Қандағы қант деңгейінің күрт артуында оның соңынан инсулинді өндіру деңгейі де күрт артады. Инсулиннің артық мөлшері мидағы «аштық орталығын» қоздырады, осының салдарынан адам тағы да жегісі келеді. Күніне 40-50 гр қант тұтынуға болады, оған өнімдердің құрамындағы қант та кіреді (оңтайлысы, қантты одан да аз тұтыну немесе мүлде тұтынбаған жөн). Бір реттік тұтыну 10-15 гр ғана құрауы тиіс. Тәбеттің жоғары болуының себептерінің бірі – организмдегі қандай да бір нутриенттің тапшылығы, қандай да бір дәрумендердің/минералдардың жетіспеуі туралы организм аштық сезімі арқылы хабарлауы мүмкін.
Дене белсенділігі артық килограмдарды «жоюға» көмектеседі. Оңтайлы дене белсенділігін қамтамасыз етіңіз, күніне кемінде 30 минут жаяу жүріңіз, лифтыны пайдаланбаңыз, ауада жасалатын жаттығуларды орындаңыз, белсенді демалысты таңдаңыз.