–3 дауыс
4.0k көрілді
Мен кезінде жақсы таныс емес қызға үйлендім. Уақыт өте оның мінезі шатақ екенін білдім. Ұрып сазайын бердім. Менің жақындарыма дауыс көтеріп, қонақ келсе тыржиып қалады. Қанша тәрбиелесем де болмады. Мені достарым мен әпкелерім шулап, жабылып жүріп үйлендірген. Көзім сол кезде байланып қалды. Енді не істеймін?
қанша жыл болды
Белгісіз
4 жыл болды

12 жауап

+3 дауыс
А, ұрып сазайын бердіңіз бе? Тәрбиелеудің аса "нәтижелі" жолын таңдапсыз ғой. Оның да сізден құтылғысы келіп жүрген шығар) Өзіңізді зардап шегуші ретінде көрсетудің қажеті жоқ. Ажырасып кетіңіз. Таяқтың күшімен "тәрбиелемек" болған, өзін тиіттей де жақсы көрмейтін, өз таңдауына жауап бере алмайтын, жақындарының айтқанынан шыға алмайтын күйеуден жұбайыңыз да құтылсын!! (Неге сізді шулап, жабылып жүріп үйлендірді екен, ә? Қызық!)))))
Ұрып қойсам ащы тілінен табады. Әйел өз жөнін білу керек. Ата-енесіне сөз қайтарған үшін сазайын алды. Сізге де сабақ болсын.
Сонда әйелдің жөні не екен? Мүлдем қарсы сөйлемеу, өз пікірін айтпау ма?! Сіз де ащы тілңізбен жауап қайтармадыңыз ба? Міндетті түрде жұдырық жұмсау керек пе еді? Менің сізден ешқандай сабақ алғым келмейді. Бар түсінгенім, өз жасаған қадамына жауап бере алмайтын адамнан аулақ жүру керектігін ұқтым)
Демек, жұдырық тілден жұмсағырақ деңіз... Әйелге сөз қайтару еркекке тән қасиет емес, бірақ жұдырықпен бәрін шешіп тастау нағыз ерлік деңіз... Түсінікті...
Сонда сіз әйеліңдікі дұрыс дегіңіз келіп тұрған сияқты, бәрін бір адамға үйіп төгуге болмайды  екеуінен де бар шығар,  бәрібір ұрып қойған екен, енді ары қарай ондай болдырмау, қосылғасын көніп, сыйласып өмір сүрсін деген едім. Сондай жағдайға дейін ерегесіп ушықтырып жеткізіп отырса  әйелінікі де дұрыс емес, бәрібір әйел ойлау қажет отбасының тыныштығын келін болып түскен екен сол үйдің туысқандарында сыйлау міндеті емес пе, бір кесе қара суын жарқылдап берсе сонда еркек оған қарсы қол көтермейді
Еркектен таяқ жемеу үшін ғана жақсы келін болу керек пе сонда? Жақсы айттыңыз, бәрін бір адамға үйіп төгуге болмайды. Сұрақты оқысаңыз өзін кінәлімін деп тұрған адам емес қой. Шаңырақ шайқалса ер мен әйел бірдей жауапты, екеуі де кінәлі! Әйел неге өмір бойы күйеуінен таяқ жемеу үшін ғана өмір сүру керек? Өз міндетін ысырып қойып, бар кінәні әйеліне жаба салып, сосын оны ұрып тастаған,  енді қалай құтылам деп сұрап отырған еркекті жақтап отырсыз ба?
күйеуі дөрекі болса, әйелі ерегеспе болса солай бола береді.  Біреуі жеңілуі керек, басымнан сөз асырмаймын деген адам мейлі ол әйел болсын мейлі ер адам болсын өмір бойы ырылдасып жүре береді ондайлар көп қой, көріпте жүрміз.
Иә, көріп жүрсеңіз білетін шығарсыз..
+2 дауыс
Ты че сдурела ,ұрғаны несі,жай сөйлессең болмады ма.Құдай сақтасын,қанша дегенмен әйел затығой.
+4 дауыс
Енді ұрып қойған екенсіз,негізі олай енді қайталамаңыз.Әйел заты құлақпен сүйеді.Жылы сөйлеп түсіндіріңіз және іспен көрсетіңіз яғни ата-ана ,туған -туысты қалай сыйлау керек екенін.Үйде егер сен ұрыс шығарсаң ол  қырсыға түседі.Ол жақсы сияқты көрінсе оны не өзгертті екен?Арада бала болса,қиындау екен,ал жоқ болса балалар болса өзгереді.Ол үшін қыздың анасының да көмегі керек болады.Жалпы бірге тұрғың келсе,өмір бойы шыдайсың.Ал шыдамаймын десең,онда көрерсің.Бірақ ажырасу деген оңай емес,Алла ондайды қаламайды.
0 дауыс
«Бауыржан Бегахмедов - 12 Катын» термесiн есiтуге кеңес беремiн...
Біреуінен құтыла алмай жүрсе, 12-сі несі?))))
–3 дауыс
Негізі бәрі әйелге байланысты. Әйел жаман болса, еркек қайдан дұрыс болсын!! Жалпы ұрғанда дұрыс! Бірақ шектен тыс шығып кетпеуі керек! Түсінбейтін әйелдерде болады, оны түсіндіру сіздің қолыңызда. Әйел, ер адамнан төмен болуы керек, қанша ақылды болса да. Үйлену оңай, үй болын қиын дейдіго, сондықтан бұл Алланың берген сынағы шығар бәлкім. Мына кішкентай өмірде, ашуға бой алдырмай, бір бірлеріңізді түсіністікпен қараңыздар!!
Біреуге қол жұмсауға үгіттеп тұрып Алланың атын қалай ауызға алады екен
Тәрбиесіз, ақылсыз, басында түк миы жоқ, сол әйел өзін сондай күйге жеткізіп отса, ер едам неге ұрмасқа. Сіздің аке-шешеңізге қарсы сөйлесе,я болмаса басқада ұятсыз нәрселер істесе, сіз қандай күйде боласыз? Әлде үндемей тұрасызба, оған қанша түсіндіріп айтсаңда, түсінбесе ше?  Мен біреуге қол жұмсауға үгіттеп тұрған жоқпын! Тек шектен тыс шығып кетпе дедім. Шыдамның да шегі болады. Дұрыс түсіне біліңіз.  Мен олардың қандай екенін білмеймін. Бірақ мен өз ойымды, көргенімді айттым, оның дәлелі болғасын айтып отырым. Болмаса айтпайтын да едім! Білмесеңіз любой жерге тіліңізді тыға беремеңіз!!
Сіз де білгеннен қыстырылып отырған жоқ сияқтысыз))) Тіл тигізу мен ұрып тастау бірдей ме? Дәлеліңіз болса айтсаңызшы. Қара күшке салып басқыншылық жасауды қандай дәлел ақтап алар екен? Өмірде жолы болмағанына түк таппағандай әйелін кінәлау, бәрінен ала алмаған өшін әйелінен алу - нағыз ынжық, әлжуаз еркекке тән қылық.
Естерің дұрыс па .қыздар күйеуге не үшің шығады.Күйеуі ұрсын деп пе ,ол да біреудің мәпелеп өсірген қызы.Еш ата ана қызын ұрқызбайды,егер алдын ала білсе қыздар сен сияқтыларға түрмысқа шықпас еді.Әйел затын ұрмаңдар.алдарына келеді сол істегендерін.Кімсіңдер соншама әйелдеріңдң ұратындай.Қыз үрсын деп күйеуге шыға ма
Жанара олар түсінбейді неғыласын.Ертең шыдамай тастап кетсе өзі түсінеді.Мен сондай жағдайды естігенмін.Біз жақта күйеуі ұра берегн соң әйелі шыдамай тастап кеткен,балаларын алып кеткен.Содан ана кісі жалғыз қады,екі жылдай болды жүргеніне әлі жалғыз,тастап кеткен сон түсіндң бәрін.
+2 дауыс
Жаман ер жақсы әйелді күң етеді дегенді ұмытпаңыз.
Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады!
+1 дауыс

