0 дауыс
2.5k көрілді
Өкпелей беру әдетінен қалай арылуға болады ?

4 жауап

+2 дауыс
Өкпелеудің бірнеше түрлері болады:

Кездейсоқ өкпелеп қалу; Байқаусызда айтылған сөзден немесе істен болады. Көп жағдайда ренжіткісі келмей, абайсызда болып қалған кездер.
Жоспарлы түрде өкпелеп қалу; Намысына тию, тиісу, қорлау, бәсекелестік туындаған шақтарда орын алатын әрекет.
көп орын алатын өкпелеудің түрі. Өзіне назар аударту мақсатында әдейі өкпелеп қалады.
Жасырын түрде өкпеелп қалу; Счырт көзге реніщін білдірмесе де, эмоциясын көрсетпесе де, реніш кернеп тұруы мүмкін.
Ментальді түр; Өкпелеудің осы түрі кездесетін адамдар өкпелеуге бейім, дайын тұрады. Бұл адамдар бала кезінен-ақ реніш арқылы қалаған дүниеге қол жеткізуге боалды деп шешім қабылдап алғандар.

 

 

Өкпелеуді доғару немесе азайтудың техникасы

Өкпелеуді доғарып, адамды кешіруге бола ма? Болса қалай жасалады? Жауап барлығымызды қызықтырады. Кейде өкпемеуге ешбір кеңестер көмектеспей кетеді. Ондай шақтарда мәселеге одан әрі салмақты түрде қара, мына техникаларды жасап көріңіз:

Медитативті. Ол үшін майшамның алдына отырып, жайлы әуен тыңдау жеткілікті. Содан соң кзіңізді жұмыңыз да, алауға қарап өкпелеткен адамды елестетіңіз. Оның образын жасап алыңыз. Соңында онымен сөйлесіп, тілек  тілеп ,бақыт тілеңіз. Отқа қарап тұра тұрыңыз. Көзіңіз жұмулы болсын.
Өртеуші. Парақ алып бар өкпеңізді жазыңыз. Содан кейін парақты өртеп жіберіңіз. Парақты өртеп тұрып барлық өкпені босаттым деп сезініңіз.
+3 дауыс
Психологтардан естуім бойынша, өкпелеген адамыңызды, ол жоқ кезде көз алдыңызға елестетіп, оған гүл сыйлап жатқаныңызды, оның қалай қуанып, алғыс айтып жатқанын көруіңіз керек. Сонда, ол адамды шындап көрген кезде, ренішіңіз басылатын көрінеді. Бірақ бұл жол бәріне көмектесе бермейді.

Ең дұрысы барлық жайттарды көңілге жақын алмау керек. Қазір сұмдық жаман, ұят болып көрінген жайттарды болашақта күліп еске аласыз. Адамдармен де солай. Барлық істің себебі болады, бәрінің өз шындығы бар. Көп нәрсеге түсіністікпен қараған жөн. Осыны үнемі есте сақтап жүрсеңіз, көп өкпелемейтін боласыз.
+1 дауыс
Өкпелемеу үшін бір сөзді болу керек! !!
+1 дауыс
Ең əуелі өзің басқа адамды өкпелетіп, ренжітпеуге тырысу. Сосын күліп жүруге тырысу, жақсы тіл табыса білу керек. Ал егерде осы қолыңыздан келмесе, сізді өкпелеткен адамдардан алшақ жүріңіз.

Ұқсас сұрақтар

...