0 дауыс
1.4k көрілді
Қайырлы күн құрметті СЖ-лықтар! Қарапайым күнде ішіп жүрген шайдың соның ішінде қалташадағы шайдың зияны жайлы білгім келеді. Көк және қара шай емес.

3 жауап

0 дауыс

Шәйді қалташаларға орауды кім ойлап тапты? Бұл жайлы бірнеше ойлар бар. Кейбір жазбаларда 780 жылы қытайлық Лук Лудің шәйді жұқа қағазға орап дайындағаны жазылған. Басқалары шәй қалташалары соғыс кезінде, шәй және кофе мамандары кездейсоқ пайда болды деп жатады. Шәй қалташалары тек 1952 жылы Липтон компаниясымен патенттелді. 

Қалташадағы шәй ұнтағы сапасыз, нашар шәй түрлерінен жасалады, тіпті денсаулыққа зиян, қатты ұнтақталған шәйдің арасында  тозаң, кір болуы мүмкін деген пікір қаншалықты дұрыс?

Шын мәнінде қалташадағы шәй қатты ұнтақталған болуы керек, себебі шәйдің жапырақтары қалташада мүлдем түс пен дәм бермейді. Керісінше қатты ұнтақталғандықтан, бұндай шәй тезірек қызарып, дәм береді. Зерттеулер көрсеткендей, қалташа шәйіндегі кофеин, танин, басқа да биологиялық белсенді заттардың мөлшері кәдімгі шәйден төмен емес. Мамандардың айтуынша, қалташа шәйі қарапайым шәйден кем емес. Бірақ бұл тек жоғары сапалы, қымбат шәй қалташа түрлері жайлы айтылған. Жақсы қалташа шәйінің бағасы қарапайым шәйден әлдеқайда жоғары болады. Бұл қалташаға орауға кеткен қаражатқа байланысты.

Ал арзан, сапасыз түрлері шәйдің қалдықтары, бояғыш заттар, дәмдеуіштерге толы болады. Сондай-ақ құрамында химиялық қоспалар тым көп шәй қалташаларында фторид шамасы жоғары. Бұл химиялық тұздардың көп мөлшері ағзаға өте қауіпті.

Әрине қалташадағы шәй тек пайдалы не тек зиян деп айтуға болмайды. Бұл оны түріне, сапсына, құрамына байланысты болады. Мысалға жақсы шәй түрлері арнайы технологиялар арқасында өзіне шәйдің жақсы қасиеттерін сақтап қалады. 

Шәйдің сапасын тексеру үшін оны суық суға малып көріңіз. Су тез-ақ қызылға боялса, демек сіздегі шәй - боялған. Оның сапасы нашар, дәмі де онша емес. 

Қалташадағы шәйді ішу-ішпеу сұрағында алтын ортаны ұстанған жөн. Жұмыста, жолда қалташа шәйін ішуге әбден болады, алайда оның жақсы, сапалы түрлерін таңдаңыз. Ал үйде қалташадағы шәйға жоқ деп, асықпай шәй дәмдеуге ерінбеңіз. 

0 дауыс
Күнделікті тұтынуға ыңғайлы, жылдам дайындалатын қаптамадағы шайлардың өзіндік зияны да бар екен. Бұған әлем дәрігерлері көз жеткізді. Вашингтон университеттік медицина мектебінің ғалымдары адам денсаулығының қауіпсіздігі үшін шағын қаптамадағы қайнатылған шайды күніне 5 кеседен артық қабылдауға болмайды деп ескертеді. Себебі фтордың шоғырлануы, бойымыздың ықтималды шамасын жоғарылатып жібереді және денсаулықтың бұзылуына сеп болады.

Ғылыми деректер бойынша, қаптамадағы шай ағзада фтор шоғырлануының жоғарылауына, сүйектің тығыздануына әкеп соқтырады және оның әлсіздігін жоғарылатады. Ол аздай, сүйек тамырларының ауруына әкеліп соқтыратын қаңқа флюорозы деген аурудың дамуына да қарапайым шайдың әсері мол екен.

Қаптамаға салынатын шай жапырақтары қалпын жоғалтқан жапырақтар және төменгі сападағы шай қалдықтарынан жасалады. Сондықтан мұнда шайдың дәмі екінші сатыға ығысары анық. Дегенмен мәселе шайдың дәмінде емес, қауіптісі - қаптаманың қағазы болуы мүмкін. Шай қаптамаларының көбі пестицид ретінде пластиктың өндірісі үшін қолданатын құрылым - эпихлоргидринді қолдану арқылы өндіріледі. Бұл зат сумен байланысқа түскенде 3-монохлорпропандиол (канцероген) түзеді. Әрине, бұл зат көп мөлшерді құрамайды. Ал әңгіме қатерлі дертке келіп тірелгенде, құрап отырған заттың мөлшері қызықтыратыны сөзсіз. Бұл жерде адам ағзасының және иммундық жүйенің қалпы, күйі, адамның жас мөлшері, созылмалы ауруға шалдыққан шалдықпағандығы маңызды болып табылады.

Қаптамадағы шайға арналған қағаздарды өндіретін компаниялардың барлығы дерлік эпихлоргидринді қоса бермейтінін атап өту керек. Алайда сіздің сүйіп ішетін шай маркасында бұл заттың қолданыс тапқандығын анықтау қиын, өйткені оралынған қаптамасында бұл көрсетілмеген.
0 дауыс
Естуімше шай өңдейтіндер қалдық болып қалған өнімдерінен жасайды екен қалташадағын шайды. Біреуін асыш қараса майда қиқымдары көптеу ғой коробкадағыға қарағанда. Меніңше ондай асып бара жатқан зияны жоқ, өзім іше беремін кім не десе де. Коланы да сонша зиян етіп көрсетеді, солардың жартысы шындыққа ұйқаспайды, бұл да солай болу керек, черный пиар жасайды әдейі конкуреттері. Таяқтың екі жері жар сияқты, кез келген заттан табуға болады зиянды жағын, оған бола бас тарта берсен, аш қаласын)
...