+3 дауыс
527 көрілді
Мемлекет тарапынан қоғамдық қорларға/ұйымдарға бөлінетін гранттардың түрлері мен көлемін айта аласыз ба?

1 жауап

0 дауыс

Қазір мемлекет ағымдағы заң бойынша ҮЕҰ-дың күшімен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды қолдау үшін мемлекеттік тапсырыс жасайды. Бұл ретте мемлекеттік қаражатты ҮЕҰ-дар тек мемлекеттік қызмет үшін жұмсайды. Жеке дамулары үшін бұл қаражатты жұмсауға заң мүмкіндік бермейді. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін 6 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа орташа алғанда бүкіл еліміз бойынша 1000-1200 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады.

Біздің заңдарымыздағы басты мәселе – шетелдегідей гранттарды мемлекет бөлмейді. Мұнымен қатар шетелдік гранттарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен салыстырғанда ҮЕҰ-дар қызметті орындағаны үшін де, сондай-ақ өздерінің дамуы үшін де  жұмсай алады.

Бұл ретте Азаматтық альянс қазіргі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы»  заңға өзгерістерді дайындады. Біз бұл ұсыныстар заңға енгізілсе, ҮЕҰ-ды қаржыландыру және сыйақылар беру үшін бөлінетін қаражатты ҮЕҰ-дар мақсатты тапсырысты да, жеке дамуы үшін де жұмсай алуын қамтамасыз ете алады деп ойлаймыз.

Сондай-ақ, біз ҮЕҰ-дар үшін конкурстардың шарттарын қасқарту және ашық, мемлекеттік органдардан тәуелсіз болуын ұсынамыз. Бұл үшін қор түріндегі ортақ оператор құрылып, оның көмегімен конкурстар ұйымдастырылып, ҮЕҰ-дар арасында мемлекеттік гранттар бөлінуі керек. Ортақ қор арқылы қаржыландыру тәжірибесі шетелдерде  табысты жүзеге асырылуда және бұл біздің үкіметтік емес салада да жұмыс істеуі тиіс.

Нұрлан Ерімбетов

...