір жарқын белгілері. Сал-серілер қазақ тіршілігінде ерекше жа­рал­ған, дарындылық дарыған, ақындық, ше­шендік, күйшілік сүйегіне біткен; махаб­бат­­қа бас иген, бүкіл өмірін сұлу қыз іздеуге ар­наған, мал-мүлкін аямай соның жолына құр­бан еткен; ерекше киінген, жүйрік мініп, сұң­қар ұшырған ерекше жандар, өмірі аңыз­ға айналған адамдар. Сондықтан олар ел ішінде сыйлы болған» дей келе, Түрік қа­ға­­наты, Қыпшақ заманы, Қазақ хандығы дәуі­рінен бергі жердегі сал-серілерге тоқталады. Шынында да сал-серілер – тұла бойы тұнып тұрған махаббат; бір жанып, бір тұтанған, өле-өлгенше еш сөнбеген махаббаттың оты мен дертінен жаралған, ғашықтық үшін жаралған адамдар. Өзге жұртта көп кездесе бермейтін; мінген аты, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнері де, өмірі де ешкімге ұқсамайтын; махаб­баттың отына өртенген, дертіне шал­дыққан; ғашықтықтың азабы мен тозағын тартқандар; салдықтың салтанатын құрып, серіліктің сергелдеңіне түскен; қоғамынан, өмір сүрген ортасынан қорғаныш таппай, баяны, тұрлауы жоқ, бейопа ғұмыр кешкен; сұқтың көзіне, елдің қаңқу сөзіне ұшырай беретін; үнемі сұлу құшқан, қыз біткенді өзіне ынтық қылған ақын, ән­ші, композитор, аңшы әрі құсбегі; орта­ның сәні, ұлы даланың өмір салтын қалып­та­стырған, Алла ерекше сұлу ғып жаратқан ғажайып құбылыс. Ел жақсылары оларды еркелеткен, үкілеп ат мінгізіп, төріне шығарған; төрелеп төбесіне тұтқан, аялап алақанына салған, аяғын жерге тигізбеген.

Ұқсас сұрақтар

...