0 дауыс
Дос қызымды болашақ жар етіп алсам ба деп едім ! бірақ қаншалықты ақылды және адал жар болатынын қалай білсем болады ? ағалар , әпкелер кеңестеріңізді беріңіздерші ! рахмет !
22.10.2014 986 қаралым

3 жауап

+1 дауыс
Ата анасына қарап ал, ата анасы оқыған, көзі ашық кісілер болса балаларына да жақсы тәрбие береді. Бірақ айналып келгенде әр адамның санасына байланысты, Өзін да ынжық болмасан любой қызды тәрбиелеп аласын ғой үйленгеннен кейін. друг познается в беде, а жена в бодности.
22.10.2014
+1 дауыс
Таңдаған тазға жолығады деген қағиданы былай ысыра тұрып, өзіңізге лайықты жарды жақсылап таңдағаныңыз абзал. Себебі, бұл өмірдің мәні де, мәнісі де, нығыметі мен берекесі де сүйікті жарыңызға қосылғаннан басталмақ. Негізінен өмірлік жар деген, адамның есімі секілді онымен өмір бойы бірге болады. Болмысын бүтіндеп тұратын тең жартысы десек те артық болмас. Сол себепті де өмірлік жарыңызды ойланып, өмірлік екенін ойға алып барып таңдаңыз...
22.10.2014
+2 дауыс
Өзіңізден бастаңыз. Адамның әрекеті, сана-сезімі мен көзқарасы жұқпалы болады. Егер жаныңыздағы адам қандай болсын деп күтсеңіз, өзіңіз сондай болыңыз, аққа құдай жақ, көп кешікпей ол адам да ойыңыздағы қасиетке ие болады! Тек, сөзбен түсіндіріп не күштей көрмеңіз, одан түк шықпайды. Іспен, әрекетпен үлгі болу керек!
22.10.2014
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы