0 дауыс
4.9k көрілді
Қаратпалардың жануарларға, құстарға немесе басқа да жансыз заттарға айтылғанына байланысты өздерін білетін ақын-жазушылар шығармаларынан мысалдар келтіріңдер.

2 жауап

0 дауыс
Маңмаңгер, кекілің келте, жалын майда,

Байлаған сені сылап қалқатай да.

Жүресің желмаядай жануарым,

Көрейін қызығыңды осындайда.

Ахау, туған елім,

Балаң едім.

Өзіңе осынау әнді,

Ала келдім.

Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,

Дер екен қалқа қалай келісіме.

Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,

Осынау ән күйіндіріп түсті есіме. (Ақан сері) Маңмаңгер - жылқы
+1 дауыс

"Қызғыш құс" Махамбет

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорғаны мен едім.

Мен де айрылдым елімнен;

Көл қорғаны сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

Аспанда ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған - Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған - Хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып - айтпай немене, Құсарлықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні!
 

...