0 дауыс
6.6k көрілді
Менім жасым 15те бойым-185  салмағым - шамамен 56-59 , тәбетім өте жақсы майлы көп жеймін бірақ ешқандай салмақ қоспаймын не семірмеймін арықпын , дене шынықтыруды бастағаныма көп болды әлі сол күйі еш өзгеріс жоқ не істесем болады ? қалай салмақ қосып ет жинасам болады ?

1 жауап

0 дауыс
«Химиясыз» салмақ қосудың жолдары

Бұған дейінгі материалдарымызда ерлер қауымының жіберіп жататын басты қателіктерінің бірі – салмақ қосу үшін тұтынатын химиялық қоспалар туралы айтқан болатынбыз. Біздің онлайн – нұсқаушымыз Сергей мұндай тәсілді мүлдем қолдамайды. Сондықтан да Сергейден ешқандай химиясыз қалай салмақ қосып, бұлшықеттердің көлемін ұлғайтуға болатындығын сұраған едік. Сөз кезегі Сергейде:

Салмақ қосуда химиялық қоспаны не үшін қолданбаған жөн

- Осы тәсілдің не үшін керек екендігін түсінбеймін. Табиғаттың жаратылысына қалайша қарсы тұрасың. Кей кездері жас адам өзін тым арық сезініп, бұлшықеттерінің көлемін ұлғайтуды көздеп жатады. Одан барып мүмкін болған дәрі –дәрмектерді қолдана бастайды. Ол біріне көмектессе, енді біріне кері әсерін тигізіп жатады. Бұл биоқоспаларға, бір сөзбен химияға адам ағзасы үйреніп кетеді. Есте сақтайтын жәйт, бұлшықеттерді үнемі «нәрлендіріп» отыру керек, қазір де, кейін де. Оны қарапайым тамақпен сақтап қалу мүмкін емес. Осыдан кейін Сіз биоқоспаларды тоқтаусыз жеуге міндетті боласыз.

Тамақтану

Бұл процесстің ұзаққа созылатынын ұмытпаңыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сезініңіз.

Ең алдымен, тамақтану тәртібін түзеп алғаныңыз абзал. Біз сөзбен, үйлесімді тамақтанғаныңыз жөн. Ағзаға барлық қажетті ақуыздар, көмірсулар, аминқышқылдары мен дәрумендер түсіп тұру керек. Әрине, тұрақты түрде. Егер Сіз 5-10 келі қосқыңыз келсе, онда салмағыңыздың әрбір бөлшегінекүнделікті 1,5 граммнан ет тұтынасыз. Егер мөлшерден асырсаңыз, асқазаныңыздың созылып кету қаупі бар. Сондықтан да ақуыздардың көп бөлігі сіңірілмей қалып жатады.

Мысалы, күріш, таптырмас көмірсу. Күріштің қатты сұрыптары ұзаққорытылады, алжұмсағы жылдам сіңеді. Сондықтан көмірсуларды қолданатынуақытты анықтап алғаныңыз дұрыс. 2-3 сағатта қорытылатын көмірсулар да жақсы. Оларды түскі тамақ, не ланч алдында жеген жөн. Ал кешкі жаттығуда барлық күш-жігеріңіз сарп етіледі. Салмақ қосуда міндетті түрде жаттығудан кейін тамақтану керек. Түні бойы ағза қалпына келіп, калорияларды бұлшықеттердің өсуіне жұмсайды. Жалпы, айтып өткеніміздей, күніне кем дегенде 5 рет тамақтанған дұрыс.

