0 дауыс
Ерте заманда қазақ атамыз жуас балаларын тәрбиелеу үшін ат баққызса, ал керісінше энергиясы тасыған, бұзық балаларына қой баққызған деседі. Сіз осыған сенесіз бе, ойыңызды жазсаңыз?
25.04.2016 861 қаралым
сенуге болады         .

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Естімеппін! Бірақ сөзіңіздің жаны бар. Ат мініп өскен бала - өжет болатыны анық! Өйткені, жылқы малы жуас мінезділік танытқанның ырқына көне қоймайды. Ал қой бағу шыдамдылықты талап етеді, өйткені қой жырықтық бір орнында тұрмайтын жануар, сондықтан оның артынан қалмай оны кешке дейін бағып шығу адамның түгелдей энергиясын алып қояды да, басқа нарсеге зауқың да соқпайды. "Мынау қой кезегінен келген ба" деп қатты ұйқыда жатқан адамға айтылатыны да содан.
25.04.2016
үздік деді
+2 дауыс
Дұрыс деп айтсам ренжітіп аламын ау!  Өте-өте орынды, дұрыс, керемет  айтылған дана сөз мынау!!!  Бастан өткен, ауылда бала кезімізде  жылқы да міндік, қойдың соңында да болып көргенбіз.
26.04.2016
Біздің жақта мал баққан рахат , жап жасыл табиғаты керемет Алатаудың бөктеріндегі жазда салқын жайлауда.
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
72,998Қолданушы