+2 дауыс
853 көрілді
Азаматтық қоғамның орнауында үкіметтік емес ұйымдардың басым рөл ойнауы керек қой. Біздегі ұйымдардың осы бағыттағы жұмыстары туралы не айтасыз?

1 жауап

0 дауыс

Бүгінгі күні Қазақстанда 30 мыңдай ұйымнан тұратын үкіметтік емес сектор бар. Тәуелсіздік жылдары ҮЕҰ өмірдің барлық салаларына бас сұқты десе де болады. Біз түрлі құрылымдар жұмысы мен ғарышқа ұшудан бастап лаңкестікке қарсы күреске дейін алуан түрлі мәселелерді шешуге ат салысамыз.

Әрине, азаматтық белсенділік қоғамға ең өзекті мәселелерді шешуде көмектесуі керек. Меніңше, бұл ретте денсаулық сақтау саласы, мүгедектерге, қарттарға көмек, қиын жасөспірімдерді тәрбиелеу бағытындағы мәселелер ең маңыздылары. Қазірдің өзінде елімізде бұл салалар бойынша көптеген кәсіби ірі ассоциациялар мен ҮЕҰ одақтары жұмыс істеп жатыр.

Қоғамда қазір азаматтық қоғам институттары рөлі туралы нақты түсінік қалыптасқан және көптеген мәселені мемлекеттік органдарға қарағанда бізге шешу оңайырақ. Біз қарапайым азаматтардың жағдайын білеміз, күн сайын олармен бетпе-бет жұмыс істейміз, сонымен қатар қоғамдық бақылау институтына аударылатын назар ҮЕҰ-дардың белсенді түрде жұмыс істеуінің арқасында кез келген түйткілді мәселені шешуге көмектесе алады.

Мысал ретінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жариялау бойынша байқау өткізу барысында ҮЕҰ-ға алдын-ала қаражат бөлу мәселесін шешудегі Азаматтық альянстың атқарған ісін келтіре аламын. Осы жылдың мамыр айына дейін ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында алдын-ала қаражат алмайтын, сәйкесінше үкіметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында қарызға бататын.  Алайда, біздің белсенді түрде жүргізілген қоғамдық кампаниямыздың арқасында бұл мәселе өз шешімін тапты.

Нұрлан Ерімбетов

...