0 дауыс
Білуімше екінші деңгейлі банктерлің сырттан алатын несиесі де сол қарыздың ішінде. Сонымен бірге қарыздың біраз бөлігін түрлі жобаларға салынған шетел инвестициясы алып тұр. Инвестициялық климаты тұрақты елдердің сыртқы қарызы көп болатыны сондықтан. Өзбек пен қырғыздың біз секілді қарызданбай отыруының да бір себебі осында. Олардың бірі экономикалық жобаларына өзгені көп араластырмай жабық саясат ұстанды, екіншісі төңкерістер арқылы инвесторларды шошытып алды. Ал Қазақстан 91-жылдан бері есік жапқан емес. Әрі тұрақтылық бар. Инвестиция тартумен үкімет түгіл, аудан әкімдігіне дейін айналысады. Соның бәрі қарыздың көлемін өсіріп тұрған шығар. Сондықтан мен өткен дағдарыстар кезінде бір көршімізден алып қойған қомақты ақшадан басқасына алаңдай қоймаймын.
01.09.2016 521 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы