0 дауыс
17.6k көрілді
Инсулин жетіспегенде туатын ауру?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұйқы безінің гипофункциясында инсулин жетіспейді да қант диабеті ауруына ұшырайды))) Или академик Махтар Әлиев дұрыс деп көрсектендей "сусамыр ауруы" деп аталады. Бірақ меніңше қант диабеті деп атаған дұрыс сияқты...))
+1 дауыс
Қантдиабеті дегенге инсулин салмайтын беді.
Қант диабеті екіге бөлінеді.  Инсулинді қажетет етін,және қажет етпейтін түрі болады.Инсулин қажет ететін түрі қанда глюкоза көбейгенде міндеьтті түрде инсулин салу керек,егер дер кезінде салмаса,адам гипергликемическая кома, тіпті өліп кету қаупі бар. Ал инсулинді қажет етпейтін түрі, қатаң диета сақтау арқылы қандағы қантты қалыпты мөлшерде ұстауға болады.
+1 дауыс

Гормондар

Гормондар. Гормондар көп жасушалы организмдегі маңызды тіршілік қызметтерін реттейтін химиялық заттар. "Гормон" термині грек тілінен аударғанда "хормао" — коздырамын, қозғалыска келтіремін деген мағынаны білдіреді. Осы терминді 1904 ж. У.Бэйлис пен Э.Старлинг енгізген.
Гормондардың әсерін зерттеу — қазіргі биологияның ең басты мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде гормональды сигналдың жүзеге асырылу механизмі анықталған. Ең алдымен, белгілі бір қабылдағыштар гормонды тануы керек және мұнда аралық сигналды заттар — мессенжерлер немесе екінші реттік гормондар міндетті түрде қатысады. Гормональды сигналдың жүзеге асуы олардың телімділігіне жөне сезімталдығына әрі сигналдар иерархиясына байланысты. Жоғары қатардағы гормон төменгі қатардағы гормонның (мессенжер) пайда болуын тудырады, ал төменғі қатардағы гормондар жоғары қатардағы гормондарға әсер ете алмайды. Гормональдық сигналдардың кеңістікте бытыраңкы болуы — міндетті шарт. Гормондық сигналдардың тасымалдануы қаскадтық (эстафеталық) жолмен жүреді. Әрбір эстафетаны тасымалдауда сигнал шифрі (пароль) өзгеріп отырады. Сондықтан да бірінші сигнал тек бір бөлімді қоса алады, басқа сигналдарды қоса алмайды.
Гормональды сигналдардың жүзеге асуын карастырайың. Гипофиз — мида орналасқан ішкі секреция безі. Гипофиз адренокортикотропты гормон беледі, ол қанға түсіп, қан арұылы бүйрек үсті безінің қабылдағышына әсер етеді. Осыған жауап ретінде бүйрек үсті безінде адреналин өндіріледі. Адреналин қан арқылы бауырға түсіп, бауыр жасушаларының кабылдағыштарына өтеді. Адреналиннің бауыр жасушаларына өтуі гликогеннің глюкозаға айналуын тездетеді. Ғалымдар адреналиннің бір молекуласының әсер етуінен қанда глюкозаның миллион молекуласы пайда болатынын есептеп шығарған. Нәтижесінде организмде ерекше күш-қуаттың жиналатыны байқалады. Адреналин қорку және қатты қуану сәтінде түзіледі.
Эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметін, олардағы гормондар мен зат алмасудың гормональды реттелуінің механизмін зерттейтін биохимия белімі эндокринология деп аталады.
Гормонның жеткіліксіз бөлінуі немесе олардың қызметінін бұзылуы қауіпті аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мысалы, Қазақстанда тағамда йод жетіспеуі нәтижесінде болатын қалқатиа без ауруы (зоб) кең тараған. Бұл ауытқулар қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әсер етеді. Инсулин жетіспесе, қант диабеті ауруына шалдығады.
Гормондар өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, ауксин гормоны жасушаның созылып өсуін реттейді. Гибберелин тұқымның әнуін тездетеді. Цитокинин жасушалардың бөлінуін жүзеге асырады. Этилен органоидтер мен ұлпалардың тез қартаюына әкеледі.
• Барлық организмдер жасушаларьшың құрамына әр түрлі органикалық заттар кіреді.
• Жасуша құрамында көмірсулар мөлшері кеп болады. Көмірсулардың ішінде ең маңыздысы — глюкозаның полимері — крахмал (гликоген).
• Липидтерден биомембраналардың негізгі құрылым материалы фосфолипидтер алынады.
• Көмірсулар мен липидтер энергетикалық құрылымдық, қорғаныштық және қорға жинау қызметтерін атқарады.
• Витаминдер жасушада аса маңызды рөл атқарады. Витаминдердің жетіспеушілігі түрлі ауруларға, мысалы, құрқұлак, бери-бери және пеллагра ауруына шалдықтырады.
• Гормондар организмнің негізгі тіршілік қызметтерін реттейтін ерекше заттар.
• Гормоналыды сигналдар иерархиясы болады: жоғары қатардағы гормондар төменгі катардағы гормондардың пайда болуын тудырады.Немесе толығырақ мына жердан қарап көріңіз:

...