0 дауыс
15.5k көрілді
Көмірсу жайлы қызықты материалдар керек, және қызықты экперименттер болса?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Көмірсулардың маңызы көп қырлы. Олар өсімдік клеткаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры /крахмал/ түрінде жиналады. Жануар мен адам организмінде көмірсулар химиялық энергияның ең басты көзі болып табылады. Жануар организмінің тканьдерінде гликоген түрінде қор болып жиналады.

      Көмірсулар химиялық құрамы жөнінен  3 класқа бөлінеді :

Моносахаридтер –қарапайым қанттар /глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза/.
Дисахаридтер — әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады / сахароза, мальтоза, лактоза/.
Полисахаридтер — өте күрделі заттар/ крахмал, клетчатка, гликоген/.

Биологиялық жағынан пентозалар мен гексозалар үлкен маңызға ие.

 Көмірсу алмасуы- жалпы зат және энергия

алмасуыларының құрамды бөлігі.

Жануар сілекейінде көмірсуларды глюкозаға / жүзім

қантына/ ыдырауын туғызатын ферменттер болады. Птиалин ферментінің /амилазалардың/ әрекетімен крахмал әуелі декстриндерге, одан соң дисахарид мальтозаға бірден айналады.

     Жоғарыда сипатталған өте күрделі процестерден кейін түзілген төмен молекулалы қосындылар, яғни моносахаридтер /глюкоза, фруктоза, галактоза және басқалары/ лимфа мен қанға тарайды.Сөйтіп, көмірсулардың қорытылуы ащы ішекте аяқталады.
...