Жанұя | 234 қаралды
234 қаралды
Әйел. Өмір. Махаббат. Әйел - өмірдің тірегі. Әйел - махаббаттың шырақшысы. Әйел - нәзік жанды. Әйел - қайсар жүректі. Әйелдердің өмірі таусылмас эпопея. Әйел сарқылмас күш. Әйел бейнесі мыңдаған жылдарға сөз бен қылқаламның құдіретіне айналды. Қазақ қоғамы әйелді қадір тұтқан. Қадірлеген. Қадірін арттырған. Әйел жаны - тылсым сиқыр. Оны танып-білген жоқпыз дейді ақындар. Суретшілер әйел сұлулығын суреттеп болмадық дейді. Жазушы әйел образын ашып болмадым дейді. Өйткені әйел мың құбылған галактика әлеміне тең. Әйел - өмірдің бесігі. Жарықтың сәулесі. Біз әйелге көрсетілген күш пен зорлықты жасырып келеміз. Айта алмай, үніміз шықпай қалатын кездер де болды. Әйелге ерсіз, ерсіз әйелге өмір қараң. Әлеуметтік желіде көптеген үрдістер ылдым пайда болады. Жылдам кете қалады. Дегенмен бір үрдіс бар. Ол - әйел жазбасы. Әйел бақыты. Әйел мұңы. Әйел сыры. Мен осы желі арқылы да қазақтың жаны сұлу, өмірі ғажап әйелдермен таныстым. Дос болдым. Әйелдер ғажайып әлем. Әйел мұңайса, кірпігіне тамшы тұнса, ол бақытсыз болғаны. Әйел қайғырса, уайым жесе, оның ерте қартайғаны. Әйел қуанса, шаттанса ол ғашық болғаны. Әйел марқайса, мақтанса, аналық бақытқа кенелгені. Әйелді қорғай білейік. Әйелдің жүрегін азаматтар ісімен, ер мінезімен, шексіз қамқорлығымен, шыдам-төзімімен жауласын. Әйел қаншалық әлсіз көрінсе, соншалық қайсар жан. Әйелдер мұңаймасын. Әйелдер күйзелмесін. Бір тамшы жасын бір уыс күлкіге, бір моншақ шаттыққа айналдыра біліңдер, азаматтар.

3 жауап

Әйелді азамат ретінде, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қарайтын күн қашан келер екен?!
Әйел өмірдің тірегі деген дұрыс емес. Әйел керісінше тірекке мұқтаж.
әйел деген ол ӘЙЕЛ, онсыз өмір сүріп көр
118,122 сұрақ
304,621 жауап
153,303 пікір
66,749 қолданушы