0 дауыс
3.3k көрілді
Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі қандай деп ойлайсыз? Әлеуметтік мәселелерді шешу мен қоғамдық бақылауды арттыру сияқты бағыттарда олар мемлекетке және оның азаматтарына қолдау көрсете көрсете ала ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Заманауи Қазақстанда    қоғамдық ұйымдардың қоғамдағы ролі зор, бірақ та олардың әлеуеті толық ашылмаған.  ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйым) игі іс шараларды өткізуге, оның ішінде әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына және мүгедек жандарға (әсіресе, ауылдық жердегі адамдарға) білім беру, оларды дәрігерге қарату сияқты қолдау көрсетумен айналысады.

Бұл мемлекетке деген үлкен көмек, ҮЕҰ бұрын мемлекет айналысатын көптеген жұмыстарды жүзеге асырады. ҮЕҰ-ның негізгі бағыттарының бірі, құқықты қорғау қызметі, тұтынушылардың құқығын қорғау және т.б.

Сондай-ақ, маған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істейтін  белсенді ұйымның бірі «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестік таныс.

Мұрат Әбенов

0 дауыс
Қолдау көрсетуге олардың мүмкіндігі шектеулі. Тіпті жоқ деуге де болады. Бірінші ол мәселелерді өз-өздерін сайлап алған биліктегі адамдар шешу керек емес пе? ҮЕҰ-дарды да кім қандай мақсатпен жүргенін ешкім білмейді.
...