0 дауыс
2.6k көрілді
Сыртқы қарыз жөнінде түсінбеушілік көп.

Біріншіден, әлемнің бәрі бір-бірінен (мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, банктерден т.б.) қарыз алады. Бұл қалыпты жағдай.

Екіншіден, мәселе қарыздың соммасында емес, оны қарыз алушы мемлекеттің төлем қабілетінде. Мысалы, сыртқы қарызы көп елдердің рейтингінің көшбасында дамыған мемлекеттер тұр. Яғни, сыртқы қарыз елдің кедей не бай екендігін көрсетпейді. Көрші қырғыз, өзбектің бізбен салыстырғанда сыртқы қарызы аз, бірақ бұл олардың экономикасы мықты екендігін білдірмейді, сәйкесінше біздің де жапондардан сыртқы қарызымыз аз, десе де экономикамыз олардан қуатты емес.

Үшіншіден, кез-келген қарызды қайтару керек. Мәселе сол қарызға алған ақшаны қалай жұмсағандығына байланысты. Мысалы, Греция. Олимпиада өткіземіз деп 10 млрд $ алды да қайтара алмай әбден қиналды. Дефолт жағдайына аз қалды. Қысқасы, той жасаймын деп алған кредит сынды. Оның қайтарымы жоқ. Ал жапондар қарыз алса оны экономикаға салады да қайтарып алады.

Төртіншіден, Қазақстан сыртқы қарызына қатысты әңгіменің көптігі ел экономикасының мұнай-газ саласына тәуелдігіне тікелей байланысты. Ертең төлей алмау қауіпі жоғары.
Сондықтан, сыртқы қарыз неге алдық деген әңгімеден гөрі ол ақшаны қайда жұмсадық, міне сол маңызды.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...