0 дауыс
321 көрілді
Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп жоқ емес.

1 жауап

0 дауыс
Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметі квота арқылы реттеледі, үкіметтің қаулысы біздің елімізге жұмыс үшін әкелінетін шетелдіктердің ең жоғарғы санын белгілейді.  Квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кете алмайды. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды құрады. Өткен жылы осындай лимит болғанда барлығы 32 мың адамға рұқсат берілді, квоталардың жартысы игерілмеді.

Бұдан басқа, квота отандық нарықта тапшы білікті қызметкерлерді тартуды көздейді. Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

Сондай-ақ, бұл мәселе экономикалық тұрғыдан реттеледі – жұмыс беруші үшін шетелдіктерге табыс салығы резиденттермен салыстырғанда екі есе жоғары (20%). Бизнесмендерге бұл тиімсіз.

Осы норманы орындауды көші-қон органдары рұқсаттар беру кезінде, салық органдары салықтарды дұрыс есептеу кезінде бақылайды. Бұдан басқа, полиция-учаскелік полиция аумақтарды аралап қарайды және заңсыз мигранттарды депортациялайды.
...