Әрине,протеин өте пайдалы.Адам ағзасындағы көптеген пайдалы элементтер ақуызы мол тағамдардан келеді. Ал ағзадағы ең маңызды нәрсе ақуыз екені айтпаса да түсінікті. Ақуыз бұл көптеген алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының негізгі көзі. Амин қышқылдарымен ішкі органдар, сүйек және бұлшық еттердің қоректенетін ескерсек, ақуыздардың біздің ағамыздағы рөлі зор екенін байқаймыз.
Тағамда ең маңызды үш элемент бар: ақуыз, май және көмірсулар. Әрқайсысында калорияның көптеген мөлшері бар. Ақуызда 1 грамға 4,1 ккал, көмірсуларда да осындай көлемде. Ал майда 1 грамға шаққанда 9,2 ккал калория бар.