0 дауыс
942 көрілді
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жекеменшік балабақшаларды ашуға үлкен көңіл бөлінуде. Бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа облыстарда ашылған жекеменшік балабақшалар туралы естідік. Осы мәселе Жамбыл облысында қалай жүзеге асуда?

1 жауап

0 дауыс
Осыдан 5-6 жыл бұрын естеріңізде болса, балаларды балабақшаға беру үлкен мәселеге айланып кетіп еді. Бар балабақшаларда орын жетпей, кезекте тұрғын балаларды орынмен қамту мүмкіндігі шектеулі болатын. Қазіргі жағдай жаман емес, бюджеттік және жеке меншік балабақшалар саны жыл санап артып келеді. 2010 жылға дейін облыста 2 жекеменшік балабақша болса 2010-2014 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 3013 орындық 27 мектепке дейінгі білім мекемелері ашылды (21 балабақша 2498 бала, 6 шағын орталық 515 бала). Соның ішінде, тек 2014 жылы 1298 орындық 11 (8 балабақша 983 орын, 3 шағын орталық 315 орын) мектепке дейінгі білім мекемелері ашылған. Бүгінгі таңда облыста 29 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелері жұмыс істеп, онда 2914 бала тәрбиеленуде (Тараз қаласында 22 (18 б/б - 2023 бала, 4 ш/о - 325 бала), 2348 бала; Меркі ауданында 2 б/б, 195 бала; Байзақ ауданы 1 б/б, 75 бала; Жамбыл ауданы 1 б/б, 20 бала; Қордай ауданы 2 ш/о, 176 бала, Т.Рысқұлов ауданында 1 б/б, 100 бала ). Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 1000 орындық 6 балабақша ашылады деп жоспарлануда. (Тараз қаласында 2 б/б – 610 орын, Т.Рысқұлов ауданында 3 б/б – 315 орын, Байзақ ауданында 1 б/б – 75 орын).
...