0 дауыс
442 көрілді
Өз жерлерімізді өзіміз меңгере алмаймыз ба? Ауыл шаруашылыққа шетелдік инвестицияларды тарту Қазақстанға не үшін қажет?

2 жауап

0 дауыс
Бүгінгі таңдағы жаһандық мәселелердің бірі бүкіл әлемнің халық санының өсуі болып табылады. БҰҰ болжамын ескерсек, 2050 жылға қарай әлем халқы 8,5 млрд. адамды, ал 2050 жылға қарай  9,7 млрд адамды құрауы ықтимал. Осыған орай, 2050 жылға қарай бүкіл әлемдік азық-түлік сұранысын қанағаттандыру үшін бүгінгіден 60% көбірек азық өндіру қажеті туындайды, ал дамушы елдерде бұндай қажеттілік екі есеге артады. Осыған қоса, әлемдік ауыл шаруашылық әлеуеті сарқылуда, бұл өз кезегінде азық дефицитінің анағұрлым өсуіне әкеліп соғады.

Біздің еліміз ауыл шаруашылық азық өндірісінің пайдаланылмаған үлкен әлеуетін қамтуда. Мәселен, Қазақстан          147 млн. га жайылым жерді иелік етеді. 2014 жылы Ресей мен Қытай ғана 4 млрд. АҚШ доллар сомасындағы сиыр етін импорттаған болатын. Аталған қажеттілік әлі де өсуде.

Сонымен қатар, қолданыстағы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, қаржы салынған ауыл шаруашылықтың өтелімділігі кем дегенде 10 жылды құрайды. Ал бұл өндірістен пайда табу және оны одан әрі дамыту үдерісі бұдан ұзақ мерзімді қажет етеді. Мысалы, Францияда шетелдіктерге жалға беру мерзімі 25 жылды, Норвегия, Жапония, Дания мемлекеттерінде 30 жылға дейін, БАӘ-да 99 жылды құрайды.    

Бүгінгі таңда, ауыл шаруашылыққа инвестициялардың жетіспеушілігі ­­- басты тежеуіш фактор болып табылады. Бұл өз кезегінде өндірістердің жоғарғы қаржы шығындарымен, өтелімділіктің ұзақ мерзімімен, ауылдардағы инфрақұрылымдардың жоқтығымен, саланың төменгі техникалық жабдықтығымен байланысты (облыс парктеріндегі 80% ауыл шаруашылық техникалары тозған). 2015 жылдағы ауыл шаруашылыққа инвестицияның ағып келуі 167 млрд. теңгені құрады. Бұл өндіріске құйылғаннан 23 есе аз.    

Сондықтан да, агро өндірісті дамытуға шетелдік компанияларды тарту жаңа агротехнологияларды, ауылшаруашылық техникаларын, тұқымдықтар мен тыңайтқыштарды енгізуге мүмкіндік береді. Біз азық-түлік қауіпсіздігін, импортқа тәуелділікті азайтуды қамтамасыз етуге, сонымен қатар экспорттық әлеуетімізді арттыруға ұмтылуымыз керек.
0 дауыс
Тең бөліссе ешкім аш қалмайды,біреудің несібесін тонаушылар біреуді(халықты) аш қалдырады.Қазақстанның халық санынан байлығы көп,алжыған(құныққан) шал жақындап қалған қабірін ойламай(кет десе де кетпей) халықты тонаудан шектен шықты!
Сауд арабиясының шенеуліктері жемесе де шейх,халықы жұмыс жасамаса да бізден бай,инвесторлар жұмыс жасау үшін келеді.Ал біздің инвесторлар бізге басшы болуы үшін келеді,еңбекті көп істеп айлықты аз алсақ та қазақтар дым істей алмайды дейді,ол негізінде біздің шенеуліктерге айтылған сөз.
Шал өзінен төмен ұйғырға дым істей алмайды қанша бүлігіне көз жұма қарайды,әлімжеттік жасайды біздің сәл қателігімізді(дұрыс болса да бұрысқа шығарып) іліп алып үлкен бүлікшіге теңеп,бір-бірімізбен ұрыстырады,сосын халықты сыртқы күш арандатты дейді.
...