+3 дауыс
1.2k көрілді
Студент болып жүрген кездерімде, осы тақырыпта дебат болған еді. Сол кезде залда отырған студенттер екіге бөлінді. Яғни мемлекетімізде барлығы тек қазақ тілінде сөйлесін, және орыс тілі мен ағылшын тілі болмасын деген пікірлер айтылды. Тек сол уақытта ғана тіліміз жойылып кетпейді делінді. Ал екінші жағы ол дұрыс емес деген пікірлер айтты. Сіздің ойыңыз қалай? Және нақты фактілермен көрсетіп өтсеңіз.

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұрын КСРО кезеңiнде орыстандыру саясаты жүргенi бәрiмiзге аян. Ол кезде орысша бiлмесең саясатқа араласу, мемлекетте қызмет атқару қиын болған заман. Жиналыс, конференциялар түсiнсең де , түсiнбесең де орыс тiлiнде жүргiзiлетiн. Сөйтiп бiраз уақыт тiлiмiзден, салт-дәстүрiмiзден адасып қалған жайымыз бар. Қазiр тәуелсiздiк алдық десекте, бiр бiрiмен орыс тiлiнде сөйлесiп, орысша ойланып, бiрақ қазақ тiлiне өтiрiк жанашыр бола қалатындар да  көп. Егер мемлекет тек қазақ тiлiнде сөйлеп, қазақ тiлiнде жазу керек деп заң қабылдаса, және мемлекеттiк қызметке қазақ тiлiнен сынақ тапсырып қабылдаса бәрi автоматты түрде қазақ тiлiн үйренуге құлшыныспен жұмыстанар едi. Мекемелерге барғанда орысша сөйлеп қарсы алатындығы да қазақ тiлiнiң мәртебесiнiң төмен деңгейде екенiне дәлел. Сондықтан аталған заңды жүзеге асыру керек деп ойлаймын, яғни жүйенi тек қазақ тiлiне ауыстыру керек. Елбасы бiр сөзiнде "мен тек қазақ тiлiнде сөйлесем, орыстар түсiнбейдi ғой" деген едi. Бiрақ Кеңестi Одақ кезiнде қазақтар түсiнбей қалады деп ешкiмнiң жаны ашыған емес. Бұрын орыстандыру саясаты жүрген болса ендi қазақтандыру саясатын жүргiзетiн уақыт келдi. Бiрақ 20 жылға кешiктiк. Осылай тiлiмiздi, қазақшылығымызды сақтап қала аламыз. Бiр ғажабы Жаңаөзендiк орыстардың бәрi қазақша бiледi, олар бiздiң достарымыз.
Дұрыс айтасыз!!!
Өте керемет жауап. Ойыңызды толық түсіндім!!
+2 дауыс
Әрине тек қана қазақ тілде сөйлеу қажет мен солай ойлаймын!
не себепті??
+3 дауыс
Мемлекетіміздің аты Қазақстан, ұлтымыз қазақ, ата-бабамыз қазақ және осы елдегі халықтың көбі қазақ болғаннан кейін бәріміз қазақша сөйлеуіміз керек.
Барлығымыз тек қазақ тілінде сөйлесіп, әлемдік деңгейдегі елдерден экономика болсын, барлық жағынан артта қалып қаламыз деп ойламайсыз ба?
Әлемдiк қатынаста, әлемдi экономикада, халықаралық келiсiмшарттарда, әлемдiк спортта, әлемдiк мәдениетте тiлдiң ешқандай әсерi болмайды. Өзге тiлдi үйрену тек аудармашылық саласын таңдағандар үшiн ғана маңызды болу керек.
Белгісіз
+4 дауыс
Мен екi қолымды көтерiп келiсемiн!
Яғни орыс пен ағылшын тілі қажет емес деп ойлайсыз ғой???