Қандай азықтар қолданған абзал

Таңертеңгі уақытта міндетті түрде сүт пен ботқа. Сүт –құнарлы тамақ, көптеген адамдардың не себепті сүтті ұната бермейтініне таң қаламын. Барлық спортшылар таңғы оразасын ботқамен ашады, сол себепті басқа адамдарға осы кеңесті берсем, артық болмас. Жармалар – бұл ішектерді тазалап, ауыртамақтарды қабылдауға ағзаны дайындайды. Түсте сорпа ішсеңіз болады. Етті тамақты түскі аста жегеніңіз дұрыс. Бұған дейін айтып өткеніміздей, бір келіге 1,5 граммнан. Салмақ қосу кезінде еттің мөлшерін 2-2,5 граммға көбейтуге болады. Әрине, көкөністерді де. Араға бір сағат салып ағзаға тез сіңімді жеміс-жидектер жеуге әбден болады. Жаттығу алдында 2-1,5 сағат бұрын аз мөлшерде тамақтанып алыңыз. Ағзаңыз қабылдап жүрген, бала кезіңізден тұтынып келе жатқан тамағыңызды жеуге міндеттісіз.Көмірсулар күш-қуат жинауға, ал ақуыздар бұлшықеттердің түзілуін қамтамасыз етеді. Жаттығудан кейін жеңіл тамақтанған дұрыс, себебі түнде дұрыс ұйықтай алмай, ағзаңыз түнімен тамақ қорытумен арпалысады. Тамақтануда қатаң тәртіп жоқ. Бастысы уақытында, әрі үйлестірілген тәртіппен тамақтансаңыз болғаны.

Жаттығу тәртібі.

Салмақ қосуда, әрине, арнайы жаттығулар керек. Ауыр салмақта болғаныңызбен, интенсивті жаттығуларды жасағаныңыз абзал. Мысалы, 100 келі салмақта 6 реттен жасаңыз. Интенсивті жаттығуды көбірек жасасаңыз, салмақ қосу үдерісі де баяу дамиды. Көпшілігі аз салмақта жүріп 20 реттен ауырлық салып жатады, бұл – қате. Жаттығудың жаппай жүйесі керек.

Басты ереже – безек салмау. Көпшілік адамдар екі, үш ай дайындалып, тастап кетіп жатады. Себебі процесс баяу жүргендіктен. Нәтиже бар, бірақ ол кешірек байқалады. Егер Сіз 25 жыл бойы спортпен айналыспаған болсаңыз, онда мақсат еткен нәтижеңізге жету үшін 2-3 жылыңызды сарп етуге тура келеді. Салмақты сапалы қосқысы келгендер, ұзаққа созылатын сынға дайын болу керек.

Мысалы, мен 16 жасымда ап-арық болдым. Салмағым 70 келі еді. Өзімнің спорттық бітіміме қарамастан мен тәртіпке бағынып, бірте-бірте салмақ қосып, 2 жылда 85 келіге жеттім. Күнделікті тәртіпті сақтап, жаттығуды уақытымен жасадым. Ең бастысы – алған бетіңнен қайтпай, жаттығуларды дұрыс атқаруды қатаң бақылауда ұстаң болғаны. Аптасына 3-4 рет жаттыққан жеткілікті. Бірақ жаттығуыңыз сапалы, кем дегенде екі сағатқа созылуы тиіс.

Салмақ қосудағы тағы бір «фишка»

Салмақ қосудағы тағы бір фишка – ол ағзаны стресстік күйге түсіру. Айтайын дегеніміз, күнделікті жұмыртқа, ет жеуді әдетке айналдырыңыз. Ал көмірсулардың мөлшерін азайту керек. Ағзада көмірсулар тапшылығы пайда болып, одан кейін су, майлар жиналып, салмақ қосуға жақсы мүмкіндік туады.

Одан кейін артық 5 келіні тастайтын «құрғау» кезеңі басталады. «Құрғау» кезінде күнделікті бір жаттығудан қосып отырған абзал. Барлығы да жақсы болады. Жүгіре жүріп құрғауға болады. Кардио жүктемелер, олар: степ аэробика, баттл, боди комбаттың пайдасы зор. Мен мұндай жаттығулар кезінде, бір сағат бұрын 1,5 литрдей су ішіп алатынмын. Кез-келген жаттығуда бірнеше майкаңның болғаны дұрыс. Біреуі суланғанда, екіншісін ауыстырасың. Бұл жаттығудың қарқынды жүруіне септігін тигізеді.

Суды аз мөлшерде ішуді ұмытпаңыз. Жаттығу кезінде ағза әлсіреп, процесстер тежеледі. Су 70%-ға дейін қалпына келуі тиіс. Бір литр суды бірден ішкен дұрыс емес. Аз-аз жұтыммен үзіліс уақыттарында ішіңіз.

Салмақ қосуда жоғарыда айтылғандарды орындасаңыздар болғаны, қымбатты ер азаматтар. Сіздерге сәттіліктер, әрі болашақта сымбатты бицепстердің иегерлері болуларыңызды тілеймін. Тек химиясыз! Барлығы да өз қолдарыңызда!

Ұқсас сұрақтар

...