Заң | 895 қаралды
895 қаралды
Баланың ата-анасы ажырасқан жағдайда, және анасының баланы асырауға жағдайы келмесе, тұратын баспанасы, тұрақты жұмысы болмаса, қарайласатын ата-анасы (әйелдің) қайтыс болып кеткен болса, ж/е бала 6жасқа дейін әкесінің қолында тұрып келген (ерлі-зайыптылар заң бойынша ажыраспай, бөлек тұрған) бұл жағдайда баланы сот әкесінде қалдыруы мүмкін бе және 6жасар баланың пікірін ескере ме?

1 жауап

Кәмелетке толмаған 6 жастағы сәби пікірі толық есепке алынбайды, өйткені оның құқықтық әрекет қабілеттілігі жоқ. Оның үстіне оның пікірі 6 жыл бойы әкесінде болғандықтан анасының пайдасына қарай ауып кетуі екіталай.

Сот баланы қамқорлыққа әкесіне беруі әбден мүмкін, өйткені анасында қалдырмауға салмақты аргументтер бар, әрі 6 жыл сәби асырай алған ер адам, тағы да сол уақыт бозбаланы тәрбиелей алатынына ешкім күмәнданбайды.
118,616 сұрақ
306,003 жауап
153,309 пікір
68,405 қолданушы