0 дауыс
688 көрілді
Қазіргі ақын-жазушыларды оқисыз ба?

6 жауап

+1 дауыс
Негізі жазушылардан гөрі қазақ ақындарын көп оқимын, қазіргі заман ақындарынан Фейсбукта Ақберен Елгезек, Гүлзада Ниетқалиева, Бағашар сияқты ақын достарым бар екенін мақтан тұтамын
0 дауыс
Мұқағали Мақатаев, Абай Құнанбаевтардың кітаптарын оқимын.
0 дауыс
Негізі қазіргі ақын-жазушыларын оқи қоймаймын. Себебі түсініксіз. Бұрынғы Абай,Мұхтар, Шәкәрім,Шоқан, Бейімбет, Сұлтанмахмұт, Жамбыл сынды ақын-жазушыларымыздың шығармаларын әлі күнге сүйіп оқимын. Түсінікті өмірге ғибрат аларлықтай керемет жазылған шығармалар.
0 дауыс
Қазіргі ақын-жазушыларды біз емес бізден кейінгілер оқитын шығар.Өз басым қазіргілерді көп оқымаймын. Оқысам анда-санда Танакөз Толқынқызын оқып тұрам. Ал көбінесе Абай, Шәкәрім, Мағжан, Ілияс, Мұхтар. Осы ақын-жазушыларды жөн көремін.Әсіресе "Абай жолы" романын оқи бергім келеді.
0 дауыс
Қазігіден тек қана Мұхтар Шаханов қо заманауы жазушыларды әдеби кітап бетіне шығармайды
0 дауыс
Қазіргілерден тек ақындардың өлеңін ғана оқып жүрмін. Рахат Әбдіраханов деген ағамыздың өлеңдері ұнайды.
...