0 дауыс
478 көрілді

Біздің көптеген жетістіктеріміз немесе қателіктеріміз әдеттерімізге байланысты. Әдеттер – біздің екінші болмысымыз деп бекер айтпайды ғой. Сондықтан әдеттеріңіздің ішінен анағұрлым пайдалылары мен ресурстыларын дәріптеңіз. Барлығы әрине мақсаттарыңызға байланысты. Өнімді әрі табысты болғыңыз келсе, барлығын жоспарлауды үйреніңіз. Спорттық сымбатты қалайсыз ба – жиі жаттығуға дағдыланыңыз. Өз істеріңіздің шебері болуға талпыныңыз, көбірек оқып, ұдайы үйрену керек. Алайда әлсін-әлсін өз мақсаттарыңызды қорытындылап, қайта бағалап, өз әдеттеріңізге тексеріс жүргізіп отыруды ұмытпаңыз. Бәлкім, әлдебірімен қош айтысарсыз, не жаңа машықтар игерерсіз.

Егер әрбір таң сайын сіздің іс-әрекеттеріңіз сіздің көңіл күйіңізге байланысты болса, сіз нәтижесінде пайдалы ешнәрсе бітірмейсіз, алтын уақытыңызды текке құртасыз. Мұндайға жол бермеу үшін өзіңізді қамшылап, күнделікті бірдей таңдау жасаңыз. Және оны не үшін жасап жатқаныңызды, түпкі мақсатыңызды жадыңыздан шығармаңыз. Сол кезде меңгерген машығыңыз өміріңіз бен ұдайы дамудан әлдеқайда көбірек ләззат алуға көмектеседі. Нәтижесінде сіз барлық жаңа істеріңізге табыс әкелетін пайдалы әдеттерді игересіз. Аристотель айтқандай: «Үнемі істейтін ісіміз – біздің шын болмысымыз».

Сондықтан, достар, өз бойыңызда дамытуыңыз қажет әдеттердің тізімін жасап, күн сайын соларға дағдылануға қадам басуға кеңес беремін. Сәттілік! 

1 жауап

0 дауыс

Иә, толықтай келісемін Сіздің ойыңызбен. Әдет - мінезді, мінез өмірімзді бағдарлайтынын ескеріп, Сіз айтқан ақыл-кеңесті орындай білсек - жетістік!

...