0 дауыс
9.9k көрілді
Сүтқоректілер туралы қызықты мәліметтер керек?

3 жауап

0 дауыс
Жыртқыштардың барлығы және құстардан пингвин, сүтқоректiлерге жатады. Сонымен олар туралы қызықты деректер көп: Қасқырлар туралы қызықты деректер *.Ауа-райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді. *.Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы - 20 000 жыл. *.Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілк иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады. *.Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік. *.Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады. *.Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады. *.Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады. *.Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті. *.Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг. *.1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. Қазіргі таңда олардың саны бар-жоғы 65 000. *.Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады.Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар. *.Қасқырлар осыдан 35 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Mesocyon» атты жануардан пайда болған. Бұл жануарлардың аяқтары қысқа, кеуделері ұзын еді. *.Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзе алады. *.1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды. *.Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады.
пингвин сүтқоректіге жатпайды (қасқар туралы жақсы жазыпсың)
0 дауыс
Жана Зеландияда бирде-бир суткоректи жок дегенди окыганмын
0 дауыс
пингвин құстарға жатады
...