0 дауыс
584 көрілді
Хотико сияқты иесін күтіп қатты жақсы көретін жануар иесі барма бұл өмірде болды ма ондай?

2 жауап

0 дауыс

Иесін күтіп жүретін Хатикодан басқасын білмедім. Бірақ, иесіне адал Балто деген қасқыр/ит бар. Ол 1925 жылы АҚШ-тың Аляска штатындағы дифтерия эпидемиясы кезіндегі дәрі-дәрімекті тасуға көмектескен  ит. 

Балто 1919 жылдың 10 ақпанында Алясканың шағын Ном қаласында дүниеге келген. Өмірінің алғашқы жылдарында Балто қала үшін тағам тасымалдауымен өткізген. Ол баяу және ауыр жұмыс үшін дағдыланбаған болып саналған. Өмірінің соңғы жылдарын ол Огайо штатындағы Кливленд қаласының зообағында өткізген және 1933 жылдың 14 наурызында өмірден қайтты.

Ол туралы мультфильмде түсірілген. Ол жартылай қасқыр, жартылай ит. Ол өзіде  білмейді кім екенін.  

Мультфильмді мына жерден көруге болады. Әсерлі мультфильм.

 

0 дауыс
Мына оқиға есімде. Мен мектеп жасына келгенде мені қаладан алып кетті. Шопан ауылға келдік. Біраз сонда тәрбие алдым. Жалғыз үй қыстақ. Үйімізде Маусик деген күшті мысық болды. Мама (үйдегі әйел) қайда барса да Маусик соған еріп жүреді, сол кісіні жақсы көреді. Апрельде үй көшейін деп кетейін деп жатқанда Маусикті таба алмай қалдық. Іздеп таба алмағасын тастап кеттік. 6 айдан соң октябрьде қыстаққа қайта көшіп келдік. Кешке шай ішіп отырсақ Маусик есіктен кіріп келіп шай құйып отырған мамаға сүйкеніп, мияулап еркелегенғо. Маусикті тірі деп ойлаған жоқ едік. Мама шошып кетіп бақырып жүгіріп барып залға кіріп кетті де есіктен сығалап қарап тұр. Содан кейін барып, мынау Маусикко деп көтеріп алып бауырына басып еді одан сайын еркелеп қайда кетіп қалдыңдар дегендей маманың бетіне қарап жіңішкелеп мияяяяу дейді. 6 ай бойы ай далада қалай күн көрді екен шөлдемей. Маманы қатты жақсы көрген маусик қыстақтан кетпей бізді 6 ай күтті.
...