0 дауыс
21.3k көрілді

Ол күйші туралы жазылған.

1 жауап

0 дауыс
Әнші, күйші сері Сейтек аралданқашып шықты. Домбырасын тастамай қолтығына қыса кетті. Салды теңізге итеріп жіберіп, Сейтек ең ақырғы боп өзі мінді.

        - Қош, Сахалин! Бұл дауыста қауіп те, үміт те бар-ды.

     Алдында сұлап жатқан теңізге Сейтек көз жібермеді. Мелшиген мылқау мұхит. Түпшіс тұңғиық. Аспан мен дария тұтасқан, біріне-бір ұқсас. Құдды аспан айналып суға тускендей. Толқынға көмілген жанқадай сал лезде теңіз қатпарында жоқ.

          "Сәт" деді ішінен Сейтек бекініп, Серт берген пішінмен. Ендігі серті - тез ғана елге жету. Зұлымдық жасап "барса келмес" аралына жіберсе де, тірі қайту; байтақ далада сұлу жарын, кәрі анасын құшу, туған елде күй шабытын шарықтатып, тағы да шыңға сермеу; журектегі зар боп қатқан қайғыны күйге салып халыққа тарату жазықсыз қиянат, әділетсіз заманның құралы екенін аңғарту ; бойдағы барлық қуат,тілек,сезім соған шақырады.

                     Қашқандар бір күн, екі күн ... толқынмен ақты. Азық таусылды, қуат азайды. Қауіп күшейді.

 Бір кезде айнала бозарып, тұман серпіліп, көз ұшында ноқаттай бірдеме қарайды. Жаға ма? Үміт жағасы ма? Бұл қарайған өмір үміті емес пе!! Па, шіркін!...

Сейтек шыдамай қолтығынан кішкене домбрасын жұлып алды. Он саусағы безектеп, домбыра бебеу қақты.

 Сейтектің серіктері де күйге ұйып, тыңдай қалыпты. Оларда ызғарлы теңіз-қаупін  ұмытты. Күйге беріліпті. Әне, Василийдің көзінен домалап аққан жас теңіз суына қосылып жатыр.

Теңіз бетінде   құйындай ұйытқыған толқын арасынан кеудесін ашып, анасы Бәтима құшағын жаяды... Әлден уақытта оның бейнесі ғайып боп, күй жемісі өзгереді. Заматта қаратунек жоғалып, үміт жиелінен күн шығады. Бұл " Заман-ай" күйі еді.

 Осы кезде:

  - Әне, жиек! - деп шулап жіберді қашқындар. Сейтек бөркін алып,домбыраға сүйеніп, сонау жиекке тесіле қарады. Арманы осы еді. Оның қонырқай жүзі жадырады,көзінеде құбылған бейнет, қайғы, жалғыздық көлеңкесін қуаныш басты.

Алыста, таң сәулесі акстында, теңіз жағасында қарай нұсқа азаттық белгісі еді.

Ұқсас сұрақтар

...