+1 дауыс
81.4k көрілді
Жаныңда жүр жақсы адам тақырыбына шығарма тауып бере аласыздар ма?

6 жауап

0 дауыс
Шынында, күнделікті өмірде адам кімнің кім екенін де ескере де бермейді. Қарбаласқан тіршілік оны ойлап ескеруге де, елеуге де дес бермейді, көңіл бөлінбейді.

Сондай жақсы жанның бірі -  Қуатова Айтансық Жабатайқызы. Бар ғұмырын ұстаздыққа  арнаған Айтансық Жабатайқызының да көктемі мен жазы, қыруар күзі  жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған. «Ұстазым менің ұстазым,өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстаздарға арналса керек.

1968-1972 жылдары Саран қаласындағы педагогикалық училищесін бітірген жас ұстаз еңбек жолын  бұрынғы № 13 аралас мектебінде қазақ тілі сабақ беруден бастаған еді. Көп кешікпей тәуелсіздік таңымен бірге дүниеге  қазақ мектебі де  келіп, Айтансық Жабатайқызы № 15 орыс мектебінде  ашылған қазақ сыныптарына ұстаз болып орналасады. Бұл – 1991 жыл еді. Жәудіреген 18 қара көз қазақ баласын  оқыту бақыты осылай Қуатова Айтансық Жабатайқызына  бұйырған болатын.

Оқушылар саны көбейген сайын қазақ мектебінің тарихы да қиындай түсті. Бірде «Солнышко» балалар бақшасында, бірде № 5 мектеп-гимназиясында оқып, тұрақты мекен-жай, өз шаңырағы болмаған қазақ мектебінің қиын-қыстау кезеңінде, 1993-95 жылдары Айтансық Жабатайқызы мектеп директоры болу жауапкершілігі жүктелген еді.

Жаңа құрылған мектеп, тәжірибесі аз жас ұстаздар, оқушыларға керекті жағдай, дұрыс білім беру сияқты көптеген, шешілуге тиісті түйіні қиыністердің басы-қасында болып, ел қатарлы мектеп атану міндетін атқаруда Қуатова Айтансық Жабатайқызының қажырлы еңбегі мен ұлтжанды ұлы қасиеті  зор табыстарға жеткізіп еді. «Көш жүре түзеледі» демекші жыл өткен сайын сол ұйқысыз түндер мен сан алуан қиындықтар  тізгінделіп, қазақ мектебінің де білім мен сапасы артып ел көзіне іліне бастаған бақытты күндер туған болатын.

Ардақты ұстаз еңбегі еленіп, бұл күнде қазақ мектебінің  алғашқы қарлығаш ұстазы, алғашқы директоры ретінде құрметке ие, бақытты ана, ұлағатты ұстаз.

Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай Елбасының Алғыс хатымен  марапатталған 1 санатты ұстаз. 2006 жылы ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері деген атаққа ие болды. Көп жылғы еңбегінің жемісі мен жеңісін көру – ол да бір ғанибет. Өзі білім берген көптеген шәкірттері бұл күнде еліміздің әр түкпірінде  еңбек етіп, ел құрметіне бөленуде. Базарбаева Айнұр  атты шәкірті бір күндері Республикалық 21 ғасыр көшбасшысына қатысқан жүлдегер болса, бұл күнде облыстық әкімшілікте қызметкер. Сатов Аян – Шахтинск қаласында  прокуратурада, Сатов Аман — әкімшілікте  жұмыс істеуде. Шайкенова Ажар, Ахметов Қуат, Әбдірахманова Назерке, Есмағанбетова Айнұр  сияқты  оқушылар жоғары оқу орындарын үздік бітіріп, әр түрлі салада еңбектенуде. Еңбегің жанды деген осы емес пе?!

Өнегелі  де ардақты жан Қуатова Айтансық Жабатайқызы – үлгілі отбасының қамқоршысы. Отағасы — Өмірзақпен тату-тәтті өмір сүріп,  үш перзенттерін ұяға қондырған бақытты ата-ана, бес-алты немерелі абзал жандар.

Бұл күндері Айтансық Жабатайқызы өзі шаңырағын көтеріскен қара шаңырақ қазақ мектебінде жұмыс істеуде. Биылғы жылы қаңтардың он екінші жұлдызында ұлағатты ұстазды өз ұжымы зейнеткерлікке шығарды.

Білім беру саласында 37 жыл танбай еңбек еткен жайдары да жайсаң ұстазға біз ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат пен амандық тілейміз.
+1 дауыс
Жаныңда жүр жақсы адам.

Жақсылық- адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз. Жақсы адам өмірде көп, алайда кейбір адамдар іштарлықтан, қызғаныштан жаман істерге барып жатады, бұл өте өкінішті. Адам баласы табиғаттың басқа жаратылыстарынан сезімімен, ой-сана, ақылымен, әсіресе, бір-біріне жақсылық жасап, ізгілік көрсетумен ерекшеленеді. Осындай ерекшелігі, артықшылығы бар адамдарға жақсылық жасап, біреуді қуанта білуге асығу керек дегім келеді.

Жақсылық күн секілді, кейде, бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің қасымда өте көп. Олар менің әкем мен анам, оқу- білімге үйрететін ұстаздарым, достарым, туған-туысқандарым. Олар маған үнемі жақсылық жасап, қиын кезде көмектесіп, өмірімнің мәнді де сәнді өтуіне септігін тигізуде. Осыған қарап өмірде жақсы адамдар аз деп айта алмаймын. Ал, еліміз үшін халқымның қамын, бүгінгісі мен болашағын ойлап жүрген жақсы адам Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісінің жақсылығының арқасында осындай тыныш та бейбіт, бақытты күн кешудеміз. Ендеше, осындай жанымызда жүрген жақсы адамдардың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап жүрейік. Әрбір адамның қасында жақсы жанның жүруін тілеймін.
Өте керемет!!!
Оте жаксы жазылган
+1 дауыс
Жақсылық - адамның ойы, іс-əрекеті. Жамандықтан аулақ болып, қашанда болмасын адамға қол ұшын беретін адамды жақсы адам деп айтамыз. Жақсы адам өмірде өте көп, соның бірі менің досым Аслан. Біз Асланмен кіші кезімізден доспыз. Аслан өте қарапайым , жақсылық жасайтын бала. Ол маған əрқашан көмек беріп жүреді. Əрқашан өз заттарымен бөліседі, үй жұмысын істей алмасам оныда жасауға барынша көмек береді.  Біз Аслан екеуіміз бос ауқытымызды бірге өткізуге тырысамыз , əрқашан бір - бірімізге демеу болып жүреміз. Осыған қарап өмірде жақсы адамдар аз деп айта алмаймын. Сондықтан осындай жанымызда жүрген жақсы адамдардың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап жүрейік. Əрбір адамның қасында жақсы жанның жүруін тілеймін.
0 дауыс
Өтініш, Жанымдағы жақсы адам атты такырыбына шығарма айтасыздар ма ?
0 дауыс

Боливия қонақтарының қызығушылығын арттырған неден жасалған зат тудырды

А)гипстан

Б)кальциттен

В)белоречиттен

Г)ас тузыныа

Д)ак туске боялган агаштан

0 дауыс
Менің жауабым жоқ
...