+3 дауыс
меніңше  Ел билігі ауыспай бұл мәселе шешімін таппайды, себебі Мәсімовтын м м ммммммен қазақша үүүүйреніп жүрмін дегені, және басқада билік басындағылардың барлығы қазақ тілінде сөйлеуге құлықсыздығы!!! сондықтан ел билігі ауысса жаңа толқын, жаңа бір буын өкілдері билік басына келсе сонда ғана бұл мәселенің күрмеуі шешіледі, екі тіл бірдей қолданылады деген бапты алып тастау керек,
айта берсең шешілмеген мәселе көп біздің билік қазақ үшін емес қазақстан үшін жұмыс жасап жатыр. сондықтан қазақтын тілі емес, қазақстандағы тілді қорғайды біздік билік!!!
+2 дауыс
Қазақ тілінде сөйлегеніне келісемін мемлекетіміздің,солай дұрыс деп ойлаймын
+4 дауыс
Егер елімізде ресми тіл ретінде орыс тілін алып тасап, тек қазақ тілін ғана қолдану туралы заң қабылданса құба-құп болар еді! Осы туралы да біраз дай-дамай туған болатын! Қарапайым халық қанша жерден айқайлағанымен билік, заң шығару орнының қолындағы нәрсе мұның барлығы. Алайда, халық та сол үшін бір үлесін қоса білуі керек, қазақ тілінде сөйлеу керек. Қазір, қағаз жүйесін, ресми іс-қағаздарын қазақ тіліне көшірді дегеніміз болмаса, көшіп жатқаны шамалы, қатынас тілі әлі де болса орысша. Сондықтан, студенттер, болсын орта жастағылар болсын, ақсақалдар болсын, аудиторияда қандай адамдар жиалса да, қазақ тілінің толық деңгейде өз елімізде Қазақстанда қолданылуын қалайсыз ба дегенде барлығы , ең болмағанда 90 пайыздың үстінде дауыс жинайтындай деңгейге жетуіміз керек. Бұл жерде шет тілдерін оқыма деп жатқан ешкім жоқ қой. Орыс тілді сыныптарды жабу керек, орыс тілін ағылшын тлі секілді ғана әлемдік тілге кіріспе ретінде оқыту керек. Шет тілдерін ағылшынды да, орыс тілін де керек болса қытай тілін, яки тағы бір тілдер қажет болған жағдайда әрбір азамат өзі-ақ үйреніп ала алады. Орыс тілін ресми тіл ретінде алып тастап, қазақшға көшу деген әлемдік экономикадан, әлемдік дамудан артта қалу деген сөз емес, бұл жерде тереңнен ойлау қажет! Керісінше, өз тілімізді сақтап қалмасақ, жаһандануға жұтылып кететін түріміз бар!
0 дауыс
Әрине Қазақстан атына заты сай біріңғай қазақ тіліндегі мемлекет болуы керек деп ойлаймын. Шынымен де тілдің мәртебесін көтеру қай салада болмасын басшыға байланысты, қол астындағы жұмысшыларымен тек қазақша сөйлесіп басқа ұлттарға да қазақ тілін үйренуді талап етсе. Тәуелсіздік алғанымызға бақандай 20 жыл болғанымен өз елімізде өз жерімізде тұрып біреуге жалтақтағанды қашан қоямыз, бір іс шаралар өткізсе де екі тілде өткізеді, осы былықтың бәрін қойып біржола қазақ тіліне көшу керек. Соның бәрін қолға алатын  біз өзіміз, басқалар түсінбей қалмасын деп мойнымызға мінгізе бергенді қояйық.Түсінбесе солай мәңгүрттеніп жүре берсін, өзгенің қас қабағына қарасақ біз ата-бабаларымыздың тектілігінен мүлдем айырыламыз, келешек ұрпағымыз да дүбара болып шығады.Сондықтан да қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтуіміз керек. Айналамдағы адамдардың қазақша сөйлегені мен үшін бақыт!
+1 дауыс
заңды қатал ұстау керек. біз тек ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ сөйлеуіміз керек тек ҚАЗАҚША
...