0 дауыс
545 көрілді
Менің күйеуім ажырасайық дейді. Бізде ипотекада пәтеріміз бар. Бірак ол бөліспеймін балаларға қалдырамын дейді. Сатасын ба өзің біл деп жатыр. Ажырасқаннан кейін мен ол пәтерді сата аламын ба?

2 жауап

0 дауыс
Ипотеканы атыңызға аударасыз. Сосын ақшасын толығымен төлейсізде сата бересіз немесе банктен сұрайсыз сата аламын ба деп.. негізі договорыңызды оқысаңыз барлығы жазылған
0 дауыс

ҚР азаматтық кодексіне сәйкес 223-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi

      1. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.

      2. Ерлi-зайыптылардың некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезiнде сыйға тартылған немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлкi олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.

      Қымбат бағалы және басқа әсемдiк заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншiгi деп танылады.

      Егер некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен сол мүлiктiң құнын едәуiр арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп танылуы мүмкiн.

      3. Ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша жаза өз меншiгiндегi мүлiкке ғана, сондай-ақ бұл мүлiктi бөлiсу кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне тиесiлi болатын ортақ мүлкiндегi өз үлесiне ғана қолданылуы мүмкiн.

      4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқықтарының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарымен белгiленедi.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.08.2021 Заң сұрақ қойды
...