0 дауыс
575 көрілді
Сапалы қалташадағы шай мен сапалы жапырақты шайдың айтарлықтай айыомашылығы жоқ. Айырмашылығы тек демдегеннен кейінгі нәтижесінде ғана.

Жапырақты шай - анағұрлым жеңіл, ал қалташадағы шай - өте күшті. Себебі құрамында танин бар. Ол тез демделеді, бірақ белгілі уақыттан артық ұстасаңыз, дәмі ашты тартады. Шай демдеу ережесін сақтауға тырысып, шай қалташасын шыныда 10 минуттан артық ұстамаңыз. Өз басым екі минуттан артық ұстамағанды жөн санаймын.

Жапырақты шай белгілі бір күштілікке жеткенше қайнатылады. Мұнан кейін ол ашты да не тым күшті де болмайды. Ол жеңіл болғандықтан, қайнату қиынырақ, бірақ нәтижесінде хош иісі мұрыныңызды жарады. Сондықтан жапырақты шай асығыс, қарбалас уақытқа арналмаған.
Ал шай бетінде пайда болатын май қабықшасына келер болсақ, ол - шай емес, су сапасының көрсеткішісі. Егер су қатты болса шай бетінде қабықша пайда болады.

Сіз қандай шайды тұтынасыз? Қандай шай ішкен пайдалы?

1 жауап

0 дауыс
Сәлем,

негізі екеуінің айырмашылығы ол екеуінің бастапқыда дайындалу үрдісі кезінде ерекшеленеді. Жапырақ шайы негізгі қаймақтары, яғни сапалы ірі түрлері болып саналады. Ал қалта шайға көбіне ұсақ түйірлерді, яғни елеу үрдісінен кейінгі қалғандарын салады. Мен өзім көбіне жапырақ шайын пайдаланамын, ал қалта шайын сирек, жол жүргенде, шай демдейтін жағыдай болмаған сәтте пайдалананғанды жөн көремін. Желідегі ақпараттарға сүйенетін болсақ,қалта шайын жиі пайдаланбауды айтады, себебі оны қаптап тұрған қалташада фтор көп екен. Фтордың адам ағзасындағы мөлшері артып кетсе, сүйек сынғыш болып кетеді.
...