Жанұя | 998 қаралды
998 қаралды
Өмір дегенді жалпы қалай түсінесің, жанұяда бірге сеніммен өмір сүру дегеніміз не? Жанұяңды тату тәтті етіп өмір сүру үшін не жасай аламыз?

2 жауап

Сыны дайын. Сынба және жасыма.

Әрбір сәттен елегізіп күтесің,

Кенет келіп бақ қонардай басыңа.

Өмір деген қарап тұрсаң айнакөл,

Арнасы оның кейде тола, кейде шөл.

Жағалауға толқындары асығып,

Өз-өзіне сыймай тасыр кейде ол.

  

Өмір деген, өмір деген бір бұлақ,

Бастау алар биік шыңдардан құлап.

Бөлеп сені мұң мен сырға, бақытқа,

Көз алдыңнан ағып өтер сылдырлап.

 

Өмір деген қысқа сағат тіліндей,

Өте шығар сырғығаны білінбей.

Өлшеулі-ақ сол ғұмырда адамға,

Өмір сүре білу керек сүрінбей.

 

Ей, адамзат, өміріңді бағала,

Алға ұмтыл, өткенді аңсап қарама.

Екінші рет берілмейді сондықтан,

Құр қайраңдап қалма бекер жағада!
бұл өмір жай сынақ сынақтан тайын ба деп баллердин сөздерін ұрлап кеткесін ба!!!шынымен бұл өмір жай сынақ
118,439 сұрақ
305,386 жауап
153,303 пікір
67,823 қолданушы