Маңмаңгер, кекілің келте, жалын майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.
Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме. (Ақан сері) Маңмаңгер - жылқы