пікір қосқан ZhanNara.Хирург осы сияқты қыздарды айтам ғой-жыландар 

артық айтсам кешіріңіздер

Әйел затын сұр жыланға теңейтініңізді, шағып ала ма алдын ала ұрып тастауды "өмір көру" деп атайтыныңызды суретін көрсетпесеңіз де түсіндік)
+1 дауыс
Әйел қисық қабырғадан жаратылған. Оны түзеймін десең сындырып аласың.  Сындыру ол ажырасу деген мағына.  Оны сол қалпында қалдыр.
0 дауыс
Әйелің ұратын Адам өмірде жолы болмаған,соның өшін әйелінен алады. Мұны адамның әлсіздігі деп атайды яғни бақытсыздық.  Джентльмен болып, қолын бір сілтеп кетіп қалатын жігіт қайда?.
0 дауыс
Әйелдің колында бәрі. Еріне бағынып, келін болған шаңырақты биік ұстап, сол елдің заңына бағынып, үлкенге қарсы келмесе оған ешкім ұрып, ұрысып жатпайды. Ал бекерден ұрсатын болса әркім өз жазасын алады. Ең бастысы өзіне жүктелген істі дұрыс атқарса болды. Мен ер болсам,әйелім анама қарсы келетін болса сол күні-ақ қуып жіберемін. 10 бала тапсада. Ер адамдар жайдан жай ұрыс іздемейді, оларға ұрыстың қажеті де жоқ. Дегенмен, отбасында бірі қоңырау болған жағдайда, екіншісі саңырау болса тату отбасы болады деп ойлаймын...
0 дауыс
Тозақтағының бәрі әйелдер. Қатынды ешуақытта ақтамаңдар.
0 дауыс
Келінің жаман болса балаңнан көр, Күйеу балаң жаман болса қызыңнан көр - деген сөз бар
...