0 дауыс
Қазақстандық азамат алдымен жерді сатып алып, кейін оны шетелдікке сата ала ма?
17.05.2016 515 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Егер Қазақстан азаматы жерді сатып алып, кейін шетелдікке сатқысы келсе, оған заң бойынша тыйым салынады. Егер ол сондай қадамға барғанның өзінде жасалған келісімшарттың заңды күші болмайды. Заңнамаға сәйкес мұндай мәмілені тіркеуге нотариустардың құқы жоқ, ал әділет ұйымдары мәміледен туындайтын құқықты тіркемейді. («Нотариат туралы» заңның 18 және «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» заңның 25 бабы, ӘМ 31 қаңтар 2012 ж. №31 бұйрығы).
17.05.2016

Ұқсас сұрақтар

127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,021Қолданушы