0 дауыс
4.5k көрілді

Инсулиннің артық мөлшері - ағзаның естен тануына әкеліп соқтырады?

1 жауап

0 дауыс

Қандағы қант деңгейінің күрт артуында оның соңынан инсулинді өндіру деңгейі де күрт артады. Инсулиннің артық мөлшері мидағы «аштық орталығын» қоздырады, осының салдарынан адам тағы да жегісі келеді. Күніне 40-50 гр қант тұтынуға болады, оған өнімдердің құрамындағы қант та кіреді (оңтайлысы, қантты одан да аз тұтыну немесе мүлде тұтынбаған жөн). Бір реттік тұтыну 10-15 гр ғана құрауы тиіс. Тәбеттің жоғары болуының себептерінің бірі – организмдегі қандай да бір нутриенттің тапшылығы, қандай да бір дәрумендердің/минералдардың жетіспеуі туралы организм аштық сезімі арқылы хабарлауы мүмкін.
Дене белсенділігі артық килограмдарды «жоюға» көмектеседі. Оңтайлы дене белсенділігін қамтамасыз етіңіз, күніне кемінде 30 минут жаяу жүріңіз, лифтыны пай­даланбаңыз, ауада жасалатын жаттығуларды орындаңыз, белсенді демалысты таңдаңыз.

...