0 дауыс
4.8k көрілді
Эктоморфты адамдарға салмақ жинау үшін, қандай гейнер немесе протеин (ақуыз) ішуге кеңес бересіздер?

Көбісі айтады олардың зияны бар деп, бірақ мен оған сенбеймін. Өйткені, соларды ішкендердің ешқайсысы әлі зиян деп айтып көрген жоқ. Протеин деген қазақшааударғанда ақуыз, яғни адамның организміне керек нәрсе?! Жалпы арық адамдарға оларсыз салмақ жинауға, бұлшық еттің шымыр болуына мүмкіндік жоқ дейді, кейбір сарапшылар! Осыған не дейсіз?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Салмағының артуы үшін адамға калориялығы көп тамақ тұтыну, протеин ішу жеткіліксіз. Сіз бұлшық өсуі үшін спортпен айналысуыңыз қажет.Сонда ғана сіздің денеңізге енген калориялар май болып кетпей, бұлшық еттеріңізді өсіреді.

Тамақтан әрине (ет, құс, балық, сүт, жаңғақ, бұршақ, бұршақ ...) ақуыз алуға болады. БІРАҚ арнайы  протеиндік тамақтануды жасады ғой. Ол  спортпен шұғылданатындарға,науқастарға арналған ... Даму тамақтану және диетологияның жетекші мамандары жасады . Бұл (ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ) балалардың арнайы тамағына ұқсас  - тек ересектер үшін. Негізгі тамақтануға қосымша көмек  ретінде пайдалануға арналған. СПОРТТЫҚ ТАМАҚТАНУдың -  энергетикалылығы жоғары және оңай сіңіріледі. Ауыр жаттығулардан кейін кейін тез қалпына келуге көмектеседі!!! САПАЛЫ спорттық тамақтың еш зияны жоқ!!! Менің досым 2 жыл болды  " MULTIPOWER "деген немістікін ішеді .Денсаулығы да дене сымбаты да тамаша!!!
Әрине, білемін ғой! Мен фитнес орталығына барып ауыр темірлерді көтеріп, шынығып алып ішемін гейнерлерді! Кеңесіңізге рахмет!
0 дауыс
Гугл дан как набрать массу для эктоморфа деп жазсаң орысша неше түрлі кеңестер шығады.
Ең алдымен базалық жаттығуларды көп жасау керек дейді. Олар штангамен приседание жасау, жатқан күйде және тұрған күйде сығымдап көтеру (жим лежа и стоя).
Ірімшік пен жұмыртқа салмақ жинағысы келетіндерге жақсы азық. Эктоморфқа салмақ жинау кезінде салмағыңның әрбір кг-на 2,5 гр-ға  жуық нәруыз тамақта болғаны дұрыс көрінеді. Жүгіру мен суға түсу эктоморфтарға соншалықты керек емес. Себебі бұл жаттығулар бұлшық етті өсірмейді.
Тренировка жасағанда ВСАА қабылдау керек, протеинді қоспаларды тренировка жасарда және жасап болған соң қабылдау керек. Мәліметтер http://nakachajsa.ru/kak_nabrat_ves_ektomorfu.php және http://fitseven.ru/bolshe-myshts/kak-nabrat-myshtsy-ectomorphu сайттарынан аударылды.

Ұқсас сұрақтар

...