Тіл, Сөз | 551 қаралды
551 қаралды

Бірде әжемнен жақсы адамның қандай болатынын сұрадым. Әжем үндемеді. Екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды.

Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Сонда әжем: "Жақсы адам осындай мейірімді, ізгі болады", - деді. Жақсылықтың басы - адамдық пен мейірім екенін түсіндім.

Жақсы адам туралы шығарма бар ма?

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Онға бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

118,323 сұрақ
305,127 жауап
153,293 пікір
67,476 қолданушы