0 дауыс
Протеин бойға зиян ба, пайдалы ма, айтып жіберсеңіздер?
13.01.2017 1.7k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Әрине,протеин өте пайдалы.Адам ағзасындағы көптеген пайдалы элементтер ақуызы мол тағамдардан келеді. Ал ағзадағы ең маңызды нәрсе ақуыз екені айтпаса да түсінікті. Ақуыз бұл көптеген алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының негізгі көзі. Амин қышқылдарымен ішкі органдар, сүйек және бұлшық еттердің қоректенетін ескерсек, ақуыздардың біздің ағамыздағы рөлі зор екенін байқаймыз.

Тағамда ең маңызды үш элемент бар: ақуыз, май және көмірсулар. Әрқайсысында калорияның көптеген мөлшері бар. Ақуызда 1 грамға 4,1 ккал, көмірсуларда да осындай көлемде. Ал майда 1 грамға шаққанда 9,2 ккал калория бар.
13.01.2017
0 дауыс
Табиғи, еш зияны жоқ балық, жұмыртқа, ірімшік, айран, крупы, тауық еті жақсы емес пе!? Ақуыздың көкесі осы тамақтарда. Протеин бауырға зиян.
14.01.2017
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
72,998Қолданушы